Негізгі алмасу ағза жүйелерінің жұмысына қажетті энергия



Дата19.10.2023
өлшемі4,94 Mb.
#119478
Байланысты:
Анатомия слайд


"Негізгі алмасу - ағза жүйелерінің жұмысына қажетті энергия"
Зат алмасу
    • Зат алмасу (метаболизм) деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.
    • Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді.

,,,,.
Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы, өсуі, т.б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады.
Энергия алмасу — бүл организмді тіршілік етуі үшін энергиямен қамта-масыз ететін бейспецификалық универсальды зат алмасудың бір түрі. Бала-ның зат алмасуы үлкен адамдармен салыстырғанда жедел жүреді, яғни:
1. Ассимиляция қүбылысы диссимиляция қүбылысынан басым болады, яғни заттар мен энергия қорының пайда болуына мүмкіншілік туады.
2. Негізгі зат алмасу күштірек болады, себебі негізгі зат алмасу немесе тыныштық зат алмасуы жаңа тканьдердің қүралуы арқылы күшті болады.
3. Баланың жасы кіші болған сайын бүл жаңа тканьдердің қүрылуына, негізгі зат алмасуға жүмсалатын энергияның жүмсалуы да көп болады.
4. Үлкендерге қарағанда балалардың организмі белок, май, көмірсуларды көп қажет етеді.
Жаңа туған баланың зат алмасуына дененің 1 кг салмағына 40 калория, 1-3 жаста — 55 ккал/кг., 4-5 жаста — 42, 7-9 жаста — 33, 10 - 15 жаста — 34, ал үлкен адамдарда — 20 ккал/кг қажет болып келеді.
Энергия жұмсалуы. 1 кг салмаққа жаңа туған балада —100 ккал., 1-3 жаста — 100 - 90 ккал., 4-5 жаста 80— 90, 7 - 9 жаста 80—70, 10-15 жаста — 70 - 50, үлкен адамдарда — 45 ккал болып келеді.
Негізгі зат алмасу — организмнің тыныштық кезіндегі қалыпты әрекеттерді қамтамасыз етуге жүмсалатын энергия көлемі. Үлкендермен салыстырғанда жаңа туған балада ол 2 есе жоғары. Ол бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 - 3-ші тәуліктен бастап көбейе бастайды да, жоғары шегіне 1-ші жылдың аяғында жетеді. Осы қалыпта бала 2 жасқа толғанға дейін түрады, содан соң тағы да 1,5 есе көбейеді.
Баланың энергия алмасу ерекшелігі — оның тез өсуі мен биосинтетикалық жүмысының жоғары деңгейі болуына және біраз реттеуші жүйелердің қызмет-терінің жетілмейтіндігіне байланысты болады. Өсіп келе жатқан организмнің қуатты өтуін фосфорланудың және тотығушы процестердің жоғарғы деңгейі қамтамасыз етеді. Баланың алғашқы 1 -ші жылында, оның үрыққа тән зат алмасуы көп өзгереді. Жаңа туған баланың организмінде жоғары деңгейде жүретін глико-литтік процесс (гипоксияға қарсы күшін қамтамасыз етуші) біртіндеп азаяды.
6 айға дейінгі баланың 1 кг салмағына жүмсайтын энергиясы үлкендерден 3 есе көп болады. Баланың денесінің сызықты мөлшерлерімен салмақ бірлі-гіне энергия жүмсау арасындағы болатын кері байланыс анықталған. Жасқа дейінгі баланың ең жоғары энергаясы 1 минутқа 1 кг салмаққа қажет ету мөлшері өттегіні сіңіруден және көмір қышқыл газын бөлуден 2 есе жоғары болады. Газ алмасу жылдамдығы өкпедегі оттегінің айналып жүруінің тездігіне байланысты және жүректің жиырылу ырғағының жиілеуі мен қан жүруінің күшеюіне және т.б. байланысты организм өсіп дамыған сайын, оттегінің тиім-ділігі мен үнемделуінің тәртібі қалыптасады.
Зат алмасу негізінде энергияның бөлінуінің 3 негізгі сатысы бар.
1-сатыда ас қорыту жолында үлкен молекулалар кіші молекулаларға бөлінеді. Көмірсулардан 3 гексоза (қант, галактоза, фруктоза), белоктан 20 амин қыш-қылы, майдан — глицерин және май қышқылдары, сиректеу қанттар пайда болады. І-ші сатыдағы химиялық реакцияларда тамақтарды энергияның бөлініп шығуына дайындайды.
2-ші сатыда бұл заттар одан әрі ыдырайды. Бұнда 30 %-ға жуык энергия бөлінеді. Ол қоректі заттарда сақталады.
3-ші сатыда Кребстің үш карбонды қышқыл циклында 2-сатысының 3 соңғы қоректі заттардың су және көмір қышқылына дейін ыдырауы. Осы арқылы қорек-ті заттардан 60 - 70 пайыз энергия бөлінеді. Кребс циклы көмірсулардың, белок-тың және майдың ыдырауының жолының соңғысы болып есептелінеді. Бүл зат алмасудағы «түйісу» жері болып табылады. Бұл жерде әртүрлі қүбылыстардың өзгерісі түйіседі және бір-бірімен жинақталу реакциялары жүруі мүмкін.
Энергияның сақталуы қоректі заттардың арнайы химиялық қоспаға ыды-рауы кезінде пайда болатын энергияға байланысты. Ол химиялық қоспаны макроэргтер деп атайды. Олар әртүрлі фосфорлы қосылыстарда болады. Не-гізгі зат алмасуының күшеюі қалқанша"-5езінің қызметі арытқанда, қызба ауру-ларда, тыныс және жүрек жарамсыздығында, лейкозда, Кушинг ауруында кез-деседі. Ал, төмендеуі — гипотериозда, анемияда, гипофиздің алдыңғы бөлігі-нің әрекеті төмендегенде, бүйрек безінің созылмалы жарамсыздығында, ашық-қанда кездеседі.
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет