Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


ДƏРІС. Теориялық зерттеу сатылары



бет8/14
Дата07.01.2022
өлшемі136,2 Kb.
#20039
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
лекция Науч и проект исслед (2)

8 ДƏРІС.
Теориялық зерттеу сатылары.
Теориялық зерттеулер келесі этаптардан тұрады: физикалық анализдің негізгі процесі, зерттеу жобасының құрылуы, физикалық модельдің жасалуы, математикалық зерттеулер жүргізу, теориялық анализдің шешімі, тұжырымды құру. Егер математикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік болмаса, сызбалар мен кестелерді қолданып сөз түрінде жұмыс жобасы құрылады. Техникалық ғылымда математикалық формулалардың гипотезасы мен тұжырымын қолдану қажет. Әрбір есептеудің өзінің жағдайы мен талаптары болады. Жағдай есеп шығару алдында, ақпараттық системаларды анықтау. Талаптар – шешім арқылы мақсатқа жетуге ұмытылу. Жағдай мен талаптар: бастапқы, келтірілген және іздену есебінде болады. Бастапқы жағдай-жұмыстың алдында беріледі (бастапқы көрсеткіштер). Егер олар жұмыс жасағанда жеткіліксіз болса, онда зерттеулі жаңа көрсеткіштер алу керек оны келтірілген көрсеткіштер деп атайды. Іздену көрсеткіштер немесе іздену жағдайлары – бұл келтірілген жағдай, жұмыстың шешу процесінде табу керек. Жағдай мен талаптар бір-біріне қарама-қайшылық туғызатын заттар. Олар бірнеше рет кездеседі, қойылады, бір-бірімен жақындасады. Есеп түпкілікті шығарылып болғанша, осы құрылымдық компоненттер жалғаса береді.

Теориялық зерттеулер бірнеше сатыдан тұрады.

1. Оперативтік ( шұғыл ) саты – техникалық қарама-қайшылықты жоюды қарастырады, ортадағы өзгерістің бағасын, қоршаған ортаны, басқа білім саласындағы ауыстыру анализін қарастырады, қарама-қарсы шешімді қолданады.

2. С и н т е т и к а л ы қ с а т ы нысанның бір бөлігіне екінші бөлігінің құрылуының өзгерісін анықтайды, басқа нысандардың өзгерістерін анықтайды. Өзгертілген нысанның қолдануы анықталады және табылған техникалық ойдың басқа зерттеулерде қолданылуын қарастырады. Осы екі сатылардан өткен соң келесі:

3. Есеп құру сатысы болады. Жұмыстың соңғы мақсаты айқындалады, сол нысанның шешіміне жететін жетістіктер анықталады, есеп шығарудың ең ыңғайлы жолы қарастырылады және қажетті сапалық көрсеткіштер анықталады. Осыған байланысты қажетті қолданылуы анық жағдайларда алынған жұмыс шешімдерін практикада қолдануы.

4. А н а л и т и к а л ы қ с а т ы – жұмыстың идеалды шешімін анықтайды, идеалды шешім алғанда кедергі жасайтын «қателер» шығарылады, олардың себептері, жағдайлар анықталуы және қандай жағдайларда «қателер» қайталанбайтынын зерттейді. Теориялық есептер шешімі шығармашылық сипатта болуы керек. Шығармашылық шешім алдын-ала жасалған жоспармен тура келе бермейді. Кейде тамаша шешімдер «аяқ астынан» анықталады. Шығармашылық шешімдер үйреншікті көзқарастан алыс ой тастайды және басқа көзбен қарайтын ойлар туғызады. Объекті шындықтың тану процесінде териялық зерттеулер үлкен роль атқарады, себебі табиғи көріністерді терең зерттейді. Теориялық зерттеулер ой функциясына жатады.

Ой функциясы – ашу, тексеру, түрлі табиғи аудандарын бөлшектеп тану. Математикалық зерттеулер әдісін зерттеу. Математикалық зерттеулер сатысы ең күрделі және қажетті зерттеулерге жатады. Практикалық есептеулердің математикалық әдіспен шешуі математикалық формулалар есептеулерімен іске асады (математикалық модельді жасау, математикалық әдіске жатады). Математикалық модельдің зерттеу әдістерін табу, математикалық шешімдердің анализдерің табу.

Зерттеу әдістерін таңдау және жүргізу анализі аналитикалық және шындық статикалық әдіске жатады. М а т е м а т и к а л ы қ қ ұ р а с т ы р у санды, геометриялық бейне, функциялық теңдеулер жүйесінен тұрады. Математикалық модель – математикалық құрылымның жүйесі (формула, функция, құрылым), зерттеліп жатқан нысанды әр қырынан анықтап зерттеу.

Негізгі әдебиеттер: 1 [130-136, 181-183], 2 [36-38]

Қосымша әдебиеттер: 8 [86-91]

Бақылау сұрақтары:

1. Теориялық зерттеу жүргізу сатылары.

2. Міндеттің шарттары мен талаптары.

3. Теориялық зерттеу жүргізу сатылары.

4. Объективті əрекеттің таным процесінде теориялық зерттеу ролі.

5. Математикалық зерттеу жүргізу əдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет