Үндестік заңы туралы ұғым Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі


Прогрессивті  ассимилияция



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата07.01.2022
өлшемі275,99 Kb.
#18742
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ппппп

Прогрессивті  ассимилияция  заңы  бойынша  алдыңғы  морфеманың  соңғы 

дауыссыз  дыбысы  кейінгі  морфеманың  басқы  дауыссыз  дыбысына  акустикалық 

жақтан  ықпал  етіп  игеріп  тұрады.  Бұл,  әсіресе  сөз  бен  қосымшаның  аралығында 

жақсы  сақталады,  яғни  қосымшаның  басқы  дыбысы  түбірдің  соңғы  дыбысына  толық 

тәуелді болып тұрады. 



1)  Үнді  дауыссыздар  сөзді  аяқтап  тұра  алады  және  бұлар  дауыстылар      секілді 

өзінен кейінгі морфеманың тек ұяң, үндіден басталуын талап етеді: мал-дың, ай-дың, тау-



лар.  Қатаң  дауыссыздардан  ерме  с  және  ш  ғана  бұл  заңға  көнбейді.  Өзгеғлік  етістіктің 

қатаң т  жұрнағы  да  соңы  л,  н,  р,  й  үнділеріне  аяқталған  туынды етістіктерге жалғана 

алады: жөнел-т, қызар-т, түрлен-т. Ал бунақтағы кейінгі т сөздің бас\қы дыбысы қ,  к 

қатаңдарынан  басталатын  болса,  өзінен  бұрынғы  сөздің  соңындағы  үнділердің 

прогрессивті  ықпалына  ұшырап, ұяңданып  кетеді. Бұл  заңға  бірер  кірме, қосымшаның 

басында кездесетін к, қ  қатаңдары  бағынбайды,олар: -қор, - қой, -кент. 

2) Қазақ  тілінде  ұяң  дауыссыздардан  тек  ж,  здыбыстары  ғана  сөз  соңында  келеді. 

Оның  өзінде  ж  дыбысына  аяқталатын  сөздер  санаулы-ақ.Бұл      ұяңдарға      біткен 

сөздерге  дауыссыздардан  басталатын  қосымшалар  ұяң  және  үнді  дыбыстардан 

басталады.Бунақта  сөз  соңындағы  ұяңдардың  прогрессивтік  ықпалынан  кейінгі  сөздің 

басқы  қ  және  к  қатаңдары  ғана  ұяңданады.  Қатаңдардан  тек  с,  ш  дыбыстарынан 

басталатын ерме қосымшалар  ғана қосыла алады. 

3)  Қатаң  дауыссыздардың  бәрі  де  сөзді  аяқтап  тұра  алады.  Сөз  соңындағы 

қатаңдар  өзіне  кейінгі  морфемалардың  тек  қатаң  дауыссыздардан  басталабасталуын 

талап етеді. Түбір мен қосымша  арпасында  қатаңның  прогрессивті  ықпалынан  п.б. бір-

ақ  алмасу  кездеседі: Соңы  қатаң  ш-ға  аяқталған  сөздерге  с    дыбысынан басталатын 

қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға алмасады. Бұл екі  дыбыс  дауыстың қатысы  жағынан 

бірдей.  Бунақта  қатар  келген  ш,  с  дыбыстары  алмасуға ұшырамайды. 

Ал  бунақта  кейбір  қатаңдардың  ұяңдарға      азды-көпті      прогрессивті      ықпалы 

болады. 



14 

 

а)  Бунақтағы  сөздердің  алдыңғысы  қатаңдарға  аяқталып,  келесі  сөз  ұяң  б,  ғ,  г 



дыбыстарынан басталса, онда олар қатаңданып айтылады: ешқалам—еш ғалым, көппала—

көп  бала. 

ә)  Бунақ  ішінде  тж  қатар  келсе,  ж  қатаңданып  ш-ға  жуықтап  айтылады:  Сәтшан— 



Сәтжан, етшенді--  етженді, итшанды—ит жанды. 

б)  сондай-ақ  сд,  тд,  шд  қатар      келгенде,  дқатаңданып,  т-ға  жуықтайды:  тастәуір— 



тас  дәуір, атторба—ат арба, үштөс—үш  дос. 

в) қатаң  дауыссыздарға  аяқталған  сөздерден  соң  да  көмекшіт  етістігі  келгенде  д 

қатаңданады: көкте—көк  де, тарақте—тарақ де, кітапте—кітап де. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет