Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде
Жеке құндылықтар - бұл адамдардың жақсы өмірге және оңтайлы мінез-құлыққа деген сенімдері. Ол адамның мақсаттары мен сол мақсатқа жетуге жетелейтін жолдары арқылы көрінеді.
Абрахам Маслоу тұжырымдамасы бойынша: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар – саналы әрі даналы ой иесі, адамның мәнділігі өзін тұлғалық өсуге, шығармашылық жетілуге бағыттау - бұл оның тұлғалық құндылығы бола алады.
Жеке тұлғалық құндылықтар жеке мотивация көзі болып табылады, олар функционалдық қажеттіліктерге тең. Құндылықтар бір жағынан өмірлік маңызды биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, ал екінші жағынан олар әлеуметтік өзара әрекеттесуге негізделген және адамдардың мінез-құлқын реттейтін функцияны орындайды. Құндылықтар басқа адамдарға таралады және бірнеше ұрпақ бойы сақталуы мүмкін.
Құндылықтарды зерттеу арқылы олар адамның жасы, жынысы және қоғамдастықтың мәдениетіне байланысты екенін көрсетті. Мысалы, адам жас кезінде ең алдымен тәуелсіздік пен бостандықты басты құндылық деп есептесе, ал қарттық шақта – игілік пен өмірлік жайлылықты құндылық қатарында жоғары бағаға ие. Ерлердің құндылықтары жетістікке ұмтылады, ал әйелдер көбінесе махаббат пен отбасының құндылықтарына бағытталған. Әр түрлі мәдениеттегі құндылықтардың айырмашылықтары да өзгеше болатыны белгілі.