Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
3.1.2.4 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету,
қорытынды жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Эксперимент нәтижесі бойынша диаграмма құрады
және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибені далада немесе кең жерде жасап көп.
Қажетті заттар
:
доп, ұзындық өлшеуіш (рулетка), белгі қоюға арналған заттар (тас, кегли
т.б), секундомер.
Тәжірибе барысы
Допты лақтыратын орынды белгілеп ал. Допты бар күшіңмен жерге параллель бағытта
лақтыр. Досыңнан (сыныптасыңнан) доптың жерге неше уақытта түскенін жазып отыруды
өтін. Доп түскен жерді белгіле және арақашықтығын өлше.
Енді допты одан жоғарырақ
және әуелетіп лақтырып көр. Доптың түскен жерін белгіле және арақашықтығын өлше.
•
Тәжірибенің нәтижесін кестеге түсір және диаграмма құр. Не байқадың? Қорытынды
жаса.
•
Не байқадың? Қандай жағдайда доп алысқа түседі? Қорытынды жаса.
Допты лақтыру
тәсілі
Уақыты
Ара
қашықтығы
Жерге
параллель
лақтыру
Жоғарырақ лақтыру
Әуелетіп лақтыру
Дескриптор
Білім алушы
-
тәжірибе негізінде диаграмма құрады;
-
тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
69