Негізгі бөлім а Абай қарасөздерінің Ислам дінімен сабақтастығы



Дата30.03.2023
өлшемі42,01 Kb.
#77448
түріСабақ
Байланысты:
Абайтану реферат


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Абай қарасөздерінің Ислам дінімен сабақтастығы
б) Абайдың дінге қатысына байланысты М.Әуезовтың айтқан тезистері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Халқымыздың дара туған дана перзенті Абайдың абырой-беделі көзі тірісінде-ақ біраз жерге жеткен. Өзі дүниеден көшкеннен кейін күн санап ақын даңқы кеңейе. ХХІ ғасырдың басынан бүгінге дейін ұлы Абай есімі, оның әдеби мұрасы назардан тыс қалып көрген емес. Әр халық қандай да бір ұлттың орталарынан оза шыққан бір дарынды даралау ұстайтыны болады. Ал біздің Абайымыздың жөні тіпті бөлек. Ол дарынды әрі асқан данышпан дара тұлға.


Абайдың азан айтып қойылған аты – Ибраһим Құнанбайұлы. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен, қағылездігіменкөзге түседі. Кейін ол Семей қаласынан 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.Әкесі оны ел билеу ісіне араластырмақ болғандықтан, 13 жасында оқудан қол үзді. Бірақ ол әке-шешесінің қасында болған кезде де бәз-баяғыдай үйренуден қол үзбейді, барлық бос уақытын пайдаланып қазақтың байырғы мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули тектес ақындардың өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс тілі мен әдебиетін өздігінен оқып, үйреніп, орыстың ұлы ақын-жазушылары, ойшылдары Пушкин, Гоголъ, Лермонтов, Толстой, Белинский, Чернышевскийлердің шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды.Осындай ізденістер себебімен дүниетанымы кеңіп, білім деңгейі биіктей түседі.Ол кітаптан оқыған білімдері мен әлеуметтік өмірдегі көрген-білгендерін өзара ұштастыра талдау жасап отырады.Абайдың көзін ашып көргені Ресей отаршылдарының қазақтарды рақымсыз езіп-қанауы, оларға қоса рубасылардың озбырлығы, толассыз ру тартысы мен шектен асқан қараңғы надандығы, сондай-ақ олардың имансыздығы мен әділетсіздігі болды.Осынау қараңғылық пен әділетсіздікті өз көзімен көре тұра, Абайдың жүрегінде күшті отансүйгіштік (партиотизм) пен ыза-кек қалыптасты, сөйтіп, ол қазақ елін оятып, Ресей бодандығынан құтылу, елді бақытты келешекке жеткізу жолында күресуге бекіді. Осы бақытқа жеткізетін жол деп имандылықты таңдады.
Абай ірі феодал шаңырағында туып-өсіп, ішер ас, киер киімнен таршылық көрмей өссе де, былайғы жай халыққа, қалың қауымға өте етене болды, үнемі олардың дауын даулап, мұңын мұңдаумен болды. Мұны оның қараша қауымның өмірінен жазған мына бір өлеңінен де аңғаруға болады:
…Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.
Кемпір-шалы бар болса қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азынап.
…Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Абай қараша үйдің осындай жүдеу халін айта келіп: «Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай, артық қайыр артықша қызметке орай» десе, бірде, тым болмаса табиғаттың осындай қатал сәтінде оларға қол ұшын беріп, қайырым жасауды өтінгендей болып: «Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы» дейді. Абай елді кедейлік пен надандықтан, құлдық пен тарлық кебінен құтқаратын нәрсе өнер-білім және имандылық екенін жақсы түсінеді. Абай өнер-білімнің туған халқын қараңғылықтан алып шығар бірден-бір шам-шырақ екендігін, білімсіз, имансыз еш халықтың салихалы тіршілік құра алмайтындығын ел-жұртына ашы-на айтты: …Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Абай өлеңдері мен қарасөздерінің қамтылатын әлеуметтік аясы өте кең. Көбі халықты кертартпа қасиеттерден арылып, ғылым, білім үйренуге жігерлендіретін, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Абайдың өмір сүрген заманы оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Жер жырту, жаңаша оқу, сауда-саттық бой көтеріп келе жатқан. Осындай бір қиын кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты, ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқанындай ел іші «алтыбақан ала ауыз» болатын. Сол жағдайды дөп басып көрсеткен академик С. Зимановтың еңбегіне көз жүгіртсек, ол : «…Казахское общество начало ХХ в. находилось на такой стадий, когда оно, с одной стороны не было подготовлено к восприятию относительно быстро меняющехся хозяйственных, политических, семейно-бытовых условий, с другой не могло жить по старому. Все старое разрушалось как в силу действия объективных законов обшественнего развития, так и в большей степени насилственно. Трудящиеся массы Казахстана оказались в критической ситуации - на перепутье истори».
Сібірдің ұсақ ұлттарын күшпен шоқындырған патша үкіметі қазақтарды да шоқындыруды мақсат еткен мемлекеттік ресми миссионерлік саясат жүргізген. Діні бар ел бірлік табуы, отаршылдыққа қарсы күреске шығуы,
өздерінің салт-санасын сақтау үшін қажырлы әрекеттерге баруы мүмкін екені әккі билеушілер жақсы білген. Ресей қаралымдағы бағынышты елдердің көбі Ислам дініндегілер еді. Міне осы топтағы тілі, дәстүрі жақын жұрттардың басын қоспау үшін патшалық үкімдарларының істемеген айласы жоқ. Олар дін адамдарының ішіне алауыздық тудыру, жеке жарым жүргендерді шоқындыру, Исламды құбыжық етіп көрсету саясатын ұстанды. Өзі тәуелділік қамытын киген елдердің дінін де мүлде таптап тастау үшін, панисламизм деген жалған қисынды да ойлап тапты. Патша үкіметінің бұл саясаты Абай заманында да жалғасын тапты. Олардың бұл іс-шаралары халыққа елеулі әсер еткенімен толық іске аспады. Қазақ халқы өздерінің ата-бабалары ұстанған, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне сіңіп кеткен Ислам дінінен қол үзбеді.
Абай өмір сүрген дәуірде ауқатты адамдар құдай жолында мешіт-медреселер салдырып, ауылда молда ұстап бала оқытатын еді. Қарапайым халық Ислам дінінің ережелерін тыңғылықты оқымағандықтан бұрынғы діндердің сарқыншақтары араласқан әдет-ғұрыптарды да ұстанатын. Бірақ бұл әдет-ғұрыптар күн өткен сайын әлсіреп жоғалуда еді. Бұған дәлел ретінде Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы.» деген тарихи мақаласынан үзінді келтірейік: «Сол заманда араптан бұл Орта Азияға дін Исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Қутайба Ибн Муслим атты кісі Қашғарға шейін келіп халықты Исламға көндіргенде, бұлар да «мұсылман болдық», - депті. Сөйтсе де, бұрыннан бақсы-бал-герлерге инанып, отқа, шыраққа табынатын әдеттерімен Исламды тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-құла хат таныған кісісі болса, оны «абыз» дейді екен. Ол «абыз» демек - әуелде шаман дініндегілердің өз моладсына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе сол нәрсені құдай қылып тұр деп дін тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын бізде кей жерде көргеніміз бар: келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, «От ана, Май ана жарылқа!» - деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым әуелі бұлт күркірегенде қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «Сүт көп, көмір аз», - деген секілді. Бұған ұқсаған ырымдар көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды».Енді Абай қай діннің мүшесі еді? Ол белгілі дінді ұстанған ба? Ол шын мәнінде кейбір жазушылар жазып жүргендей материалист, рационалист немесе дуалист болған ба? Бұл сұраққа толық жауапты әрбір ізенуші Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен таба алады. Абайдың шығармалары оның Аллаһ Тағаланың құлы, пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) үмметі, Ислам шариғатымен өмір сүрген мұсылман, иман негіздеріне сенген мүмин екенін көрсетіп тұр. Негізінде Абай діні мәселесінде ешқандай талас жоқ. Оның мұсылман болғаны айдан анық. Бұл мәселеде проблемаларды шығарушылар Абайдың мұсылманшылығын жоққа шығаруды көздеген, мұны өздеріне мақсат етіп алған адамдар. Бұлар Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі омоним сөздерге қолданған мағынасын емес, басқа мағыналарын бере отырып, сөздерінң мәнін өзгертуде. Осылайша бұрмалап өздері қалаған мағынаны шығаруда. Бұл істі жасап жатқандар «дінтану» ғылымымен еш қатысы жоқ басқа сала мамандары. Осылай бола тұра, осы бұрыс көзқарас-тарына қисынсыз дәлелдер келтіруде.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай болып сәлдесі.
Мал құмар көңілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі.
Бұл зерттеушілер Абайдың осы өлең шумағын ала отырып, Абай дінді сынаған дейді. Көріп отырғанымыздай ақын бұл жерде дінді емес, дінді дұрыс ұстанбаған дін өкілдерін және пайда көзіне айналдырған дүмше молдаларды сынаған.
Осы жерде «Абай намаз оқыған ба?» деген, әлі нақты жауабы табылмаған сұраққа тоқталып өтсек. Абайдың намаз оқыған оқымағаны жайында нақты тарихи деректер жоқ. Бар болса да жарияланбаған. Егер бұл деректер болған жағдайда да Кеңес үкіметі кезінде дінді ескілік деп алып, Абайды оған қарсы тұрушы етіп жазып жүрген жазушылар үшін бұл қуанышты хабар бола қоймас еді. Сондықтан оларға Абайдың намаз оқығаны жайлы деректер кездессе де, көз жұмып мән бермеулері мүмкін. Абай қарасөздерін әртүрлі тақырыпта жазған. Абайдың қара-сөздеріндегі пікірлері Исламға қарсы келмейді, қайта үндесіп, сабақтасып тұрады. Абай қарасөздерінде қозғап отырған мәселесінде мақсатына жету үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.)-дың хадистерінен дәлелдер келтіреді. Абайдың осы қырық бес қарасөзінің он бірі толық дін тақырыбына арналған. Олардың ішінде кейбір қарасөздері бір ғана діни мәселелерден сөз қозғайды. Мысалы, он үшінші қарасөзінде иман мен ғибадат, жиырма жетінші қарасөзінде құлшылық, хикмет, ақыл жайында, жиырма сегізінші қарасөзінде тағдыр, иман, ақыл, ғибадат, отыз төртінші қарасөзінде ақырет, иман, дүниелік өмір, қырық үшінші қарасөзінде жан мен тән, ақыл, талап, қуат, қырық бесінші қарасөзінде Аллаһ Тағаланың барлығына дәлел, әділет, махаббат туралы баяндайды.
Абай қарасөздерінің ішіндегі ең көлемдісі отыз сегінші қарасөзі болып табылады. Бұл қарасөзінде көптеген діни тақырыптарына тоқталады. Киім кию әдебі жайында жазылған он сегізінші қарасөзі толығымен Мұхаммед (с.а.с.)-ның сүннетімен үйдлеседі. Осы қарасөз былай деп басталады: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ кербездің ісі…». «Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қарапайым, кірсіз киінетін еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) киімнің денеге пайдалысын және жеңіл келетінін таңдайтын. Киімдерді мақтаныш, көкіректікке себепші болмау керектігін айтатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа үлкен мән берген.Бір күні үсті-басы кір адамды көргенде, оған «Үсті-басыңды жумайсың ба?» деген. Мақтаншақтық туралы айтылған жиырма екініші қарасөзінде былай дейді: «…біреу жаққа мақтанарлық мақтан іздейді, ол – надан, ләкин надан болса да – адам. Екінші өз елінің ішінде мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айпаса, яғни ауылына ғана келіп айпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол наданның наданы, ләкин адам емес…».
Ислам діні ғылым-білімге өте көп мән берген. Бәрімізге мәлім болғандай Аллаһ Тағала мұсылмандарға ең бірінші үйреткен әмірі «оқы». Сондықтан да Ислам діні ілім мен ғылымдарға үлкен құрмет көрсеткен. Ислам мұсылман ер кісі мен әйел кісілердің бәріне ілім алуды парыз еткен. Сондай-ақ, қайда болмасын, қай жерде жүрмесін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алып, ізденулерін бұйырды.
Біз жалпы Абай қарасөздеріндегі қозғалған мәселелердің Ислам дінмен сабақтастығына қысқаша тоқталып өттік. Енді ақынның қарасөздеріндегі дін тақырыбында жазылған басты діни тақырыптарға тоқталайық. Ақын бұл қарасөздерінде иман, ықылас, ғибадат, тағдыр, Аллаһ Тағаланың сипаттары, ғашық-мағшұқ, Аллаһ Тағаланың хикметпен жарату және т.б. мәселелер жайында баяндайды. Біз бұлардың барлығына жеке-жеке тоқтала алмаймыз. Өйткені бұлардың әрқайсысына өз алдына жеке үлкен тақырыптар. Олдардың барлығын бұл еңбекте қамту мүмкін емес. Осыған байланысты осы тақырыптардың ішіне Ислам дінінде ең басты мәселе болып саналатын иман тақырыбына талдау жасауды ұйғардық.
Абай туралы ең көп зерттеу жұмыстарын жүргізілген М.Әуезов өзі сол кезең жағдайларына байланысты Абайдың Исламиятқа қатысын арнайы зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистік ой – пікірлер желісін ұсынумен шектеледі. М.Әуезов сол заман ағымына сай Абайды материалист немесе рационалист ретінде танытқан оған ешкім тыйым салмас еді. Қайта сол кездегі саяси идеологияға сай болғаны үшін бұл пікірі қолдау табар еді. Бірақ М.Әуезов бұлай етпеді. Өйткені бұл іске оның ар – ожданы жібермеді деп ойлаймын. М.Әуезовтың өзіне дінге қатысы белгісіз нәрсе. Бұл тақырыпты ашу үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. М.Әуезов Абайдың дінге қатысына байланысты екі тезис ұсынған.
Олар:
А)Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні.
Ә)Абай діні – адамгершілік діні.
Абайдың дінге қатысы туралы замандас ғалымдар толық, терең қозғап ештеңе айта алмағаны түсінікті жай. Жалғыз ғана Мекемтас Мырзахметұлы «Абай діні – сыншыл,ақылдың шартты діні» - деген М.Әуезовтың бірінші тезисін былайша таратып баяндайды: «Лай суға май бітпес, қой өткенге» деген өлеңінде Абай тәңірге деген ішкі нанымдарының сырын ашып, өзінің құдайына бас иген көп мұсылманның бірі ретінде танытады. Бірақ ойшыл ақын осы таным шеңберінде тұрып қалмай, түп иенің өзін ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады. Осы әрекеті арқылы-ақ ақын Исламият шеңберінен шығандап кетеді.Абай қай мәселені болсын шектен тыс көп зерттеудің дұрыс еместігін де білдіріп өткен. Мысалы; отыз екінші қарасөзінде былай дейді: «Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсат пен білмек үшін үйренбек керек.». Бахсқа бола үйренбе, азырақ бахс адамда түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахсшыл адам хақты шығармақ үшін және бахс қылмайды, жеңбек үшін бахс қылады. Көңіліме шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Абай бұл сөздерімен Аллаһ Тағалаға сендім, көңілімде еш шүбә, күмән жоқ, бірақ Аллаһтың құдіретін, ұлылығын ойламай тұра алмаймын деп отыр. Түптеп келгенде Абай М.Мырзахметұлы айтқан Исламның шегінен шығып, Аллаһтың болмысы жайында ойламаған. Абай Аллаһтың сипаттары мен іс-әрекеттері туралы ойлаған. Енді М.Әуезовтың «Абайдың діні – адамгершілік діні» деген тезисінде талдау жасап көрейік. Осы тезисті М.Мырзахыметұлы былай түсіндіреді: «Осы аталған шығармаларында («Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі мен жиырма сегізінші, отыз сегінші қарасөздерін айтып отыр) Абай үстірт қараған кісіге діншіл ақын сияқты әсерде қалдырады. Бірақ үңіле зерттей қараса, Абай Исламияттың кейбір түрлі ұғымдарын сыншыл ақын сынға салып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын діни ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылатын гуманисттік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин мол болуы, әрине, оны оршаған орта мен тыңдаушылар құрамына байланысты, Исламияттық ұғым, діни сөздер
молырақ қолданылған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады».
Жазушы ағамыздың бұл пікірлеріне қарайтын болсақ, Абайды Исламиятқа, асыл мұраттарға жүгінгенде тек қана өзін қоршаған ортасы мен тыңдаушыларын сөзін ұғыды болсын деп барды дегенді қисындайды. Бұлайша бетінен қалқу ақын үшін қиянат. Абай Аллаһқа жүрегімен ұйып, сеніп, Исламиятқа жүгіне отып, жыр төкті, өз жүрегінің лүпілін хақ жолыфның ғалымдық үніне қоса бірге ұмтылып бақты. Бұл жерде ақынды маңайындағы әлеуметтік ортасына, тыңдаушысына бола, солар сөзімді, адамгершілік сырымды түсіне білсін деп хақ жолына жүгінді десек қате ойлағанымыз. Бұлайша Абай сеніміне топырақ шашқандай боламыз. М.Мырзахыметұлының бұл пікірі Абайдың өлеңдеріндегі ой тұжырымдарына теріс түседі. Абай бір нәрсе туралы айтқысы келсе, тура ашық айтады. Астарлап, тұспалдап сөйлеу Абайға жат нәрсе. Абайдың әр сөзі өз алдына жеке бір ой қортындысы. Екі түрлі пікірмен бір нәрсені меңземейді. Осыған байланысты Абай ешбір сөзін жайдан-жай жазбайды деп айта аламыз. Мысалы ақын бір өлеңінде былай дейді:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін.
Қорыта келе, Абай Ислам дінін ұстаған және орындаған деп айта аламыз. Бұған осы еңбектің ішінде көптеген дәлелдер келтір-дік. Осы бітірушілік жұмысты жазарда алжда алдымызға бірнеше мақсаттар қойған едік. Олардың ең бастылары Абай ұстанған дін Ислам діні екендігін және қарасөздері мен Ислам діні арасында үлкен бір сабақтастық бар екендігін дәлелдеу. Осылармен бірге Абай мен Ислам байланысының толық зерттелмеу себептерін анықтау, ақын әкесі Құнанбай қажының шынайы тұлғасын таныту, яғни оның бойына адамгершілік толық қалыптастырған діндар адам болғандығын нақты деректермен дәлелдеу деген сияқты қосымша мақсаттарымыз да болды. Аталмыш мақсаттарға белгілі бір дәре-жеде жеттік деп ойлаймыз. Бұл мақсатымызға жету де қиынға соқпады. Өйткені бұлардың барлығы жеке бір адамның өз қалауына байланысты қалыптасқан көзқарастары емес, шындыққа сай дәлелдері көптеп кездесетін ақиқат мәселелер еді. Бітірушілік жұмыстың алғашқы бөлімінде Абайдың Исламға қатысының қазіргі таңға дейін толық зерттелмеу себептерін жан-жақты талдай отырып, тоқталып өттік. Осы себептердің бастылары БКП(б), ОК-нің 1949 жылғы арнайы саяси идеологиялық мақсат көздей отырып қабылдаған космополитизм туралы қаулысы және ақыннның дін және дін мәселелері жайындағы пікірлеріне дұрыс талдау жасай алатын дінтанушы мамандар мен ақын шығармаларында қолданылған Шығыс тілдерін жете меңгерген білікті мамандардың болмауы еді. Негізгі бөлімде Абайдың Шығысқа, яғни Шығыс әдебиетіне қатысына шолу жасап шықтық. Бұл мәселе абайтану проблемаларының ішіндегі күрделі мәселелердің бірі. Осы негізгі бөлімде қаралған Құнанбай қажының шынайы тұлғасының анықталуы да қазіргі таңдағы қайта қаралып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәселе.
Бітірушілік жұмысымызда Абай саласын ең көп зерттеген, ол жайында үлкен бір роман жазған М.Әуезовтың Абайдың дінге қатысы жайындағы пікірлері қазіргі таңда жеке бір ғылым саласы. Ол қалыптасқан абайтану саласында еңбек етіп жүрген ағамыз Мекемтас Мырзахыметұлының кітаптарын және абайтану саласымен жеке айналыспаса да, ақын жайлы кітаптар жазған Бейбіт Сапаралы, Дүкенбай Досжанов сияқты белгілі жазушылардың еңбектерін, Рахманқұл Бердібай мен Уәлихан Қалижанұлының Абайдың дінге қатысы туралы пікірлерін пайдаландық. Абай қарасөзінің Ислам дінімен сабақтастығын қарастырғанда Құран Кәрім аяттарынан және Мұхаммед (с.а.с.)- тің хадистерінен дәлелдер келтірдік. Және бұларға қосымша діннің әртүрлі салсына байланысты жазылған кітаптарды әдебиет ретінде қолдандық. Осы бітірушілік жұмысты Абай және Ислам мәселесін зерттеушілер үшін пайдалануға болатынын, іске жарарлық еңбек деп есептейміз.
Біз «Абай шығармашылығындағы Исламдық дүниетаным» деген тақырыптың тек шет жағасын ғана көтердік. Бұл арнаулы зерттеу-лерді керек ететін үлкен мәселе. Бұл мәселе болашақта құныттап қолға алынады деп ойлаймыз. Ұлы ақынға Исламның, Шығыс әдебиетінің әсері болды деу мәселенің бергі жағы. Сол әсердің қандай шығармада қаншалықты көрінетінінедейін ыждағатты ізденістер жүргізілуі шарт. Ол үшін Ислам дінінің әртүрлі саласынан хабары бар, араб, парсы, түрік халықтарының тіліне жетік мамандар керектігі өзінен-өзі түсінікті. Абай және Ислам арасындағы күрделі байланыстарды зерттеуге дайындықсыз бару жеміс бермек емес. Абайдың исламға қатысын зерттеуде ең бірінші атқарылуы керек іс, Абай шығармаларының араб әріптерімен жазылған түпнұсқаларын ала отырып, қазіргі крилица альфавитімен жазылған үлгілерін тексеріп шығу деп ойлаймыз. Өйткені бұл үлгілерді жазушылар Шығыс тілдерінің немесе төте жазуды білгендерімен дінтанушы маман болмағандықтарынан діни терминдерді дұрыс жазбаулары және олардың дұрыс мағыналарын бере алмаулары мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеушілер діни мәселелерге байланысты жазылған өлеңдер мен қарасөздердегі ақын ойларын толық түсіне алмай қиналуы мүмкін.
Бұл еңбек көлемі шағын болғандықтан аталмыш мәселелерге, яғни Абайдың дінге қатысына және ақын қарасөздерінің дін тақырыптарымен сабақтастығына толық тоқтала алмадық. Негізінде бұл мәселелердің әрқайсысы жеке зерттеу жұмыстарын қажет ететін қомақты мәселелер.Абай шығармаларындағы діни көзқарастарын болашақта ақида (сенім мәселелері), дін философиясы және дін психологиясы сияқты дінтанудың әртүрлі салаларында қолдану

Пайдаланылған әдебиеттер:



1)Ахметов З., Абайдың ақындық әлемі.- Алматы, 1993ж.
2)Әуезов М., Абай Құнанбаев.- Алматы: Ғылым, 1967ж
3)Әуезов М., Шығармалар.- Алматы, 5 том. 1961ж.
4)Құнанбаев А., Қаңыл елім қазағым. – Алматы: Жалын, 1995ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет