1. Қаржылық бақылаудың түсінігі, мақсаты, міндеттері, қағидалары
Қаржылық бақылау дегеніміз тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызметі.
Бақылау функциясы – қаржының әшкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясының практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстылығын тексеру.
қаржы операцияларын, есеп – қисаптарын жасау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау ережелерін орындауын (сақтауын) тексеру.
өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еңбек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдылығын тездетудің, материал жінеақша қаражатарын неңұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу.
қаржы тәртіптерін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамасыз етеді
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Үйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынаспен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.