Негізгі мақсаты



Дата27.09.2023
өлшемі22,22 Kb.
#110931
Байланысты:
Мектепалды сыныпта сабақ құрудың ерекшеліктері.


Балалардың мектепалды даярлығының негізгі мақсаты мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы, жеке, физикалық дамуын, білімді меңгеруге даярлығын қамтамасыз ету, балада оқу іс-әрекетін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері: балалардың мектепте оқуға мақсатты және жүйелі даярлығы; жеке қабілеттерін және дарындылығын дамыту; балаларды ұлттық, жалпыадами этикалық және мәдени құндылықтарға баулу, балалардың интеллектуалдық дамуы; жоғары рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру; балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту; білім берудің өзара сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұйымдастыру және өткізу білім беру бағдарламалары және базистік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, оның ішінде 20 сағат - ұйымдастырылған оқу әрекетіне, 4 сағат – вариативті компонентке қарастырылған.
Мектепалды даярлық сыныптарында оқу жылының ұзақтығы 32 оқу аптасын құрайды.
Мектепалды даярлық сыныптарында ұзақтығы 25-30 минуттан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны төрттен көп болмауы қажет. Әрбір сабақ арасындағы үзіліс ұзақтығы 10-12 минут болуы қажет, бұл кезде бірқалыпты қарқындылықпен қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарында білім беру мазмұны балалардың танымдық, қатынас, эстетикалық және физикалық әлеуетін дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметік орта» және «Шығармашылық» білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарында «Біз мектепке барамыз» білім беру бағдарламасы қолданылады. Бағдарлама мектепте оқытуда балалар даярлығының контекстінде бала тұлғасының психикалық және физикалық даму жағдайын қамтамасыз етуге бағдарланған балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қарастырады.
Білім беру үдерісінде тіл дамыту, жазу, санау, бейнелеу, құрастыру, жапсыру және т.б. қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендері қолданылады.

Мектепке әлеуметтік-психологиялық даярлық:
1. Оқыту мотивациясы (мектепке барғысы келеді; оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға қызығушылық танытады). 
2. Құрбыларымен және ересектермен тіл табыса білуі (бала қарым-қатынасқа тез ыңғайланады, агрессивті емес, сөйлесу кезінде мәселелі жағдайларынан шығып біледі, ересектердің беделін мойындайды). 
3. Оқыту міндетін қабылдай білу (мұқият тыңдау, қажеттілігі болса тапсырманы нақтылау). 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар және оқу­әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
 педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
 оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;
 балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
 пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
 мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Қазақстан Республикасы Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған. Бастауыш мектеп бағдарламасындағы «Жаратылыстану» сабағы бойынша жетекші идеясы ортақ 4 тақырып: «Жанды табиғат»; «Жансыз табиғат»; «Физикалық құбылыстар»; «Табиғатты қорғау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды. Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады. «Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар: 1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн). 2. Жоспарда ҰОҚ-ның сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді. Жоспар 3 бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған. Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды. Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптерінің барлық тапсырмалары ескерілген. Егер әліппе-дәптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар. Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай­ақ әліппе­дәптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу. Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін: 1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар? 2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма? Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма – өзі шешеді. Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады. Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:
технологиялық карта Қысқамерзімді жоспар 1 Оқу мақсатын педагог таңдайды. Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында айқындалған. 2 3 кезеңнен тұрады: – мотивациялық-қозғаушылық; – ұйымдастырушылықізденушілік; – рефлексивтік-түзетушілік. 3 кезеңнен тұрады: – ҰОҚ-ның басталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды қамтамасыз ету); – өмірлік тәжірибені өзектендіру; – ҰОҚ-ның соңы (қорытынды, рефлексия). 3 ҰОҚ­ның негізгі бөлімі: – ұйымдастырушылықізденушілік. ҰОҚ­ның негізгі бөлімі: – өмірлік тәжірибені өзектендіру. 4 ҰОҚ әдістемесі педагогтің басқарушылық іс-әрекетін және балалардың іс-әрекетін қарастырады. ҰОҚ әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар, ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін қарастырады. 5 ҰОҚ қорытындысы: рефлексия. ҰОҚ қорытындысы: рефлексия Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ­ның үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас. Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет