Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет31/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

5.3 Проблемалық әдіс

Проблемалық әдісті қолдану барысында мұғалім білімді беруді ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы шешу жолдарын көрсетіп, ақыл-ой қызметінің таным прцесінің бір сатысынан екінші сатысына көшудің логикасымен оқушыларды таныстырады. Яғни, мұғалім проблеманы қойып, оны шешіп ғылыми танымның үлгісін көрсетсе, ал оқушылар бұл процестің логикасы мен нақтылығын бақылап, проблеманы шешудің кезеңдерін меңгереді. Орта мектептің физика курсында көптеген тақырыптарды проблемалық әдісті қолданып, білімді беруге болады. Мысалы: 11-сыныпта жарықтың табиғатын қарастырғанда Ньютонның корпускулалық теориясы мен Гюйгенстің толқындық теориясының қарама-қайшылығының нәтижесінде пайда болған проблеманы шешудің негізінде жарықтың табиғатына деген корпускулалық- толқындық дуализм идеясы пайда болды.


Сонымен оқу материалын проблемалық әдіспен беруде, әуелі проблема қойылып, оқымыстылардың болжамдары түсіндіріліп, ойша экспериментті талдау нәтижесінде қорытынды жасалынады. Мүмкін болса нақты эксперимент қойылады. Сонымен проблемалық оқытудың құрылымы:

  1. қарама-қайшылықты анықтап, оны қою;

  2. болжам жасау;

  3. проблеманы шешудің жоспарын құру;

  4. проблеманы шешу;

  5. болжамның дұрыстығын дәлелдеу;

  6. проблеманың шешімінің ой қызметінің және іс-әрекеттің әрі қарай дамуындағы маңызын анықтау.

Оқу материалын проблемалық әдіспен беру де мұғалім ауызша сөзді, баспасөзді, демонстрациялық немесе фронтальді және басқа да қажетті оқытудың құралдары мен әдістерін қоданады. Қандай әдісті немесе құралды қолданатындығы оқыту үрдісінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетерін ұйымдастыру жолына байланысты. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар берілген оқу ақпаратын саналы түрде түсініп, есте сақтап қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы шешудің логикасын көріп, сенімділігіне көз жеткізіп қана қоймай, талдауға қатысады. Соның нәтижесінде оқушылар таным процесінің жүзеге асу жолдарымен танысады.
Оқытудың мұндай әдісінде оқушылар тек қатысушы емес, сонымен қатар бақылаушылар ролінде болып , танымдық қиыншылықты шешуге байланысты жақсы сабақ алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет