Эксперименттіктәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің негізінде шешіледі.
Аналитикалықтәсілде есептің мазмұны жеке қарапайым элементтерге жіктеліп, жан-жақты талданып, соның негізінде табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың зандылықтары қарастырылады (жалпыдан жекеге көшу). Яғни есептің жауабына қатысты формуланы бірден тауып аламыз да, ол арқылы есепті басқа теріс жолдарға бұлтаңдатпай, оған берілген мәндерді қойып есептейміз. Бізді бірден есептің мақсатына жетелейді. Мұндай тәсілді сыныптағы оқушылардың білім дәрежесі (логикалық ойлауы мен математикалық ебдейлігі) жоғары болған жағдайда қолдану тиімді, әйтпесе, күрделі физикалық құбылыстарды дұрыс талдап,
оған қатысты формулаларды түрлендіріп, керекті ең соңғы теңдеуді шығарып алу балаларға қиынға соғады.
Синтетикалықтәсілмен (жекеден жалпыға көшу) шығарғанда, есептің берілгендері бойынша қандай шамаларды алдымен табуға болса, соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің шешуіне жетеміз. Бұл тәсілдің әдістемелік қолайлылығы, берілген сан мәндері арқылы алғашында мүмкін болған шамаларды оңай анықтап, есептің жауабына бірте-бірте келеміз, яғни ғылымдағы "қателесу жөне байқап керу" әдісіне ұқсас. Бірақ, бұл жол бізді әрқашан қажетті ақырғы формулаға алып келе бермей, кейде тіпті оқушыларды басқа теңдеулерге "алып қашып" кетуі де мүмкін. Есепті шешудегі аралық кезеңдерді дұрыс талдай білуді талап етеді.
8. Көп жағдайда физикалық есептер біріккен түрде аналитикалық - синтетикалықтәсілмен де шығарылады, ал кейде 4-5 тәсілдер араласып-қосылып, кешендіформада да шешіледі,
Физика есептерін шығаруда анықтамалық кестелер, логарифмдік сызғыш, микрокалькулятор, ЭЕМ, перфокарта, тексеру-оқыту машиналары, арнаулы дидактикалық тапсырмалар мен программаланған сын жұыстары жайлы оқу құралдар кең қолданылуы керек.
Жалпы алғанда, физика есептерін шығарудың әдістемесі мынадай негізгі кезеңдерден(мұғалімнің не оқушының қызметінен) тұрады:
Мысалы: массасы 200кг лифт кабинасы бірқалыпты үдемелі қозғалып шахтаға түседі. Бірінші 10сек 35 м жол жүрсе тростың керілу күші қандай?
Есепті шығарудың аналитикалық әдісі: 1) есептің мәтінін оқу және талдау, терминдер мен шамалардың мәндерін түсіндіру.
Мәтіні кітаптан 1 -2 рет оқу. Талдауды мынадай сұрақтарға жауап алу арқылы жүргізуге болады: 1) Есепте қандай нысан берілген? (нақты берілген нысан-тросқа ілінген лифт кабинасы; нақты берілмеген нысан-жер). 2)Лифт қалай қозғалып барады? Ол қандай қозғалыста? 3)10 секундта қандай тереңдікке түскен? 4)есептің талабы қандай?(Нені табуды сұрайды?) лифтіге қандай күштер әсер етеді?(тростың керілу күші Ғк, , ауырлық күші- mg,) олар қалай бағытталған?
2)есептің шартын жазу, тиісті сурет-сұлбаларды салу.
3) физикалық мағынасын ашу мақсатында есептің мазмұнын (құбылыстарды, процестерді) талдау, есепті шығаруға қажетті ұғымдар мен заңдарды қайталап, еске түсіру.
Ньютонның екінші заңы бойынша
→ → →
mа= mg,+Fк Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің проекциясы арқылы жазсақ: mа= mg,- Fк Осыдан тростың керілу күші F к = mg- mа.
4) физикалық константа g= 9,8 м/с2 (кестеден алынды) Бір қалыпты үдемелі қозғалыс үшін a=2h/t2 және mg мен mа күштерді табу арқылы, F к табылады. Ғк = m(g-2h/t2)
Есепті шығарудың синтетикалық әдісі: Бұл әдіспен есепті шығару есепте айтылатын нысанды сипаттайтын нақты берілген шамалардың арасындағы байланысты, содан кейін олармен анықталынатын шаманың(есептің талабы)арасындағы байланыс анықталынады. Жоғардағы есеп синтетикалық әдісіпен шығарылса:
1) есепте бірқалыпты үдемелі қозғалыс қарастырылады (V0= 0) Демeк, а = 2Һ/t2 2) Бұл үдеуді беретін күш лифт кабинасына әсер ететін күштердің тең әсерлі күші. Лифт кабинасына әсер ететін күштер: ауырлық күші мен тростың керілу күші.
Сондықтан Ньютонның екінші заңы бойынша:
→ → →
mа= mg,+Fк
Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің проекциясы арқылы жазсақ: mа= mg,- Fк
Осыдан тростың керілу күші F к = mg- mа= m(g-2h/t2)