Негізгі бөлім Формакология мақсаттары



бет12/15
Дата06.01.2022
өлшемі33,29 Kb.
#11962
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дәрілік заттардың дозасы.

Доза деген – бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері .

Терапевті минималды доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің фармакологиялық тиімділігін шақырады.

Уытты минималды доза– бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің уытты әсерін тудыратын.

Терапевтік әсердің кеңдігі – минималдыды терапевтік және минималды уытты дозаларының ара қашықтығы. Терапевтік әсердің жалпақтығы көп болса, дәрілік заттың қолданылуы қауіпсіздігі көп болады.

Ең жоғарғы бір рет қолдануға арналған доза – ең жоғарғы бір рет қабылдануға арналған доза, бұл дозаны үлкейткенде уытты әсер болады.

Ең жоғары тәулік бойы қабылдануға арналған доза – бір тәулік бойы қабылданатын ең жоғарғы доза, бұл дозаны үлкейткенде уытты әсер болады.

Орташа терапевтік дозаларды практикада ең жоғары бір рет қолданатын дозасының ½ немесе ⅓ бөлігін қолданамыз.



Дәрілік препараттарды қолданғанда ескеретін факторлар.

Жасы –кейбір д.препараттарға 18 жасқа дейінгі балалар және 60 жастан үлкен егде адамдарда сезімталдығы жоғары, осыған байланысты олардың қабылдау мөлшері төмен болуы қажет. Мемлекеттік фармакопеяда ең жоғарғы тәулік бойы және ең жоғарғы бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттардың дозасының кестесі балалардың әр жасына берген. Жалпы сызба берілген:бір жасқа дейінгілерге 1/24 -1/12 үлкендердің дозасынан;1жастағы балаларға - 1/12; 2жастағы - 1/8; 4 жастағы-1/6; 6 жастағы - 1/4; 7-жастағы-1/3; 14жастағы-1/2; 18жастағы - 2/3. Егде адамдарға ОЖЖ-ні тежейтін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын заттарды үлкен адамдардың қабылдайтын дозасынан ½ бөлігін,ал уытты және қатты әсер ететін д.з. ⅓ бөлігін белгілейміз.

Дене салмағы – дене салмағы ұлғайған сайын, доза да көбейеді. Науқастың бір кг дене салмағына дозаны санау кестесі бар. Кей кезде дозаны дене пішініне есептейді.

Жыныс – кейбір дәрілік препараттарға мысалы, никотин, маскүнемдікке ер адамның сезімталдығы аз, ал әйел адамдікі көптеу келеді. Ерекетерге қарағанда, әйелдерде верапамильдің биожеткіліктігі жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет