Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет61/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   121
2-ойынның  шарты. Үржар ауданына қарасты ет комбинатында күнiне 
500 қой немесе 100-ден артық сиыр малы сойылады. Малдың етi, басқа да 
өнiмдерi (терiсi, iшек, мүйiз, т.б.) арнайы суытқыштары бар қоймаларда 
сақталып, қаладағы мал өнiмдерiн өңдеу мекемелерiне жiберiледi. 
I н д е т т i к ж а ғ д а й. Көршiлес Мақаншы ауылдық округiне қарасты 
елдi мекеннен союға әкелiнiп, ет комбинаты территориясына қамалған 300 
қой арасынан сояр алдындағы клиникалық зерттеу барысында 2 iсек қойдың 
өлексесi анықталды. Өлекседегi белгiлер: табиғи тесiктерден қан ағуы 
байқалған. Ет комбинатының мал дәрiгерi өлекселердiң жатқан жағынан, 
құлақтарынан алынған кесiндiлерден жағынды жасап, арнайы бояулармен 
бояп микроскоппен қарағанда тiзбектелiп орналасқан Грамм оң таяқшалар 
анықталған. Терiнi преципитациялау әдiсi де топалаңға оң нәтиже көрсеткен.
Алдын ала қойылған балау – топалаң. Iндет ошағында бұл малдардан 
басқа 4 тонна тоңазытқышта сақталған ұшалар басқа да мал өнiмдерi бар. 
Атап айтқанда, 300 қойдың терiсi, 150 сиыр терiсi, 150 кг қойдың iшегi 
арнайы қоймаларда сақталған.
Т а п с ы р м а: 
1. Топалаңның нақтылы балауын қою үшін жүргізілетін зерттеулердің 
схемасын құру.
2. Індет ошағынан арылу үшін жүргізілетін ұйымдастыру-шаруашылық, 
ветсанитариялық және арнайы шаралардың жоспарын құру.
10-зертханалық сабақ. Құтырықты балау, дауалау және одан арылу 
шаралары 
К е р е к т i қ ұ р а л д а р. Патологиялық кесiндiлер, өлген малдың 
миынан дайындалған Бабеш-Негри денешiгi бар жағынды (препарат), 
малдың жарылмаған миы, жағынды алуға арналған төсенiш шынылар, ақ 
тышқандар (жастары), пiсек, ұсақ инелер, диапозитивтер, плакаттар, 
вакциналар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары.
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден лекцияда берiлген материалдар бойынша сұрау 
арқылы құтырықты балау әдiстерiне талдау жасалынады. Студенттер 
патологиялық материалдан жағындылар дайындап, микроскоп арқылы 
Бабеш-Негри денешiктерiн көредi. ИФР, ДПР методикаларын меңгерiп, 
лабораториялық жануарға биологиялық сынама қоюды үйренедi. Құтырықты 
дауалау және одан арылу шараларын жоспарлайды.
Ветеринариялық практикада құтырықты балауға iндеттанулық, 
клиникалық, патология-анатомиялық, лабораториялық әдiстер кешендi түрде 


101 
қолданылады. Бұлардың iшiнде лабораториялық зерттеу аурудың нақтылы 
балауын растауда негiзгi әдiс ретiнде саналады. 
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Шаруашылыққа, елдi мекенге талдау 
жасағанда анықталатын деректер: 
1. Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты. 
2. Аймақтағы тiршiлiк жасайтын ет қоректiлердiң түрлерi, (әсiресе 
қасқыр, түлкi, қарсақ) олардың аз, көптiгi. 
3. Жануарлардың бiр-бiрiне немесе адамдарға қарсы бөгде әрекет 
жасаған кездерiнiң болған, болмағаны. 
4. Аймақтағы ит пен мысықтардың саны, олардың қандай жағдайда 
ұсталатыны және құтырыққа қарсы вакцинамен егiлетiндiктерi. 
5. Аймақта қоқыс төгетiн, өлексенi үтелдейтiн жерлердiң бар, жоқтығы.
Құтырықты клиникалық белгiлерi арқылы балағанда, қазiргi кезде 
малдың, әсiресе сиырдың бұл аурудың классикалық (тыныш және елiрген) 
түрiмен ғана емес, атипикалық (ауруға тән емес) түрде де ауыратыны 
ескерiлуi керек. Атипикалық түрде ауырған сиыр малының аяқ астынан iшi 
кеуiп, дене мүшелерiнiң толық немесе жартылай салдануы байқалады. 
Құтырықта патология-анатомиялық өзгерiстер айқын байқалмайды. 
Күйiс қайыратын малдың жалбыршақ қарнында кеуiп, кептелiп қалған 
азықты көруге болады. Ет қоректiлердiң асқазанында әртүрлi қоректiк азық, 
азық емес бөгде заттар кездеседi. Көп жағдайда малдың аш iшегiнiң 
қабынып, қанталағаны байқалады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у. Лабораторияда малдың миынан 
ИФР, ДПР арқылы құтырық вирусының антигенi, одан жасалынған жағын-
дылардан микроскоп арқылы Бабеш-Негри денешiктерi анықталып, 
биологиялық сынама қойылады. 
М а т е р и а л а л у. Тiрi малдан сiлекей, көзiнiң қарашығынан жағынды 
алынады. Алынған материал иммунды-флуоресценттi реакциясымен зертте-
ледi. 
Мал өлгенде лабораториялық зерттеуге ұсақ малдың толық өлексесi, iрi 
малдың басы немесе миы (бөлiнбеген күйiнде) алынады. Қажет болған 
жағдайда малдың миы 50%-ды глицеринмен консервацияланады. Малдың 
өлексесi немесе басы целофан қапқа, миы арнаулы стерилденген шыны 
сауытқа салынады. Сауыттың аузы тығындалып, тығынның айналасы паро-
финмен дәнекерленедi. Алынған патологиялық материал су өтпейтiн 
қағазбен оралып, жолдама құжатпен бiрге жуық арада лабораторияға 
зерттеуге жiберiледi.
Құтырық вирусының адамға жұғатыны ескерiлiп, лабораториялық 
зерттеуге материал алғанда, санитариялық ережелер қатаң түрде орындалуы 
шарт. Ветеринария дәрiгерi материал алмас бұрын, үстiне халат пен 
алшалғыш, қолына қолғап, басына қалпақ, аяғына резеңке етiк киiп, көзiне 
көзiлдiрiк, 
бетiне 
дәкеден 
маска 
тағады. 
Жеткiлiктi 
мөлшерде 
дезинфекциялық ерiтiндi, 70%-ды спирт, йод тұнбасы дайын болуы қажет. 


102 
Жiберiлген материал лабораторияда бiрiншi кезекте зерттелiп, нәтижесi 
шаруашылықтың, ауылдық округтың, ауданның ветеринария дәрiгерлерiне 
хабарланады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у д i ң р е т т i л i г i. Малдың миы 
стерильденген жағдайда жарылып, оның бөлiктерiнен: Аммонов мүйiзiнен, 
мишықтан, ми қыртыстарынан, сопақша мидан (әрқайсысынан) екiден, 
барлығы 8 жағынды алынады. Төртеуiнен телiмдi Бабеш-Негри денешiктерi, 
қалғандарынан ИФР-дiң тура қойылымы арқылы құтырық вирусының 
антигенi анықталады. Жағындылар жарық және люминисценттi микрос-
коптар арқылы зерттеледi. Ми ағзасынан алынған патологиялық материал 
ДПР-мен зерттелiп, лабораториялық жануарларға биосынама қойылады.
Т е л i м д i (с п е ц и ф и к а л ы қ) д е н е ш i к т е р д i а н ы қ т а у. 
Алынған жағындылар Селлерсу, Муромцев, т.б. әдiстермен боялып, жарық 
микроскоп арқылы қаралады. Селлерсу тәсiлiмен боялғанда протоплазмада 
телiмдi Бабеш-Негри денешiктерi сопақша келген, бұрыштары айқын, күлгiн 
қызыл түстi денешiктер түрiнде, ал Муромцев әдiсiмен боялғанда ашық сия 
түстес торшаларда – қою көк түстi денешiктер ретiнде көрiнедi. Бабеш-Негри 
денешiктерiнiң анықталуымен құтырыққа түбегейлi балау қоюға болады. 
Бiрақ кейбiр жағдайда сау жануарлардың (әсiресе мысық пен тышқанның), 
сонымен бiрге жыланның уымен уланған немесе электр тоғынан өлген иттiң 
миынан Бабеш-Негри денешiктерiне ұқсас денешiктердi кездестiруге болады. 
Мұндай жағдайда, денешiктердi иммунды флуоресценттi әдiстi қолдану 
арқылы ажыратады.
Құтырыққа шалдыққан жануарлардың 60-85%-да ғана Бабеш-Негри 
денешiктерiнiң анықталуына байланысты, бұл iндетке тән болжамдар болып 
жағындылардан телiмдi денешiктер анықталмаған жағдайда патологиялық 
материал ИФР, ДПР, биологиялық сынама арқылы зерттелiнедi. 
И Ф Р. Бұл реакция құтырықты балауға қолданылатын негiзгi және 
экспресс әдiс болып саналады. Реакцияның қойылу реттiлiгi төмендегiдей.
Мидың әр бөлiгiнен алынып, суытылған ацетонмен (8-100 С) бекiтiлген 
жағындыларға құтырық вирусына қарсы алынып флуоресценцияланған 
(арнайы бояумен боялған) иммундыглобулиндi қосады. Иммунды кешеннiң 
(антиген-антидене) түзiлгенiн люминесценттi микроскоп арқылы қарап 
анықтайды. Реакцияның дұрыстығын бақылау мақсатында патологиялық 
материалдан дайындалған жағындымен қатар, сау тышқанның тұтас миынан 
дайындалған жағынды да осы жолмен зерттеледi. 
Егер де патологиялық материалдан дайындалған жағындыдан 
жарқыраған, ашық жасыл түстi әртүрлi формадағы нүктелер көрiнсе, 
реакцияның нәтижесi құтырыққа оң деп бағаланады. Бақылау мақсатымен 
дайындалған жағындыда жұлдыз тәрiздi жарқыраған нүктелер болмауы тиiс. 
Д П Р. Бұл әдiспен көше құтырығының вирусынан өлген иттiң консер-
вацияланбаған миы немесе биологиялық сынамада қолданылған жас ақ 
тышқандардың ми ағзасы зерттеледi. Реакция мөлтек түрде, үстiне 1-1,5%-ды 


103 
агар гелi құйылған төсенiш шыныда қойылады. Алдын ала агар гелiнiң бетiне 
реакцияның компоненттерiн құюға арнап, ойықтар жасалынады. Нәтижелi оң 
реакия алу үшiн ойықтарды мынандай түрде орналастыру қажет: А – 
Аммонов мүйiзi; Б – ми қыртысы; С – мишық; Д – сопақша ми; “+” – оң 
бақылау; “-” – терiс бақылау; 1,2,3,4-тиiмдi иммунды глобулиндердiң әртүрлi 
(1:2, 1:4, 1:8, 1:16) сұйытындылары (16-сурет). 
16-сурет. ДПР-ның құтырықты балауға қойылу схемасы. 
Малдың әр бөлiгiнен алынып дайындалған ұнтақтарды пинцет арқылы 
агар гелiндегi ойықтарға суретте көрсетiлген тәртiппен орналастырып, 
үстiлерiне арнайы иммунды глобулиннiң әртүрлi сұйытындылары қосылады. 
Реакцияның нәтижесi 6,24,48 сағат өткенде есепке алынады. Егер, ми 
ұнтақтары мен иммундыглобулин сұйытындылары орналасқан ойықтар 
аралығында преципитация сызығы түзiлсе – реакциясының оң нәтиже 
көрсеткенi, яғни зерттелген патологиялық материалда құтырық антигенiнiң 
болғаны. Реакцияның оң және терiс бақылауларында өздерiне сәйкес оң және 
терiс нәтижелер алынуы тиiс. 
Патологиялық материалдан телімді Бабеш-Негри денешiктерi анық-
талмай, ИФР мен ДПР терiс нәтиже көрсеткен жағдайда, биологиялық 
сынама қойылады. 
Б и о л о г и я л ы қ с ы н а м а. Биологиялық сынама 6-10 (саны) ақ 
тышқанның бауырындағы балаларына қойылғаны тиiмдi, себебi олар 
құтырық вирусының барлық түрлерiне сезiмтал. Мидың әр бөлiгiнен 
дайындалған 10%-ды езiндi сынамаға алынған ақ тышқандардың 
жартысының (50%) миына, қалғандарының танауының терi астына енгiзiледi. 
Дозасы: миға 0,015-0,03, ал терi астына 0,1-0,2 см
3
(тышқанның салмағына 
байланысты). Сынамаға алынған тышқандар 30 күнге дейiн бақылауға 
алынады. 48 сағат аралығында өлгендерi есепке алынбайды. Патологиялық 
материалда құтырық вирусы болса, сынамадағы тышқандар 6-шы, 10-шы, 20-

А 
В 
С 









Д 















104 
шы күндерi ауруға тән клиникалық белгiлер берiп, өле бастайды. Өлген-
дерiнiң миы, жоғарыда аталған әдiстермен зерттелiнедi.
Сынамаға алынған ақ тышқандардың миынан Бабеш-Негри денешiктерi 
немесе құтырық вирусының антигенi анықталса – биологиялық сынаманың 
нәтижесi оң деп бағаланады. 
С е р о л о г и я л ы қ з е р т т е у. Ғылыми еңбектерде құтырықты 
балауға бiрнеше серологиялық реакциялар (ДПР, ПГАР, СР, ИФА) әр түрлi 
антигендермен қойылып, лабораториялық практикаға қосымша әдiс ретiнде 
ұсынылып жүр. Серологиялық реакциялар арқылы вакцинамен егiлген 
жануарлардың қан сарысуындағы вакциналық антиденелердi де анықтауға 
болады.
Д а у а л а у ж ә н е а р ы л у ш а р а л а р ы н ж о с п а р л а у. Осы 
мақсаттармен жүргiзiлетiн шаралар мал дәрiгерлiк заң кiтаптарында көрсе-
тiлген нұсқауға, вакцинаны қолдануға арналған түсiнiктемеге және iндет-
танулық талдауға негiзделiп жоспарланады. Жоспар құрғанда қамтылатын 
негiзгi мәселелер: 
1.Аймақтағы дала аңдарының әсiресе түлкi тектестердiң санының 
қалыпты мөлшерден аспауын қадағалап, реттеу. Халықаралық iндеттанулық 
бюроның шешiмi бойынша (1976) құтырықтан ада емес аймақтарда әрбiр 10 
км
2
жерде 1-2 түлкiден аспауы тиiс.
2. Аймақтағы ит пен мысықтардың саны есепке алынып, иесiздерiне 
қарсы арнайы шаралар қолдану. 
3. Қазiргi кезде құтырықтың шығу қаупi бар елдi-мекендердi иммунды 
аймаққа айналдыру мақсатымен ондағы барлық жануарлар арнайы вакци-
налармен егiледi. Әсiресе аймақтағы барлық итттер мiндеттi түрде 
иммунделуi шарт.
Бұрынғы кеңес одағын құраған, қазiргi тәуелсiз республикаларда ит пен 
мысықты имундеуге қойдың миынан алынып инактивацияланған (белсен-
дiлiгi жойылған) фенол вакцина қолданылады. 
Практикада жануарлардың басқа түрлерi құтырықты дауалау және одан 
арылу мақсатымен адьювантпен деполанған тiрi вирус вакцинамен егiледi. 
Вакцина дайындап шығару әдістемесін бұрынғы Алматы зоотехникалық мал 
дәрiгерлiгi институтының мамандары ұсынған. Егiлген жануарлардың 
денесiнде құтырыққа қарсы иммунитет бiр жылға дейiн сақталынады. 
Вакцинаның кемшiлiгi: бiрiншiден тiрi, екiншiден құрамында қажетсiз 
(баласты) белоктардың көптiгiнен имундылығы төмен. Соңғы жылдары 
этанолмен инактивтелген құрғақ ВГНКИ вакцинасы және культуралы (ВНК–
21) инактивтелiнген пропиолактон вакцинасы практикада кең түрде сыналды. 
Москваның вирустық препараттарды зерттеу ғылыми институтында қойдың 
миынан дайындалып, пропиолактонмен инактивтелiнген вакцина шығарыл-
ды. Препарат ми ағзасының жарамсыз белоктарынан 80-90% тазартылған 
және де нейроаллергендiгi жоқ.


105 
Қазiргi кезде Қазақстанда құтырық ауруына қарсы ет қоректiлер моно-
валенттi “Nobivak” вакцинасымен егiлiп жүр. 
Табиғаттағы аңдарды құтырыққа қарсы иммундеу қажеттiлiгi туын-
далған жағдайда, вакциналарды еттiң немесе iшкi ағзалардың кесiндiлерiне 
енгiзiп, аңдардың iнiне, жолдарына тастау арқылы дауалау шаралары iске 
асырылады. 
Құтырыққа қарсы жүргiзiлетiн жалпы және арнайы шаралар ауданның 
осы аурудан iндеттiк ахуалына байланысты жоспарланады. Аймақта iндеттiң 
ақырғы рет орын алған мерзiмi 2 жылдан аспаса, онда бұл өңiр құтырықтан 
таза деп саналады. 
11-зертханалық сабақ. Аусылды балау әдістері 
 
К е р е к т i ж а б д ы қ т а р. Көрнектi құралдар (слайдылар, плакаттар), 
материал алуға арналған ыдыстар, ветеринариялық термос, поливаленттi 
вакциналар. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы ауруды балау әдiстерiне талдау 
жасалынып, аусылдың басқа аурулардан айырмашылықтарына мән берiледi. 
Студенттер патологиялық материал алу, оны лабораториялық зерттеуге 
жiберу тәртiбiмен танысады. 
Инфекцияның өте тез тарайтын болғандықтан, одан арылу мақсатымен 
жүргiзiлетiн күрестiң нәтижелiгi, бұл iндеттi дер уақытында балап, шұғыл 
тиiстi шара қолдануға байланысты. Практикалық жағдайда аусылды 
клиникалық белгiлер арқылы балау көп қиындық тудырмайды. Әйтсе де, 
қайсыбiр жағдайда аусылдың басқа жұқпалы аурулармен қабаттаса өршуiне 
байланысты оның клиникалық белгiлерi айқын бiлiнбейдi. Сондықтан аусыл-
дан ада мал шаруашылықтарында зерттеу кешендi түрде (iндеттанулық, 
клиникалық, лабораториялық балау) жүргiзiлуi қажет.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Аусылға iндеттанулық зерттеу 
жүргiзгенде оның қоздырушы вирусы: жол немесе әуе көлiгiмен 
тасымалданған азық-түлiк, сырт өңiрден қатынасқан адамдар (егер сол 
мекендер аусылдан ада болмаса), жыл құстары, жабайы жануарлар, аңдар 
және аусылға төзiмдi үй жануарлары мен құстары (жылқы, ит, мысық, тауық, 
үйрек, қаз) арқылы таралатыны ескерiледi. 
Қоздырушы сыртқы ортаға аурудың клиникалық белгілерінің көрінуіне 
3-4 күн қалғаннан бастап ауа, сілекей, нәжіс, зәр, сүт және спермалары 
арқылы тарайды. Аурудан сауыққан және вакцина егілген малдардың 
жұтқыншағы мен мұрын қуысының қосылған жерінде вирус 9 айдан 
(қойларда) 2,5 жылға (ірі қара малдарда) дейін сақталады. Аурудың жасырын 
кезеңі 2 тәуліктен 14 тәулікке дейін созылады. 
К л и н и к а л ы қ б а л а у. Аусылға тән клиникалық белгiлер жұп тұяқ-
тылардың iшiнде, әсiресе с и ы р д а айқын байқалады. Аурудың бастапқы 


106 
кезеңiнде малдың дене қызуы қалыпты мөлшерден тыс көтерiлiп (вирустың 
қан арқылы бүкiл денеге таралуына байланысты), азыққа тәбетi төмендейдi.
Аурудың келесi кезеңiнде үлкендi-кiшiлi күлдiреуiктер ауыз қуысында, 
тұяқтың көбесiнде, желiнде, үрпiде пайда болады. Күлдiреуiктердiң пайда 
болуымен малдың температурасы түседi. Соңынан күлдiреуiктер мөлдiр 
сұйыққа толып, жарылып, олардың орны жараға айналады. Ауыз iшiндегi 
жарақаттардың зардабынан сөл түйiндерiнен мөлшерден тыс бөлiнген 
сiлекей ауыздан көпiршiп ағады. Тiлдегi жаралар асқынғанда, тiл ауыздан 
салақтап шығады. Сауын сиырдың желiн үрпісі жарақаттанып (20-сурет), 
сүтi азайып, тез iридi. Ауру қатерсiз түрде өтiп, тиiстi ем қолданылса, 
жараның бетi қабыршықтанып жазылады. 
Б ұ з а у, т а й ы н ш а л а р д а аусыл өте зiлдi түрде өтедi. Олардың 
дене қызуы күрт көтерiлiп, 12-30 сағат iшiнде шығынға ұшырайды.
Қ о й м е н е ш к i д е аусыл жеңiл түрде өтедi. Ауырған малдың дене 
қызуы көтерiлiп, 2-3 тәулiктiң iшiнде күлдiреуiктер ерiнге, езуге, ауыз қуы-
сына, тұяқ арасына, желiнге шығып жарылады. Ұсақ малдың әсiресе ернi, 
езуi жарақаттанады. Сиырдағыдай ауыздан сiлекей шұбырып, тiлi салақта-
майды. Тұяқ астындағы жарақаттардың асқынуына байланысты малдың 
ақсағаны байқалады. 
Д о ң ы з аусылмен жеңiл түрде ауырады. Күлдiреуiктер көбiнесе 
тұмсық ұшына, құйрық маңына, тұяқ арасына шығады. Тұяқ арасындағы 
күлдiреуiктер жарылып, орны асқынып жараға айналып (20-сурет), ауырған 
шошқа аяғын баса алмай, тiзерлеп қозғалады. Аусылға шалдыққан торайлар-
дың iшi өтiп, олар iндеттiң бастапқы күндерiнде шығынға ұшырайды.
А у с ы л д ы ң б а с қ а а у р у л а р д а н а й ы р м а ш ы л ы ғ ы. 
Сиырдың аусылын басқа жұқпалы аурулардан iндеттанулық талдау және 
клиникалық белгiлерi бойынша ажырату қажет. 
Қойдың аусылын сарыптан (некробактериоз) iндеттанулық талдау 
жасап, клиникалық белгiлерi арқылы ажыратады. Сарып кезiнде ауыз 
қуысының жарақаттануы өте сирек кездеседi және де оның аусылдағыдай 
везикула, афта түзетiн кезеңдерi болмайды. Аусыл басқа жұқпалы 
аурулармен қатарласа жүргенде оларды айыру қиындық тудырады. Ондай 
жағдайда биологиялық, серологиялық әдiстер қолданылады. 
Доңыздың аусылын энтеровирус қоздыратын денесiн толарсақ басатын 
аурудан ажырату қажет. Бұл аурумен тек шошқа ғана ауырады. Сероло-
гиялық реакциямен тексергенде аусылдың оң сарысуымен реакция терiс 
нәтиже көрсетедi және энтеровирус шошқаның бүйрек ұлпасынан, ал аусыл-
ды қоздырушы вирус iрi қараның бүйрек ұлпасынан алынып жасалған 
қоректiк ортада ғана өседi. Сонымен қатар биологиялық жануарлар (теңiз 
тышқаны, ақ тышқан, қоян) энтеровирусқа төзiмдi. 
Жылқы тек қана ауыздың күлдiреулi қабынуымен: доңыз денесiн толар-
сақ басатын терi ауруымен: iрi қара ауыздың күлдiреулi қабынуы, аусылмен 


107 
ауырады. Iрi қарада бiрiншiсiнiң вирусын терi iшiне енгiзгенде, ал 
екiншiсiнiкiн тiлге жiбергенде ғана ауруды қоздыруға болады. 
Кейде мал жаппай уланған жағдайда, ауыздың сiлекей қабықтары жара-
қаттанады. Уланғанды, табындағы малдардың жаппай температурасын өл-
шеп, олардың өрiсiн тексерiп, т.б. деректерге сүйене отырып ажыратады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у. Аусылды қоздырушы вирусты 
және оның типiн анықтау үшiн ауруға шалдыққан малдың жарақаттанған 
жерлерiнен жарылмаған күлдiреуiктердi қырып, немесе өлексенiң ойық 
жарасын, аймағындағы эпителий тканiмен бiрге алып iшiнде глицерин мен 
суперфосфат ерiтiндiлерi тең мөлшерде бар шыны ыдысқа (сырты қабат- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет