тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы» тақырыбының
8.1.3.3 және 8.1.3.4 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Үйде орындау үшін тапсырмалардың саны 4-тен артық емес болу керек. 8.1.3.2 оқу мақсаты бойынша үй тапсырмасына практикалық мазмұндағы
есепті қосуды ұсынамыз.
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, sin2 + cos2 = 1 формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану;
Оқушылар қажет формуланы өз бетімен қорытып шығаруы үшін, оларға
жұпта «Қадамдық нұсқаулықты» қолданып дәлелдеуді орындауды ұсыныңыз.
Ж Бағдарламалық материалды табысты меңгерген оқушылар үшін қысқартылған (толық емес) нұсқаулықты ұсынуға болады.
Берілген тепе-теңдіктегі бөлінділерді синус α ға және косинус α –ға
ауыстырыңыз.
8.1.3.22 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару
және қолдану;
Есептерді шешу дағдыларын дамыту үшін «Tarsia» бағдарламасының моделін құрыңыз. Оқушылар жұпта немесе шағын топтарда үлестірменің бір бөлігіндегі өрнектерді түрлендірулерді орындап, үлестірменің басқа бөлігіндегі өрнектермен сәйкестендіреді.
8.1.3.23
α және (90 − α)бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану
Оқушыларды үш адамнан тұратын топтарға біріктіріңіз. Әр түрлі тікбұрышты үшбұрыштардың сүйір бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенс мәндерін табуды ұсыныңыз. Содан соң табылған мәндерді салыстырсын. Оқушылар осы алынған байқаулары негізінде қорытынды жасайды, оларды формула түрінде жазады және сыныптағы басқа оқушыларға көрсетеді.
Дағдыларын дамыту кезеңінде сәйкестікке берілген тапсырманы ұсынуға болады. Оқушыларға α және (90-α) бұрыштары синустарының,
косинустарының, тангенстерінің және котангенстерінің тең мәндерін меңзер (бағыттаушы сызық) көмегімен байланыстыруды ұсыныңыз.