Название презентации


Физиологиялық иілімдердің қалыптасуы кезеңдері



бет4/4
Дата13.04.2022
өлшемі63,18 Mb.
#30935
1   2   3   4

Физиологиялық иілімдердің қалыптасуы кезеңдері

Тұлға сүйектері: көкірек қуысының сүйектері

Түлға сүйектеріне   қ а б ы р ғ а және төс  сүйектері жатады. Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын қүрайды.

1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады.

Қол сүйектері

Қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне   тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектеріне білезік, алақан және саусақ сүйектері жатады.

Аяқ сүйектері

Аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және  аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен құралады.

Жамбас белдеуі бір бірімен бітісіп кеткен екі оң және сол жамбас сүйектері мен сегізкөз сүйегінен тұрады. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері: сан (ортан жілік), балтыр (үлкен және кіші балтыр жіліктері), аяқ басының сүйектері. Аяқ басы сүйектері  тілерсек, табан және бақай сүйектері тұрады.

Бұлшықет жүйесінің құрылысы мен қызметі

- Ересек адам ағзасының қалыптасқан бұлшықет

жүйесі пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы әр түрлі

600 шамасындағы бұлшық еттен құралып,

дене салмағының - 40%, ал жаңа туған нәрестенің

дене салмағының шамамен 20 % құрайды.

- Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Олар ұзын, қысқа, шеңберлі, жалпақ, ромб, квадрат, трапеция т.б. тәрізді болып келеді.

Материалды өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  • Табан қандай қызмет атқарады? Баланың жалпақ табандылығы қандай функция бойынша анықталады?
  • Жалпақ табандылық кезіндегі ұзақ салмақ түсірушілік (нагрузка) қандай жағдайға ұшыратады? Жалпақ табандылықтың естірту белгілерін ата.
  • Сүйек жүйесінің жас ерекшеліктері қандай? Жас ұлғайған сайын бірлескен қозғалғыштықтың төмендеуінің себебі неде?
  • Бір жасқа дейінгі, 1-3 жас, 3-7 жас, 7-12 жас, 12-15 жас аралығындағы балаларда моториканың даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
  • Бас сүйегінің еңбегі (родничок) дегеніміз не? Олар бас сүйегінің қай сүйектерінің түйіскен жерінде орналасқан? Алдыңғы, артқы және бүйірлік еңбегі қандай уақытта өседі?
  • Балада омыртқа жотасының қандай иілімдері пайда болады және олар қай жаста пайда болады? Омыртқа иілімдері адам ағзасы үшін маңызы қандай?
  • Қандай бұзылуы себептері, дене сымбатын.Сколиоз дегеніміз не? Сколиоздың түрлері, олардың пайда болу себептері және алдын-алу. Қалыптың бұзылуын алдын-алудың гигиеналық шаралары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • Дүйсенбин К., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: оқулық .- Алматы, 2003
  • Югова Е.А. Возрастная физиология и психофизиология: учебник для студентов. Учреждений высш. Проф. Образования/ Е.А.Югова, Т.Ф. Турова.-2-е изд., стер.-М.: Издательский центр «Академия», 2012. -336 с.
  • Каташева А.Ч. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы: Оқу құралы/А.Ч. Каташева-Алматы: Альманах,2016.-89 б.
  • Сарсекеева Г.Ж. Возрастная физиология человека: учебно-методическое пособие/Г.Ж. Сарсекеева; АТУ.-Алматы:Нур-Принт,2016
  • Лысова Н.Ф. Возрастная анатомия и физиология: уч. пособие для вузов/Н.Ф.Лысова, Р.И.Айзман.-М.:Инфра –М,2016.-352 с.
  • Резник Л.В. Возрастная физиология и школьная гигиена. Электронное пособие - Павлодар: ПГПИ, 2012.
  • Обухова Л.Ф. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова – М.: Издательство Юрайт, 2016-460 с._ серия Бакалавр. Базовый курс

Назарларыңызға рақмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет