Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртiбi



Pdf көрінісі
бет75/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   121
Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртiбi. Материал
шыны келiде келсаппен ұнтақталынады. Ұнтақтан физерiтiндiде 10%-ды 
езiндi дайындалып, центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут айналдырады. 
Тұнбаның бетiне түзiлген мөлдiр сұйық бөлiнiп алынып, үстiне пеницилин, 
стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 40С 8-12 сағат ұсталынады. 
Биологиялық сынама вакцина егiлмеген жануарлар мен құстарға ғана 
қойылады. Оларға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен дайындалған материал 
физиологиялық ерiтiндiде сұйытылып (1:1) әртүрлi жолмен жұқтырылады. 
Қой мен ешкi құйрығы астының терi iшiне, доңыздың бүйiрiне енгiзедi. 
Тауық балапандарының бiрнеше мамығы жұлынып, орындары щетка 
көмегiмен дайындалған материалмен ысқыланады.
Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған терi аймақтарында 
ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдiстер оң нәтиже көрсетсе 
лабораториялық зерттеу доғарылып шешектiң нақтылы балауы қойылады. 
Д а у а л а у ж ә н е а р ы л у ш а р а л а р ы. Шешеккке қарсы 
қолданылатын шаралар жүйесiнiң жалпы кестесi 28-суретте көрсетiлгендей.
1.Шарушылыққа,сырттан 1.Шешекке шалдыққан жануарлардың
қабылданған жануарлар мен түрлерiне байланысты карантин немесе 
құсты дауалық карантиндеу. шектеу жариялау.
2.Сырттан қауiп төнсе жануар- 2.Ауруға шалдыққандарын сауларынан
мен құсты вакциналау (әсіресе, оқшаулап күтiмге алып, емдеу.
көршi мемлекеттермен шекара- 3.Сауларын арнайы вакцинамен иммундеу
лас аймақтарда). 4.Ауруға шалдыққан: қой, ешкi, доңызды
3.Адамдарды шешекке қарсы малдәрiгердiң рұқсатымен ғана сою.
еккеннен кейiн, 15 күн мал- 5.Қора-жайды күйдiргiш натрийдiң 2%-ды 
күтуден босату. немесе жаңа шыланған ә ктiң 10-20%-ды, 
болмаса формальдегидтiң 2%-ды ерітiн- 
дiсiмен дезинфекциялау. 
28-сурет. Шешекке қарсы қолданылатын күрес шаралары.
Қой мен доңыз шешегiне қарсы жүргiзiлетiн арнайы шаралар мал-
дәрiгерлiк заң кiтаптарындағы нұсқауларда көрсетiлген. Басқа жануарлар мен 
Дауалау шаралары 
Сауықтыру шаралары 


144 
құстардың шешегiне қарсы дауалау және арылу шаралары сол елдi 
мекендердiң табиғи ерекшеліктерiне байланысты, iндеттанулық талдауға 
сәйкес жүйелi түрде жүргiзiледi.
17-зертханалық сабақ. Анаэробты инфекцияларды балау 
Қ а ж е т т i ж а б д ы қ т а р . Патологиялық материал алуға арналған 
жабдықтар, көрнектi құралдар, жағындылар. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i . Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы анаэробты микроптар қоздыратын 
инфекцияларды балау әдiстерiне талдау жасалынып, олардың клиникалық 
патанатомиялық белгiлерiне, таралу ерекшелiктерiне мән берiледi. Сту-
денттер дайындалған жағынды препараттарды микроскоп арқылы қарап 
анаэробты инфекцияларды қоздырушы микробтарды бiр-бiрiнен ажыратады. 
Көптеген басылымдарда анаэробты инфекциялар: «клостридиоздар» 
(микроорганизмдер туыстығының - клостридиум атауынан алынған), «некро-
бактериоздар» деп, бөлініп аталып жүр. 
Клостридиоздар – оттегінсіз (анаэробты) қоректік ортада өсетін, спора-
лар, токсиндер түзетін, Грамм оң боялатын таяқша формалы микроорга-
низмдер қоздыратын жануарлар мен адамның инфекциялық аурулары. 
Клостридалар табиғатта кең таралған, әсіресе олар топырақта, ал қайсы-
бірлері жануарлардың және адамның ішегінде тіршілік етеді. Бұл 
микроорганизмдердің негізгі патогендік факторы, олардың организмде және 
қоректік орталарда улылығы өте жоғары эндотоксиндерді түзуі. Сондықтан 
да, кей жағдайда бұл ауруларды клостридиоздардың себебінен туындаған 
токсикоинфекциялар деп атайды.
Некробактериоздар (Necrobacteriosis) – кілегей қабықтардың, ішкі ағза-
лардың, тұяқтардың іріңді-некрозды жарақаттануымен ерекшеленетін ауыл-
шаруашылық және жабайы сүтқоректі жануарлардың және құстың инфек-
циялық ауруы. Бұларға сарып (некробактериоз КРС, северных оленей) және 
шірікбақай (копытная гниль овец) жатады. Соңғы ауру ұзақ уақыт бойы 
некробактериозбен (сарып( шатастырылып келді. Екі ауруға ортақ ерекшелік 
– қоздырушыларының тек анаэробты қоректік орталарда ғана өсіп-өнуі.
Сонымен, анаэробты инфекцияларға: қойдың жұқпалы энтероток-
семиясы немесе жыбырлақ (инфекционная энтеротоксемия овец) қоздыру-
шысы Cl.perfringens D және С типтер, қойдың секіртпесі (бродзот) – 
Cl.septicum, сіреспе (столбняк) – Cl. tetani, ботулизм – Cl.botulinum, қарасан 
(эмфизематозный карбункул) – Cl.chauvoei, қозының анаэробты дизенте-
риясы (анаэробная дизентерия ягнят) – Cl.perfringens В типі, сарып – 
fusobacterium necrophorum, шірікбақай (bacteroides nodosus) жатады. 
А н а э р о б т ы и н ф е к ц и я л а р д ы б а л а у. Бұл ауруларға 
iндеттанулық талдау жүргiзгенде жануарлардың күтiмiне, азықтарына, 
олардың қандай жағдайда ұсталатынына мән берiледi. Сiреспе, сарып, 


145 
шірікбақай ауруларын қоздырушы микробтардың жануарлар организмiне 
жарақаттар арқылы берілетiнiне, әсiресе соңғы екеуiнiң қоздырушыларының 
ылғалы көп жерде сақталатыны назарға алынады. Ұзақ мерзiмде ылғалды 
жайылымдарда жайылған малдың терiсi мацерацияланып, микробтардың 
денеге енуiне жол ашылады. Сiреспенiң төлде спорадиялық бой көрсетуiне 
құйрықтарының кесiлуi, тiкенек шөптiң ерiндерiн жарақаттуы, пiшiлуi себеп 
болады. Анаэробты инфекцияны жұғу жолдарына байланысты топтастыру 
29-суретте көрсетiлген. 
Анаэробты инфекциялардың қазақша атаулары, олардың өздерiне 
айрықша тән клиникалық немесе патология-анатомиялық белгiлерiнен 
алынған. Сондықтан оларды аталған әдiстердi қолдану арқылы балау көп 
қйындық тудырмайды. 
Бактериологиялық зерттеу бұл инфекцияларда ауруды қоздырушы 
микробтардың типтерiн анықтау мақсатымен немесе бұл iндетерден ада 
шаруашылықтарда , оларды алғаш рет балағанда жүргiзiледi. 
Бактериологиялық зерттеу: материалды дұрыс алудан, микроскопия-
лаудан және оны арнайы анаэробты қоректiк орталарға (Китт-Тароцци, 
Хотингер, Вильсон-Блер) сеуiп iндеттi қоздырушы микробтардың түрiн 
өсiрiп алып, олардың патогендiлiгiн (немесе токсигендiлiгiн) лабораториялық 
1.Сiреспе 1.Қарасан 1. Ботулизм
2.Шірікбақай 2.Жыбырлақ 
3.Сарып 3.Секiртпе
4.Қозының анаэробты дизентериясы 
29-сурет. Анаэробты инфекцияларды жұғу жолдарына
байланысты топтастыру. 
жануарларға биологиялық сынама қою арқылы анықтаудан тұрады. 
М а т е р и а л а л у. Анаэробты инфекциялардың түрлерiне байланысты 
лабораториялық зерттеуге алынатын материалдар да әрқилы. 
Қ а р а с а н д а патологиялық материал ретiнде өлексенiң зақымданған 
еттерінің кесінділері алынады. Алынған материал жаз айларында мал 
өлгеннен кейiн 6 сағат аралығында, ал суық айларда 12-24 сағаттан 
қалдырмай – зерттелуi шарт. Материал, сонымен қатар тiрi малдан да (егер 
аурудың клиникалық белгiсi айқын көрiнсе) алынады. Ол үшiн қабынып 
тұрған сықырлақ iсiктiң iшiндегi қанды сұйығы инелi пісек арқылы сорылады 
Анаэробты инфекциялар 
Жарақаттар арқылы 
жұғатындар 
Алиментарлы 
Қоректiк азықтардың 
токсиндi инфекциясы 


146 
немесе iсiктi жарып жарақаттанған бұлшық еттен кесiндi (05-1см) алынады. 
Алынған материал қыздырылған тұз, вазелин не болмаса 30%-ды глицерин 
ерiтiндiлерiнiң бiрiмен консервацияланады. 
С е к i р т п е, ж ы б ы р л а қ, қ о з ы н ы ң а н а э р о б т ы д и з е н- 
т е р и я с ы н д а жуық арада өлген малдың өлексесiнiң iшегi жынымен бiрге, 
ұлтабардың, аш iшектiң; iшкi ағзалардың кесiндiлерi, жүрек қаны (арнайы 
түтiкке алынып аузы дәнекерленедi) алынады. Жас төлдердiң өлекселерi 
бүтiн күйiнде жiберiледi. 
С а р ы п т а (бақайқұртта) тұяқ арасындағы жаралардан жағындылар 
алынып, Грамм әдiсiмен боялып микроскоп арқылы қаралады. Қажет болса, 
қозыларға биологиялық сынама қойылады. 
Ш і р і к б а қ а й д а (жегіде) зақымданған терінің қырындылары 
алынып 30%-ды глицерин ерiтiндiсiмен консервацияланып жiберiледi. 
Сiреспеде зерттеуге жараның экссудаты, iрiңi, жарақаттанған телімнің 
кесiндiлерi және iндет ошағынан алынған топырақ жiберiледi. 
Б о т у л и з м г е тән болжамдар байқалса, зерттеуге жануарлардың 
жегенiнен қалған азығы (бұзылғаны) тышқан тектестердiң қиы (топырақпен 
бiрге), олардың өлекселерi (бүтiн күйiнде) жiберiледi. Материалды орап 
жiбергенде, оны күн сәулесiнен, кебуден сақтау қажет. 
Анаэробты инфекцияларды қоздыратын микробтарды топырақтан және 
судан анықтау әдістемелері патологиялық материалды зерттеудегiдей. Тек 
зерттеуге сынамаларды дұрыс алу маңызды. 
С у - астындағы лай батпағымен бiрге стерильденген шыны ыдысқа 
алынады. Топырақтың алдымен беткi кебу қабаты қырылып тасталынып, 
оның астыңғы қабатынан куб тәрiздес формада (ұзындығы 5-8 см) қазылып 
алынған топырақ жiберiледi. 
19- тәжірибелік сабақ. Анаэробты инфекцияларды дауалау және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет