Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы



бет52/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы:
Сұлба 22


Сұлба 23
 


Сұлба 24

Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарын өткізудің негізгі ерекшелігі – оқушылардың өз қызығушылығы бойынша ерікті түрде таңдауы.


Оқушылардың қызығушылығы бойынша жұмыстың әртүрлі формасын ұйымдастыру олардың жеке қабілеттілігін қалыптастырып, дамыта алады, белгілі бір салада қызметшілердің аса маңызды еңбек қызметі жөнінде түсінікке ие болады.
Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптердің бірі физика бойынша сабақтармен тығыз байланыс болып саналады. Бұл байланыстың екі жағы бар. Олардың біріншісі - физика пәні бойынша барлық сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың сабақта алған қабілеті мен білімі тірек болып табылады. Екіншісі - сабақтан тыс жұмыстардың барлық формасында ғылымға қызығушылығы бар және практика жүзінде іске асыра алатын оқушылардың физикаға деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсіп, білімін тереңдетуге және кеңейтуге қажеттілік тудыру.
Физика бойынша үйірмелер, олимпиадалар және кештер. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі бір формаларының бірі – пәндік үйірмелер болып табылады: физикалық, физикалық-техникалық, техникалық үйірмелер. Үйірме олимпиада мен кештерге қарағанда құрамында тұрақты оқушылармен үнемі жұмыс жасайды және мұғалімге оқу-тәрбиелік міндеттердің кең шеңберін бүкіл оқу жылы бойында нақтылы жүйеде шешуге мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыстың үш басты бағыты: білім беру, конструктивті-техникалық және оқу-зерттемелік бағыттар дәл сол үйірме жұмыстарында көрініс алады. Үйірме сабағының мазмұны әдетте сабақта алынған білімдер мен шеберліктерді тереңдету және кеңейтуге бағытталған. Мұндай типтегі үйірме жұмысының жоспары оқу жұмысының жоспарымен соншалықты тығыз байланыста болуы мүмкін, немесе едәуір автономды (дербес) болуы мүмкін.
Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы. Сыныптан тыс жұмыстар физика-техникалық үйірмелер түрінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірмелер физикалық (төменгі сыныптарда- «Жас физиктер», «Проекциялық және дыбыстық техника», «Жас конструктор», «Қызықты физика», «Қолдан физикалық приборлар жасау», ал жоғары сыныптарда – «Есеп шығару», «Физикалық теорияларды оқу», «Техниканың физикалық негіздері», «Физика-зерттеушілер», «Физик-экспнриментеторлар») және физика-техникалық (электромонтаж, электр, радио, фото, кино, электроника, авто-, авио-, кеме-, ракстамоделистер үйірмелері) болып бөлінеді. Үйірмедегі оқушылардың саны 10-15 баладан аспағаны дұрыс. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.
Физика-техникалық үйірмелер мынадай әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылады: 1) үйірмені ұйымдастыру туралы ұсыныс-тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастырылатындығын, оларды кімдер және қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің тізімін көрсетіп физкабинетке хабарландыру жазып қою керек, оны әр сыныпта талдап, насихаттау қажет; 2) үйірмеге оқушылар өз қалауымен қатысқаны абзал; 3) төменгі және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек-бөлек үйірме топтары болғаны жөн. 4) үйірмедегі балалардың жұмыстарына барынша ерік-ықтияр беру нәтижелі болады; 5) үйірме жұмыстарының тәрбиелік мәніне де (еңбек дағдысы, техникалық мәдениеті, эстетикалық маңызы) жеткілікті мән берген жөн. 6) олардың істеген жұмыстарын мектептегі барлық оқушыларға таныстырып ( көрме, конкурс, газет) тұру пайдалы; 7) үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.
Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет