Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет113/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   121
Көктемгі вирус ауруы – балықтың көзінің бадырайып, ішінің кебуімен, 
терісінің зақымдануымен сипатталатын, жіті өршитін жұқпалы ауру. 
Қоздырушысы – РНК-лы вирус. 


199 
Індеттік ерекшеліктері: бұл аурумен тұқы балық, ақ амур, қара балық 
ауырады. Ауру көктемде байқалады. Өлім көрсеткіші 50%-ға жетеді. 
Негізгі клиникалық белгілері: балықтардың судың таяз жеріне шоғыр-
лануы, көздерінің бадырайып, іштерінің кебуі, жүзу қанаттарында жолақ-
танған қанталаулар байқалуы, терісінің қарайып, желбезектерінің бозаруы.
Патология-анатомиялық өзгерістер бұл ауруға тән, құрсақ қуысында қан 
аралас сұйықтар жиналады, бауыр, көкбауыр ұлғайып, ісінеді, ішекте 
қанталаулар байқалады.
Ауру анықталған жағдайда карантин қойылып, ветеринариялық-
санитариялық шаралар қатаң орындалады. 
Сепсистік псевдомоноз балықтың көздерінің бадырайып, теріде 
ошақты қанталаулардың пайда болуымен, іштің кебуімен ерекшеленетін 
жұқпалы ауру.
Ауру қоздырушысы – Pseudomonas capsulate, Pseudomonas cyprinisep-
ticum микробтары. Грамм теріс монотрих түріндегі таяқша тәріздес бакте-
риялар.
Бұл аурумен тұқы балық, табан, қара балық ауырады. Ауру көбінесе қыс 
айларында, көктемде, күзде, яғни су суыған кезде байқалады. Ауру өте жіті 
өтеді, денесінің әр жерінен қанталаулар байқалады, бей берекет жүзеді, 
сезімдері нашарлайды.
Патология-анатомиялық өзгерістер балықтың көктемгі вирус ауруында-
ғыдай. 
Қызыл балықтың фурункулезі – септицемиямен, бұлшық етте абсцес-
тердің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушысы – 
Aeromonas salmonicida Грамм теріс, ұшы жұмыр келген таяқша тәріздес 
бактерия, спора, капсула түзбейді, жартылай анаэробты. 
Ауруға балықтың барлық түрлері шалдығады. Әсіресе, қызыл балықтар 
уылдырық шашу кезінде жиі ауырады.
Негізгі клиникалық белгілері: теріде, желбезекте, жүзу қанаттарында 
жолақты қанталаулар пайда болып, артынан ойық жараларға (38-сурет) 
айналады. Фурункулдар жарылып, орны бозарып, ойылымдар пайда болады. 
Ауырып жазылған балықтарда қоздырушы бактерия ұзақ уақыт сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет