Негізгі капитал- бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу:негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:
- жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
- табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
- құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарьның бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуғапайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.