Негізгі ұлпа



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі67,27 Kb.
#14807
1   2   3   4   5
Байланысты:
Негізгі ұлпа

Қоректік ұлпа.[өңдеу]

Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында, жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді. Сабақтың өзегінде, өзек сәулелерінде күзге қарай жапырақтың сүзгілі түтіктері арқылы ағып келген қанттан крахмал түзіледі. Қоректік заттардың қорға жиналуы өсімдіктің белгілі мүшелерін түрөзгеріске ұшыратады. Мысалы, картоп түйнегі алғашында жіңішке болса да крахмал қорға жиналған кезде қысқарып, жуандап түйнекке айналып түрін өзгертеді. Оның жер асты өркені екенін бірден түсіну қиын. Пиязшықтың жапырақтарда органикалық заттар қорға жиналғандықтан қалыңдап етженді болып түрін өзгертеді. Демек, жапырақтары – түрін өзгертен жер асты өркен. Қоректік ұлпалар сабақ пен жапырақтан басқа да мүшелерінде кездеседі. Мысалы, шалқан, сәбіз, қызылша өсімдіктерінің тамырында крахмал қоры жиналады. Тұқым ұрығының қоректік ұлпалар жарнағында (емен, үлмебұршақ, асбұршақ, күнбағыс, т.б.) және ұрықтан тыс эндоспермінде (үпілмәлік, көкнәр, шырмауық, қарабұрыш, астық тұқымдастардың дәнектері) болады, органикалық заттарды қорға жинайды.

Су қорын жинаушы қоректік ұлпаларда аты айтып тұрғандай су көп мөлшерде қорға жиналады. Шырынды өсімдіктерде (кактус, алоэ, агава, т.б.) де сортаң топырақта өсетіндерде (соран) су жинайтын жасушалары өте ірі, қабықшасы жұқа болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында 85 %-ға дейін су кездеседі. Бұл өсімдіктің күнделікті тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін су. Көптеген өсімдіктердің белгілі мүшелеріндегі арнаулы жасушаларында су қоры сақталады. Ол көбінесе суы тапшы жерде басқа бір өсімдікке жабысып өсетіндерде (эпифиттер) және өте шырынды өсімдіктерде кездеседі.

Суы тапшы, ауасы құрғақ, күн сәулесі көп түсетін жерде өсетін өсімдіктерді «ксерофиттер» дейді. Олардың құрамына жусан, изен, сиыр құйрық, кекіре сияқты өсімдіктер кіреді. Жасуша қабықшасы жұқа, вакуольі ірі, шырыны сұйық болып ыстық күнде қорға жиналған суды пайдаланады. Су қорын жапырағына жинайтындар: сораң, алоэ, агава, бозклем, жасаңшөп, ал сабағына жинайтындар кактустар, сүттігендердің біраз түрлері.

Ауа қорын жинаушы өсімдіктер сазды, батпақты, сулы ортада өседі. Суда өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы жасушаларының жасушааралық кеңістіктері өте кең болғандықтан жиналған ауа, оттегі және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етеді. Сонымен негізгі ұлпаға, фотосинтездеуші, органикалық заттар, су, ауаны қорға жинаушы ұлпалар кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет