Құндылық бағдарды зерттеуде бірнеше компоненттерді анықтауға болады. Мақсатты (жетістікке жетуді жоспарлау), мотивациялық, эмоционалды-жігерлі, рефлексивті-бағалау
Ш. Щварц бойынша құндылықтар типі:
Билік – байлық, әлеуметтік статус, адамдар мен ресурстарға бақылау және басшылық жасау;
Жетістік - әлеуметтік стандарттарға сәйкес, қабілет арқылы жеткен жеке жетістік;
Гедонизм – өзіндік рахаттану және сезімнен рахат алу:
Тәуекел - өмір. Күшті сезімдер мен жаңа ақпараттармен бөлісу;
Өзіндік - өзіндік зерттеудегі, шешім қабылдаудағы тәуелсіздік;
Әмбебаптылық - барлық адамды және табиғатты қорғау, жоғары бағалау, түсіну. Толеранттылық;
Жақсылық тілеу – өзі көп араласатын адамдарды қорғау және көмектесу;
Салт-дәстүр – әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге деген құрмет.
Комформдылық – қарапайымдылық, көпшілік алдындағы бейнесін сақтау;
Қауіпсіздік – тұрақтылық, қауіпсіздік қоғам, отбасы, адамдармен үйлесімділік.
Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде
Қызығушылық дегеніміз - адамның белгілі бір нәрсеге деген белсенді, таңдаулы қатынасы.
1. «Қызығушылық» ұғымы субъективті қатынасты білдіреді, нақты жағдайларда адамның өмірі мен іс-әрекетіне әсер етеді.