Назарбаев Зияткерлік мектептерінің



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата13.05.2022
өлшемі0,64 Mb.
#34292
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
мәтін 

 

 

Мен  оныншы  сыныпты  бітірген  жылы  «Қыз  Жібек»  фильміне  басты  рөлдерді 



ойнаудан  үміткер  қыздарға  байқау  жарияланды.  Бағымды  сынап  көргім  келіп, 

киностудияға  бардым.  Галина  Күзембаева  апай  қарсы  алып,  фотосынаққа  түсуге 

жіберді.  Кімнің  сәйкес  келетінін  сол  суреттерге  қарап  таңдайды  екен.  Киностудия 

алдынан  бірінен  бірі  өткен  керемет  сұлу  қыздарды  көргенде,  «мынадай  нағыз  арулар 

тұрғанда,  мен  неменеге  келдім?»  деп  ойланып  қалдым.  Егер  «қойшы,  бұлар  емес, 

бәрібір мен өтемін!» деп мұрнымды шүйіргенде, іріктеуден өтер ме едім, өтпес пе едім, 

кім  біледі...  Жібектің  бейнесін  сомдау  үшін  алдымен  талант  керек.  Сол  жағынан  әлгі 

қыздардан басымдау түскен болуым керек, ақыры режиссер Сұлтан Қожықов бастаған 

комиссия  мені  ақтық  сынға  қатысатын  10  қыздың  қатарына  енгізді.  Сосын  бәрімізді 

Төлеген  рөлінен  үміткер  актерлермен  жұптастырып,  сценарийдегі  оқиғалардан 

үзінділер  ойнатты.  Мені  бірден  Құманмен  жұптастырды.  Бір  жылдай  дайындық 

жұмыстары  жүргізілді.  Атқа  отыруды,  басқа  да  машықтарды  үйренуіме  тура  келді. 

Ақыры барлығымыздың өнерімізді сараптап шыққан көркемдік кеңес мүшелері бізді – 

Құман екеумізді таңдады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет