«Өнер білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден.
Жылдам хабар алғызды» деп дамыған озық елдердің мәдениетін тамсана тілге тиек еткен Ы.Алтынсарин аңсаған арманы шындыққа айналды. Тіпті, күнделікті тұрмыстың ажырамыс бөлігі болғанын мойындауымыз керек. Бүгінде алақандай экранның нүктесін басып қалсаңыз болғаны іздегенді тауып, сұрағанды аласыз. Әлеуметтік желі арқылы төрткүл дүниедегі жаңалықты біліп, адамдармен қолжетімді байланыса алатын жағдайға жеттік. Соңғы жылдардағы әлемде болып жатқан пандемия кезінде қоғамның барлық саласы онлайн форматта жұмыс жасауға көшті. Алғашында жаңалықты жатырқай қабылдап, тосырқағанымызды қоспағанда, бұл жүйе сандық дәуірдің енгенінен хабар бергендей еді. Мыңдаған платформалар, әлеуметтік жүйелер пайда болып, өркениеттің қажетін қанағаттандырды десем де болады. Уақыт өткен сайын жасанды интеллект дамуы артты. Қазір цифрлану процесі біздің еліміздің тұрмысына тез еніп, қолданысы кеңейе түсті. Мектептегі бүгінгі оқушы – ертеңгі жаһандану жаңалығының жаршысы болмасына кім кепіл? Болашақ бүгіннен деп ұрандатудың астарында үлкен жауапкершілк пен таудай талаптың бары сөзсіз. Олай болса зерделі ұрпағымыздың зейінді болуы ұлағатты ұстаздардың қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.https://u-s.kz/blog/kriterialdy_ba_alau_zh_jesin_informatika_p_nin_o_ytuda_oldanu/2014-12-07-62
2. https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=4&id=21
3. https://kaznpu.kz/docs/ums_rums/tup_kazz/7_5B011100.pdf
4. ZIATKER.RZ – 4-5 бет
Достарыңызбен бөлісу: |