5 ДӘРІС.
Ғылыми ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу. Ғылыми құжаттар мен басылымдар.
Ғылыми-техникалық акпараттары бар және оны қолдануға сақтайтын нысанды ғылыми құжаттар деп атайды.
Мәліметтерді ұсынуға қарай құжаттар былай бөлінеді:
1) тексттік ( кітаптар, жорналдар , есеп және т.б.)
2) графикалық (сызбалар, схемалар , диаграммалар )
3) аудиовизуалдық (жазбабаспалар, кино және видиофильм )
4) мәшине оқитын (микрофототасығыш, электронды тасығыш)
Құжаттар тағы да біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
а) біріншілік ғылыми зерттеу жұмыстары жаңа ғылыми жаңалықтар және жаңа түсінік, белгілі идеялар мен фактілер.
б) екіншілік аналитикалық-синтетикалық шешімдер және логикалық өңдеуден өткен біріншілік құжаттар.
Біріншілік құжаттар мен басылымдар. Біріншілік және екіншілік құжаттар жарыққа шығарылатын және шығарылмайтын болып бөлінеді. Біріншілік жарыққа шығарылатын құжаттар: Кітаптар - периодты емес тексті баспа, көлемі 48 беттен көп. Брошюра - қайталанбайтын тексті баспа, көлемі 4 беттен көп 48 беттен артық емес.
Кітап пен брошюралар ақылы және ақысыз, тағы да, ғылыми, оқулық, ресми-құжаттық, ғылыми-жалпыға түсінікті болып бөлінеді. Сол сияқты ғылым салалары мен ғылыми пәндер бойынша бөлінеді. Монография - бір проблеманы немесе тақырыпты жан-жақты зерттеген бір немесе бірнеше авторлар жазған ғылыми еңбек.
Ғылыми еңбектер жиынтығы - бір немесе бірнеше автордан тұратын еңбек, рефераттар және түрлі оқулықтар. Ресми құжаттар мемлекет, жалпы кәсіподақ атынан шығарылады. Онда заң материалдары, нормативтік және директивтік түрде болады. Ғылыми техникалық информацияның тез арада тарайтын – мерзімді баспасы болады. Олар арнайы уақыт аралығында шығады (жыл сайын, ай сайын) газеттер, журналдар жатады. Арнайы техникалық баспаларға нормативті техникалық құжаттарды айтса болады.. Оған стандарт, инструкция, т и п т і к ж а ғ д а й, методикалық көрсеткіштер және т.б.
Стандарт нормативті талапты белгілі бір деңгейде сақтайтын ісқағаз.
Патенттік құжаттар – құжаттар жиынтығы, жаңалықтар, өнертабыс және басқа өндіріс жекеменшігі, өнертабыс иелерінің құқығын қорғау.
Патентті құжат – жоғарғы дәрежедегі шындыққа жатады, себебі ол арнайы жаңалығы және пайдасы жайында экспертизадан өтеді.
Шығарылмайтын біріншілік құжаттарға:
- ғылыми-техникалық есептер;
- депонирленген қолжазбалар;
- диссертациялар;
- конструкторлық құжаттар;
- ғылыми аудармалар;
- өткізілген ғылыми-техникалық конференциялар, съездер, симпозиумдар және семинарлар жайындағы ақпараттық хабарламалар.
Екіншілік құжаттар және басылымдар. Олар анықтамалық, шолулық, реферативтік және библиографиялық болып бөлінеді
Анықтамалық құжаттар – анықтамалар, сөздіктер.
Шолулық басылымдарда - белгілі бір тақырыпта белгілі уақыт аралығында әбден талқыланып, жүйеленіп жинақталған мағылұматтар жарияланады.
Реферативтік – реферативтік жорналдар, жинақтар, қысқаша түсініктер жинағы. Реферативтік жорналдар - жорналды не карточка түріндегі периодты баспа.
Библиографиялық көрсеткіш – кітаптар не жорналдар басылымы.
Ол систематикалық және пәнді болып бөлінеді.
Екіншілік жарыққа шығарылмайтынға (непубликуемые): тіркеу және мағлұмат картасы, дисертацияның есеп картасы, қолжазбалар көрсеткіші, информациялық мағлұматтар жатады.
Құжаттар классификациясы. Оларды арнайы жинақтайтын құжаттар қоры болады. Көп тараған әмбебап ондық классификация (ӘОК), елу елде қолданылады. ӘОК – ол негізгі және қосымша кестелерден тұрады.
Негізгі кесте – индекске байланысты түсінік.
Қосымша кесте – индекстердің ары қарай жіктелінуі.
Ғылыми құжаттармен жұмыстарды ұйымдастыру. Зерттеушіге өзіне қажетті әдебиетті іздеу және таңдап алу қабілеті тән болуы керек, яғни екінші сөзбен айтқанда, библиография негіздерінен білімі болғаны артық емес.
Экспериментатор қажетті проблема бойынша әдебиет көздерін іздеу анықтамалық әдебиеттерден басталады (энциклопедия, сөздік, анықтамалар). Сонан соң ҒТИ есеп-тіркеу басылымдарымен және негізгі кітапханалардың библиографикалық көрсеткіштерімен танысу қажет.
Оқырман каталогы:
1) алфавитті
2) систематикалық
3) алфавитті пәндік
Әдебиеттермен жұмыс істеген кезде алдымен дұрыс оқу, түсіну, еске сақтау қажет.
Ғалымдар төрт негізгі мағлұмат әдісін ұсынады:
1) әріп бойынша оқу
2) буын бойынша оқу
3) сөйлем бойынша
4) түсінік бойынша
Есте сақтайтын материалды қысқаша жоспар құру, оны арнайы бөліктерге бөлу. Негізгі әдебиеттер: 1 [97-105, 121-130], 3 [18-22]
Қосымша әдебиеттер: 8 [55-58]
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық өнімдердің құрылым бірлігі?
2. Біріншілік құжаттар мен басылымдар.
3. Екіншілік құжаттар мен басылымдар.
4. Жарыққа шығарылатын және шығарылмайтын басылымдар.
5. Мерзімді басылымдар.
6. Құжаттық қорлардың кітапханалы-библиографиялық жіктелуі.
7. Конспект, ғылыми реферативті материалдар және материалға ғылыми шолу.
Достарыңызбен бөлісу: |