Аудитория, зертханалық кабинет: 322
Офис-сағаттар (оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша) -сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
Қызылорда, 2022
Силлабус Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде қаралды
Хаттама № __ «__»___________ 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі м.а. Алмауытова Ә.Б.
Силлабус бағыты бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді
Хаттама № __ «__»___________ 2022 ж.
Академиялық кеңестің төрағасы Майгелдиева Ж.М.
Пәннің мақсаты: Әдеби сынның табиғаты мен әдістері, қызметі (функциясы) принциптері, түрлері, жанрлары туралы оқытып үйрету және қазақ әдебиеті сыны мен ғылымның тарихының кезеңдерін білу, қазіргі кезеңдегі сыни эстетикалық деңгейлерін білім алушыларға таныту пәнінің негізгі мақсаты болып табылады.
Пәннің міндеттері: Қазақ әдебиеті сынының тарихы мен қалыптасу процестерін, өзіне тән шығармашылық, жекелеген мәселелерін қарастыру. Осымен байланысты қазақ әдебиетінің сыны мен ғылымының тарихи кезеңдерін білу және қазіргі кезеңдегі сынның эстетикалық деңгейлерін студенттерге таныту.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы): - Қазақ әдеби сынының тарихына арналған пән материалдарын педагогикалық-психологиялық кәсіптік құзыреттілік бойынша меңгеру арқылы магистранттар әлем өркениеті және қазақ рухани құндылықтары сабақтастығын гуманизм ұстанымы тұрғысында меңгерген деңгейде қалыптасады.
- көркем мәтінде талдап-таразылау әдеби-сыни дискурс тұрғысынан, яғни мәтіннің авторымен, оқырманмен, нақты өмірмен арасындағы байланысының түрлері мен деңгейлерін ескере отырып жүргізіледі.Осы білімді игерумен қоса оны түсіну, зерттеу арқылы ғалымдар көзқарастарын салыстыра отырып, өз пікірлерін тұжырымдау дағдыларын қалыптастырады.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: - Қазақ әдеби сынының тарихының жаңа қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымы заңдылықтарына сәйкес меңгерілуі негізгі бағдар болып саналады.
- Қазақ әдеби сынының тарихына арналған пән материалдарын педагогикалық-психологиялық кәсіптік құзыреттілік бойынша меңгеру арқылы студенттер әлем өркениеті және қазақ рухани құндылықтары сабақтастығын гуманизм ұстанымы тұрғысында меңгерген деңгейде қалыптасады.
- Студенттер Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа сыны тарихындағы әдеби үдеріс туындыларының әлем өркениетіндегі шығармашылық даму қозғалысымен сабақтастығын, пәннің іргелі ғылыми-зерттеу ізденістеріне негіз болатын поэтикалық сипатын БІЛУІ КЕРЕК.