Macromedia flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады.
Казіргі кезде ақпараттандырылған қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мына мәселелерді шешу керек: компьютерлік техника кабинеттерін жетілдірілген жаңа құралдармен қажетті деңгейде жабдықтау, толықтыру және бағдарламалық жабдықтамалар пакетімен қамтамасыздандыру.
Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері әлі қалыптасу үстінде. Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі окыту технологиясын интерактивті программалык-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдық программалык кұралдар жиыны болып табылады. Осы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде жүзеге асыруда мұғалімдер үшін кейбір мәселелер туындайды, яғни мұғалімнің күнделікті сабакка дайындығында немесе сабақтан тыс қосымша білім алу түрлерлерінде осы аталған ақпараттық технологиялар кұралдарының және жабдыктамалардың жеткіліксіз болуында. Бағдарламалык жабдықтамалар ақпараттық компьютерлік технологияның қолдауымен оқыту істерінің кез келген түрлерін жүзеге асыруда колданылады.
Қазіргі кезде осындай бағдарламалық жабдықтамалар түрлері баршылық. Олар интерфейстерімен және жұмыс істеу принциптерімен ерекшеленуі мүмкін, бірак сол жабдықтамаларды оларды оку үрдісін қолдайтын мүмкіндіктер біріктіреді. Осындай бағдарламалардың негізгі кызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:
жаңа материалды түсіндіру мүмкіндігі;
Әрине, осы аталған бағдарламалық жабдықтамалардың қызметтерін пайдалану және оны жүзеге асыру пән мұғалімдері үшін неғұрлым қарапайым болуы тиіс. Сәйкесінше, тестілік тапсырмаларды жеңілдететін және сабаққа қажетті материалдарды дайындау технологиялары болуы керек.
Осы аталған бағдарламалық жабдықтамалардың бірі — Macromedia Flash бағдарламасы. Macromedia Flash— Macromedia компаниясы кез келген көріністермен кескіндерді өндегенде, WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта. Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Flash технологиясы
Қазіргі күштің талабына сай, интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash техналогиясын пайдалану тиімді болып табылады.
Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі.
SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.
Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator.
SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді. SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.
Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін — Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін — Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder.
Сондықтан да Web – публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін — Macromedia Flash болып табылады.
Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
- векторлық графика;
- анимацияларды қолдау;
- интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
- әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);
- Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;
- Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
- әртүрлі визуальді саймандардың болуы