Негізгі бөлім Формакология мақсаттары



бет6/15
Дата06.01.2022
өлшемі33,29 Kb.
#11962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
фармакология 1 лекция

Зерттеу тәсілдері

  1. Жекеленген дене мүшесінің тәсілі

  2. Вивисекция тәсілі

  3. Ұзақ тәжірибе тәсілі

  4. Морфологиялық тәсіл

  5. Биохимиялық тәсілдер

Фармакокинетика. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.

1. Энтеральді енгізу жолдары – ас қорту жолдары арқылы: пероралді peros– ауыз қуысы арқылы. Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп, қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік заттың белсенділігі азаяды.

Сублингвальді – sublingua тіл асты арқылы. Бірден қанға барады. Бауыр арқылы өтпейді. 1-3 мин. кейін әсер етеді. Белсенді заттар ғана тиімді әсер етеді, мысалы нитроглицирин.

Ректальды енгізу жолы - per rectum тоқ ішек арқылы. Көбінесе суппозиторларды енгізеді. Клизма жасалынады. 15-30 мин. кейін әсер етеді. Жергілікті немесе резорбтивті әсер етеді. Резорбтивті әсер – бүкіл ағзаға әсер ету. Дәрілік заттар бірден қанға енеді. Бауыр арқылы өтпейді. Суппозиторлар дене температурасымен тез еріп, ағзаға әсер етеді.

2.Парентеральді енгізу жолдары .Бірден қанға енгізу .



Тері астына – 5-15мин. кейін әсері болады. Су ерітінділері жиі қолданылады. Май ерітінділері аз қолданылады. Жылыту керек. Суспензияны, тітіркендіргіш және гипертоникалық заттарды енгізуге болмайды .

Бұлшық етке - әсер етуі тез, енуі толық, су ерітінділерді енгізуге болады. Майлы және сусперзияны енгізгенде инені тамырға енгізуге болмайды. Себебі эмболия болуы мүмкін. Тамыр бітелуі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет