Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


V Тарау. Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі



бет29/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

V Тарау. Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі


5.1 Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс

Түсіндірмелі – иллюстративтік, ақпараттық рецептивтік (қабылдау) әдіс.


Оны сипаттайтын белгілер:
-оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады.
-мұғалім әртүрлі тәсілдермен осы білімдерді меңгеруді ұйымдастырады.
-оқушылар білімді қабылдайды (рецепсия) және түсінп ұғады, оларды есінде сақтайды.
Бұл әдістегі мұғалімнің ролі ақпаратты және іс-әрекеттің әдістерін (мыс:есеп шығаруда) оқушылардың қабылдауын ұйымдастыруда. Егер оқушы оған берілген ақпаратты немесе іс-әрекетті жүзеге асыру жолдарын қабылдап, оны практикада қолдана білсе онда білім меңгерудің белгілі бір деңгейі туралы айтуға болады.
Мұғалім ақпаратты ауызша сөз (әңгімелеу, дәріс оқу, түсіндіру) арқылы, баспасөз(оқулық, анықтамалар, христоматия т.б.)арқылы, оқытудың көрнекі құралдары (демонстрация, кино-, видео-, диафильмдерді, сұлбалар және кестелер т.б.) арқылы, іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары(зертханалық жұмыстарды орындату, есептер шығару, жауаптың жоспарын құру және т.б.) арқылы іске асырады.
Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс білім берудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оның тиімділігін білім беретін әр түрлі оқу орындарының көп жылдық тәжірибесі дәлелдеді. Бұл әдіс оқытудың әр түрлі сатысында және барлық елдердің мектептерінде нақты орын алып, қолданылады. Оқытуда тек осы әдісті қолдану жеткіліксіз. Себебі бұл әдіс оқушылардың әзір ақпаратты түсініп, қабылдап, еске сақтауын ғана көздейді. Ал қазіргі оқытудың мақсатына сәйкес оқушылардың жан-жақты дамуын көздейтін, яғни жаңа білімге мұғалімнің басшылығымен өз бетімен жетуге тиісті әдістерді қолдану керек. Бұл әдісті көбіне мұғалімдер жаңа тақырыпты қарастырудың басында немесе жаңа білімді меңгеру үшін оқушыларда қажетті білім болмаған жағдайда қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мұғалімнің мақсаты білім қалыптасыруды неден бастауды(сөзбен түсіндіру, оқулықтан мәтінді оқыттыру немесе көрнекілікті қолдану арқылы беру т.б.)анықтау. Осы мақсатты шешу қарастырылатын материалдың сипатына, оқушылардың дайындық деңгейіне және т.б. байланысты.
Негізгі мектепте түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс басқа әдістермен бірігіп қолданылады. Бұл мектептегі оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері жаңа оқу материалын қабылдап, меңгертуде олардың әртүрлі іс-әрекеттерін сабақта алмастырып отыруды қажет етеді. Ал жоғарғы сыныптарда түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті қодануға болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет