Негізгі ұлпа


Ассимиляциялаушы,қор жинаушы,қабылдаушы(сорушы),ауа алмастырушы(аэренхима)ұлпалар



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі67,27 Kb.
#14807
1   2   3   4   5
Байланысты:
Негізгі ұлпа

Ассимиляциялаушы,қор жинаушы,қабылдаушы(сорушы),ауа алмастырушы(аэренхима)ұлпалар

Көптеген оқулықтар мен оқу құралдарында бұл ұлпаларды негізгі немесе қоректік ұлпаға топтастырады.Өйткені бұлар өткізгіш және механикалық ұлпалардың арасын толтырып,өсімдіктердің барлық вегетативтік және генеративтік мүшелерінің негізгі ұлпалық құрылымын түзеді.Бұлар пішіні дөңгелек,сопақша,цилиндр тәрізді т.б болып келетін тірі паренхимиялық клеткалардан тұрады.Клетка цитоплазмасы клетка қабықшасын астарлап орналасады.Клетка қабықшасы әдетте жұқа,қарпайым,саңылауы,кейде қалыңдайды сүректенеді.

Пайда болу жағынан негізгі ұлпа әр уақытта да алғашқы,өйткені олар төбе меристемасының клеткаларының жіктелуінен өмірге келеді.Негізгі ұлпаларға алғаш рет анықтама берген И.сакс(1868)

Ассимиляциялаушы ұлпаларға тән ерекшелік –олардың құрамына енетін клеткаларда үнемі хлорофилл дәндерінің болуы.Сондықтан да бұл ұлпаны хлоренхима деп те атайды.Атқаратын негізгі қызметі – фотоцинтез жүргізу.Фотоцинтез кезінде көмірсуларының түзіуі хлоропластарға тән емес,күн сәулесінің түсуіне байланысты.Сондықтан хлоренхима негізінен жапырақ пен сабақ эпидермасының астында,кейде оданда тереңірек орналасады.Әдетте,хлоренхима жапырақта,шөптесін өсімдіктердің сабағында,сүректі өсімдіктердің сабағының алғашқы қабығының паренхимиясында ,шикі жемістерде,эпифиттердің ауа тамырларында жинақталады.

Өсімдіктердің әр түрлі мөлшеріндегі хлоренхима клеткаларының мөлшері мен пішіні бірдей емес.Жапырақтағы ассимиляциялаушы ұлпаларды бағаналы,борпылдақ(қос жарнақтыларда)және қатпарлы(қылқан жапырақтыларда)деп бөледі.Бағаналы паренхима клеткалары жапырақ бетінде тік бағытта созылып,бір-бірімен тығыз,тегіс қатар түзіліп орналасады.Мұнда хлорофилл дәндері басым болып келеді де,фотоцинтез жоғары қарқынмен жүреді Бағаналы паренхимадан төмен,яғни жапырақтың астыңғы бетіне қарай орналасқан паренхима клеткалары майда,пішіндері әр түрлі,клеткааралық қуыстары молдау болып орналасады Сондықтан да бұл паренхимияны борпылдақ паренхимия деп атайды.Бұл ұлпа клеткаларының құрамында хлорофилл болуына,ассимиляцияға қатынасуына қарамастан,олардың атқаратын негізгі қызметі - ауа алмастыру және транспирациялау(су буландыру)

Қатпарлы паренхима клеткалары қатпар түзіп орналасады. Сол арқылы қылқан жапырақтылардың жапырағының ассимиляциялаушы бетін ұлғайтады.

Қор жинаушы ұлпалар – өсімдіктер денесінде жүретін зат алмасудың нәтижесінде пайда болған органикалық заттармен су қорын жинауға бейімделген клеткалар тобы.Қор заттарды қатты және еріген күйде болады Қатты күйінде –крахмал,еріген күйінде қант жатады.Су тапшылығына ұшырап тұратын аймақтардың өсімдіктері су қорына бай.Қор заттарын жинау барлық тірі клеткаларға тән.Қор заттарын жинау барлық тірі клеткаларға тән.

Бағалы органикалық заттар шырынды жемістер мен тұқымдардың паренхимиясында,кейбір өсімдіктерде(фейхоа,алма,айва)күлте жапырақшалары болады

Тұқымда қор заттары жиналатын арнаулы орындар:эндосперм,перисперм және ұрықтың тұқым жарнақтарының паренхимиялары.

Ірі клеткалы су сақтайтын паренхима клеткаларының вакуоліндегі шырышты заттар ылғал ұстап,оның жұмсалуын реттеп отырады.

Қабылдаушы(сорушы)паренхимияға жататын ұлпалардың өсімдік тіршілігінде маңызы зор Сыртқы ортадан өсімдіктердің денесінде су және онда еріген заттар осы ұлпалар арқылы қабылданады. Қабылданушы ұлпалардың құрлысы қабылдайтын заттарына және өсімдіктердің денесіне орналасуына қарай әр түрлі.Соның біреуі – ризодерма (грекше «риза»-тамыр, «дерма»- тері)жас тамыр ұшы клеткаларының сыртқы қабаты.Өсімдік тамырына сыртқы ортадан су және онда еріген заттар осы ризодермадан өсіп шығатын тамыр түктері арқылы енеді.

Астық тұқымдастарының эндосперімі мен ұрық бөлімінің ортасында орналасқан қалқаншадағы сору қабаты тұқымның эндосперміндегі қорға жиналған органикалық заттардың ертіндісін өзіне сорып алып, оны өне бастаған ұрық клеткаларына береді. Паразитті өсімдіктер гаусторияларын өз иелерінің денесіне өндіріп, одан дайын органикалық заттарды қабылдайды.

Гидропоттар бір немесе бірнеше клеткалардың тобынан тұрады.Көбінесе су өсімдіктері жапырақтарының астыңғы беткейінен эпидермасында орналасып,суда еріген заттарды қабылдайды

Аэренхиманың(ауа алмастырушы) басқа ұлпалардан басты айырмашылығы –оны түзетін клеткалар пішінінің алуан түрлі болып келуі.Ол клеткалар бірде өзара ірі клетка аралық қуыстар қалдырып,енді бірде клеткалардан түзілген тізбектер ауа қуысын қоршап орналасады

Аэренхима өсімдіктердің су астындағы мүшелерінде,эпифиттердің ауа тамырларында,көбінесе тропика табиғат зонасында,мұхит жағалауларының батпақтарында өсетін кейбір ағаштардың тыныс тамырларында жақсы жетілген .Негізгі қызметі тамырды оттекпен кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет