Ндірістерді автоматтандыру


ТП АБЖ басқару деңгейінің саны мен сипатына қарай 1, 2 және 3-класс деңгейлеріне бөлінеді



бет4/23
Дата30.05.2022
өлшемі0,99 Mb.
#35934
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1.5 ТП АБЖ басқару деңгейінің саны мен сипатына қарай 1, 2 және 3-класс деңгейлеріне бөлінеді:
- ТП АБЖ 1-класына («төменгі» деңгейлі ТП АБЖ) басқару объектісінің күйі жайында тікелей датчиктер мен түрлендіргіштерден ақпарат алатын және өндірістің қондырғылары мен агрегаттарын тікелей басқаратын ТП АБЖ жатады. «Төменгі» деңгейлі ТП АБЖ құрамында басқа ТП АБЖ болмайды.
- ТП АБЖ 2-класына («жоғарғы» деңгейлі ТП АБЖ) жеке агрегаттарда (қондырғылар) ТП АБЖ 1-класымен жабдықталмаған жергілікті басқару жүйелері (мысалы, контоллер негізінде немесе қосымша аспаптар негізінде бірконтурлы басқару жүйесі) бар қондырғылар тобын, технологиялық сызықтарды, бөлімшені басқаратын ТП АБЖ жатады.
- 3-класқа (көпдеңгейлі ТП АБЖ) өзінің құрамында ТП АБЖ 1, 2-кластарын біріктіретін және жеке технологиялық қондырғыларды немесе олардың жиынтығын (цех, өндіріс) келісіп басқаруды жүзеге асыратын ТП АБЖ жатады.
1.6 ТП АБЖ функциялары
Автоматтандыру функцияларын үш топқа бөлуге болады:
-ақпараттық;
-басқарушы;
-қызметтік.

1.6.1 Ақпараттық функциялар:


- Өлшеу
а) Тура өлшеу: қабылдау, бастапқы өңдеу. Бастапқы өңдеуге сигналды тұрақтандыру, сызықтау, ауқымдау, дискреттеу, фильтрлеу, анықтау бақылауы кіреді. Сигналды тұрақтандыру – бастапқы сигналды бірыңғай түрге келтіру (негізгі қатарлар: 0-5мА; 0-20мА; 4-20мА; 0-10мВ; 0-10 В).
Бастапқы өңдеудің процедуралары аппаратты немесе бағдарламалы түрде орындалуы мүмкін.
б) Жанама өлшеу: тура өлшеуге келмейтін ТБО параметрлерінің есебі мен белгілі үлгі бойынша ( мысалы, деңгейдің өзгерісі бойынша резервуардағы сұйықтықтың азаюын есептеу) басқа параметрлер өлшемімен есептеу.
- Кедергілер мен қорғаныстардың жұмыс істеу сараптамасы.
- Технологиялық қондырғылардың жағдайының диагностикасы.
- Болжам: алдағы кездегі параметрлердің есебі. Қарапайым жағдайда бұл сызықтық экстраполяция.
- Мәліметтер деректерін жазу. Ақпаратты архивтеу және сақтау.
- Деректерді көзбен шолып байқау (экранда, жарықдиодты мнемосызбада ақпараттың бейнеленуі және т.б.).
- Көршілес және жрғары тұрған жүйелермен ақпарат алмасу және т.б.

1.6.2 Басқарушы функциялар.


- Технологиялармен белгіленген, берілген аралықтағы айнымалыларды тұрақтандыру.
- Берілген технологиялық бағдарлама бойынша параметрлер мәні мен режимдердің өзгерісі.
- Берілген алгоритм бойынша технологиялық жағдайларға байланысты басқарушы әсерлерді болдыру және жүзеге асыру.
- Технологиялық агрегаттар арасындағы материалдық ағымдар мен жүктемені тарату.
- Агрегаттардың іске қосылуы мен кідірісін басқару.

1.6.3 Жүйелік (қызметтік) функциялар.


- Бағдарламаны диспетчеризациялай (орындалудың жүйелілігі мен реті).
- Ішкі жүйелік компоненттер (ЖЕСҚ, дербес магнитті дисктегі жинақтауыштар) мен сыртқы құрылғылар (пернетақта, принтерлер, т.б.). арсындағы айырбайстау ұйымы.
- Жүйелік компоненттерді сынақтау.
- Келеңсіздіктер мен тоқтап қалудан қорғаныс.
- Апаттық және апат алды жағдайларындағы (операциялық жүйе тоқтап қалған кезде автоматты түрде қайта іске қосу немесе келеңсіздіктер мен тоқтау кезінде жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру) жүйенің жұмысына бағытталған процедуралар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет