Негізгі білім беру деңгейінің 5-9



бет1/3
Дата18.05.2023
өлшемі113,01 Kb.
#94326
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 193-қосымша 
Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)


1-тарау. Жалпы ережелер





  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – оқушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар, оқушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.

  3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – оқушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.

  4. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.

  5. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы оқушылар:

  1. қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;

  2. қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;

  3. түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;

  4. заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.

2-тарау. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру





  1. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

  1. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация,бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады.Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.

  2. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

  2. әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

  3. көркем шығармадағы образ;

  4. шығарма үзінділерімен жұмыс.

  1. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әдеби шығарманың композициясы;

  2. автор бейнесі;

  3. көркем шығарманың тілі;

  4. шығармашылық жұмыс.

  1. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. тарихи және көркемдік құндылығы;

  2. заманауилығы мен жаңашылдығы;

  3. әдеби эссе;

  4. әдеби сын.

  1. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны

5-сынып
1) Түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы;кейіпкерлер портреті мен образы; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы.
2) Анализ және интерпретация:салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы; эпикалық шығармадағы автор бейнесі; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
3) Бағалау және салыстыру:шығарманың тарихи құндылығын бағалау; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау; әдеби эссе; сыни хабарлама жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) «Керқұла атты Кендебай» ертегісі;
2) «Қобыланды батыр» жыры;
3) Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы;
4) Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі;
5) Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» , «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері;
6) Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, «Адамдық диқаншысы» өлеңі;
7) Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты;
8) Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі;
9) Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі;
10) Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" әңгімесі;
11) Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі.
13. 6-сынып
1)Түсіну және жауап беру:әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау; шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе, идеясы; кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
2) Анализ және интерпретация:шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу; шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау.
3) Бағалау және салыстыру:кейіпкерлерді өзара салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру; әдеби эссе жазу; сыни хабарлама жасау.
14.Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) «Аяз би» ертегісі;
2) «Алып Ер Тұңға» жыры;
3) Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері;
4) Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» толғаулары;
5) Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері, қара сөздері: «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»;
6) С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері;
7) С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі;
8) О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі;
9) Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты;
10) А.Алтай «Прописка» әңгімесі
11) Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі;
12) Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі, «Менің Дағыстаным» әңгімесі.
15.7-сынып:
1) Түсіну және жауап беру:әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау; әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау; кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау; көркем шығармадағы кейіпкер бейнесі, үзінділерді жатқа айту.
2) Анализ және интерпретация:шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру; эпикалық,поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі; шығармадағы көркемдегіш құралдары: символ, синекдоха, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ қолданысы;шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.
3) Бағалау және салыстыру:кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесі,тарихи және көркемдік құндылығын; әдеби жанр түрлерінің даму барысы, жаңашылдығы; шығарманы ұлттық құндылығы, әдеби эссе жазу; әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазу.
16. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»;
2) Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры;
3) «Қыз Жібек» жыры;
4) Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»;
5) Ш.Қанайұлы «Зар заман»;
6) С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»;
8) Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық»;
9) М.Жұмабаев «Батыр Баян»;
10) М.Әуезов «Көксерек»;
11) Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»;
12) С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»;
13) М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»;
14) Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі;
15) Т.Әбдіков «Қонақтар»;
16) А.С.Пушкин «Ескерткіш».
17. 8-сынып:
1) Түсіну және жауап беру:шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілер, эпилог,прологтар; әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулер; көркем шығармалардан алған үзінділерді орынды қолдану.
2) Анализ және интерпретация:композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдары: психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис қолданысы, автор стилі; шығармадан алған үзінділерді өңдеп креативті жазу.
3) Бағалау және салыстыру: шығарманың тақырыбы мен идеясы, тарихи және көркемдік құндылығы; шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру, жаңашылдығы; шығарманың көркемдік-идеялық құндылығынгуманистік тұрғысы, әдеби эссе; шығармада жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
18. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр», Қорқыттың нақыл сөздері;
2) Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»;
3) Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары;
4) Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»;
5) Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа» өлеңдері;
6) Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі;
7) М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы;
8) Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі;
9) Д.Исабеков « Әпке» драмасы;
10) М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы;
11) Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі;
12) Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» фантастикалық әңгімелері;
13) Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі.
19. 9-сынып:
1) Түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау; әдеби шығармадағы психологизм; көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
2) Анализ және интерпретация: эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар; автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі; шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі; автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
3) Бағалау және салыстыру:шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; әдеби эссе жазу; әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу.
20. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Ж. Баласағұн «Құтты білік»;
2) Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»;
3) Төле би «Ердің бақыты –әйел», Әйтеке би «Қасқакөл дауы», Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»
4) Сырым Датұлы «Бала би мен Сырым»;
5) Бұқар жырау «Тілек», «Әй, Абылай, Абылай», «Асқар таудың өлгені»;
6) «Біржан-Сара» айтысы;
7) Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»;
8) Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім» , «Бағаналы терек»;
9) Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»;
10) І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы;
11) Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаят;
12) Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы;
13) Т.Айбергенов «Сағыныш», Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»;
14) Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы;
15)К. Гамсун «Аштық» романы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет