Не психология кафедрасы



бет3/5
Дата02.12.2023
өлшемі45,35 Kb.
#131720
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Білім беру – тәрбиенің және оқытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оқып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XІX ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қазіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері Өшан-теңіз, адам қаншама Өзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.
1.3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика Өзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында, педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды. Қазіргі заманғы ғылыми білім дифференциацияға, оқытудың бӨліну аймағындағы тенденцияға енеді. Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән- жалпы педагогика. Ол ірі тӨрт бӨлімнен тӨрады: педагогиканың жалпы негіздері; оқыту теориясы (дидактика); тәрбие теориясы; білім беру жүйесін басқару. Соңғы жылдары бұл бӨлімдердің ауқымды кеңеюіне байланысты жеке ғылыми пәндер бӨлініп шықты.
Білім және тәрбие алушылардың жас ерекшелігін ескеруге байланысты – жас ерекшелік педагогикасы қалыптасты. Оның құрамына: бүлдіршіндер, мектепке дейінгі, мектеп, жоғары мектеп педагогикасы жатады. Бүлдіршіндер педагогикасы үш жасқа дейінгі балалардың тәрбие мәселелерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке адам ретінде қалыптасу, даму, тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттейді. Мектеп педагогикасы – мектеп оқушыларының білімі және тәрбиесі мәселесімен айналысады. Бұл кезең Өте күрделі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының ерекшелігі жоғары білім алуға байланысты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын қарастырады. Сондай-ақ, ересектер педагогикасы немесе ангдрогогика бар. Андрогогика - қарт адамдармен жұмыс істеу туралы ілім.
Педагогикалық пәндер қатарына: әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, салыстырмалы педагогика, пенитенциарлық педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы және т.б. жатады.
Әлеуметтік педагогика Өмір сүру ортасындағы тіршілік ететін тәрбиені оқытады, бәрінен бұрын, кӨмекке зәру және тәуекелге бел буған адамдарға: маскүнемдер балаларына, наркомандарға, қылмескерлерге, жалпы анти әлеуметтік ортадағы Өсіп келе жатқан топтарды тәрбиелеу, оқытумен айналысады. Сонымен қатар арнайы - дефектологиялық педагогика белгілі бір кемістігі бар адамдар тәрбиесімен айналысатын саласы бар. Зағиптардың- кӨздері кӨрмейтін адамдармен-тифлопедагогика, есту кемістігі бар адамдармен-сурдопедагогика, ойлау қабілеті тӨмен адамдармен- олигофренопедагогика және тіл кемістігі бар адамдармен-логопедия айналысады. Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білім беруді талдаумен айналысады. Пенитенциарлық педагогика бас бостандықтары шектеулі адамдардың тәрбиесі сӨрақтарына жауап береді. Этнопедагогика- халықтық педагогиканы зерттейтін ғылыми пән. Педагогика тарихы- педагогикалық ойлардың қалыптасып, дамуын қарастырады. Педагогика ғылымының ішкі жүйесі, қоғам мен ғылымдардың дамуын зерттейтін жаңа бӨлімдерінің дамуы қазіргі күнде осындай сипатта.
Педагогикаға бәрінен жақыны психология. Екеуінің арасында бірнеше байланыс жіптері бар. Ең бастысы – осы ғылымдардың пәндері. Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға білім беру мақсатты бағытталған (ойлау, іс-әрекет) психикалардың Өзгеруі ретінде болмақ. Ол психологиялық білімдерді меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Екінші байланыс жібі екі ғылым – оқытудың критерилері мен кӨрсеткіштері және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар білімінің жылдамдық деңгейі жадыларының Өзгеруімен, білім қорларымен, практикалық мақсатта білімдерін оңтайлы қолдана білу арқылы тіркелінеді.
Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму заңдары туралы білімді бере отырып, педагогиканың әдіснамалық іргесін құрады. Әлеуметтану педагогикаға әлеуметтік ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтік қатынастар туралы ілім береді.
Педагогика бұдан да басқа ғылымдармен байланысты. Педагогикалық ілім пәнаралық сипатқа ие немесе адам педагогикамен қатар, адамның іліміне әсер ететін, аралас ғылымдардың әдістері, теориялары, ақпараттарымен пайдаланып, көптеген ғылымдарды оқиды. Бірақта педагогика мамандар білуге тиіс, өзінің пәні, жүйелік теориясы, ұғымдары бар жеке дара ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет