к, п. Түбір соңындағы қатаң қ, к, п дауыстыдан басталатын қосымша жалғағанда
ұяңданып ғ, г, б дауыссыздарымен алмасады. Олар түбір мен қосымша аралығында.
Бір қарағанда бұлжымастай көрінетін осы заңнан ауытқу да ұшырайды:
а) Еліктеуіштер бұл заңға илікпейді: жарқ етті, жарқыл, күңк етті.
ә) Екінші буынындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда. Үрік: үрк-ек, үрк-
е, үрк-іп, үрк-у.
б) Сын есім тудыратын -ы жұрнағы жалғанғанда: қазақы қалмақы, тозақы.
в) Фамилияға -ов, -ев қосылғанда: Беков, Кеңесбаев.т.б.
г) Тәуелдік жалғауы жалғанғанда екі сөздің соңындағы п сақталады: тарапы,
сапында.
Дауыстылардың регрессивті ықпалынан ұяңдайтын және бір қатаң дауыссыз бар,
оның өзінде бір-ақ сөзде кездеседі: ренжі—рені-ші. Негізгі түбір етістіктердің соңы
қатаң п дыбысына бітсе, оған көсемшенің -ып, іп жұрнағы жалғанған кезде ол
үнді у дыбысына айналады. Тілімізде бып, біп, пып, піп тіркесімдері морфемалар
жігінде де ұшырайды: қабы-п, қарбы-п, ілбі-п. Көсемше формалы негізгі етістікке
жібер көмекші етістігі тіркескенде қатаң п-ның ұяндануы занды: жазыб-жібер— жазып-
жібер, айтыбжібер—айтып жібер.
Қарапайым сөйлеу тілінде бұдан басқаша айту кездеседі:
а) Әлгіндей бунақта қатаң п және көмекші етістің құрамындағы қысаң і дыбысы
мүлдем түсіп қалады: айтыжбер—айтып жібер, санажбер—санап жібер.
ә) негізгі етістік ұяң з-ға аяқталса, көсемшенің жұрнағы мүлдем түсіп қалады да, з
регрессивті ықпалға ұшырап ж-ға айналады: жажжбер—жазып жібер, бұжжбер—
бұзып жібер.
б) етістік с, сы-ға аяқталса с шы-ға жуықтайды: кешіжберші—кесіп жіберші,
тошұжберші—тосып жіберші.
Тіпті соңғы буындағы дауыссыздың кейінгі сөздің басындағы дауыссызбен
гүндесуіне де қысаңдар кедергі келтірмейді: қожжаурұн—қозы жаурын, еққыз—екі
қыз. Ал екі сөздің қатаң к, қ-дан басталатын сөздермен үндесуі өз алдына: еккүн—
екі күн, екқатар—екі қатар.
Ассимиляция
Ассимиляция-- морфемалардың жігіне көрші келген дауыссыздардың акустика-
артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тріл табысуы. Бұлар
13
да бірін-бірі дауыстының қатысы және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қарауға болады:
1. Прогрессивті ассимилияция
2. Регрессивті ассимилияция
3. Тоғыспалы ассимилияция
Достарыңызбен бөлісу: |