Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша



бет14/15
Дата11.10.2024
өлшемі125,67 Kb.
#147750
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Информатика каз 11.01.19г (6) (1)

3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

19. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.


20. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:
1) Компьютер

Білім алушылар міндетті

Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.
Компьютердің құрылғылары




2.1.1.1
енгізу және шығару құрылғыларын ажырату;

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану;

4.1.1.1
компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру;

2.
Программалық қамтамасыз ету




2.1.2.1
файл мен бума туралы түсінік беру
2.1.2.2
файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою;
2.1.2.3 өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану;

3.1.2.1
қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану;




3.
Қауіпсіздік

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау;

2.1.3.1
цифрлық құрылғылар және интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену;
2.1.2.2
файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою;

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру;

4.1.3.1. сенімді пароль критерийлерін айқындау;

2) Ақпаратты ұсыну және өңдеу



Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып



1.
Мәтіндер




2.2.1.1 пернетақта симуляторында мәтін теру;
2.2.1.2. өз идеяларын мәтіндік редакторда жазу;

3.2.1.1. таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау;
3.2.1.2. мәтінді теру ережесін сақтау;
3.2.1.3. мәтінді өңдеу;
3.2.1.4. шрифт пен абзацты пішімдеу;
3.2.1.5. суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу;

4.2.1.1 мәтінде қарапайым кестелер жасау;

2
Графика




2.2.2.1 суреттің фрагментін көшіру және көрсету;
2.2.2.2 суретті өңдеу (кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

3.2.2.1 фотосуреттерді өңдейтін (жарық, контраст, жиектеме) программаларын қолдану;






3.
Презентациялар







3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым көрсетілімдерді жасау;
3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуды қолдану;
3.2.3.3 презентацияларды безендіру үшін дайын
дизайнды қолдану;

4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау;
4.2.3.2 презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру;
4.2.3.3 презентацияға дыбыс пен бейнені енгізу;

4.
Мультимедиа




2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану;
2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;




4.2.4.1
бейнеклиптерді жасау;
4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану;

3) Интернет желісінде жұмыс істеу





Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып



1.
Ақпараттар іздеу

1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну;

2.3.1.1 берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану;

3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі);

4.3.1.1
ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар);

2.
Ақпарат алмасу

1.3.2.1.
желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсінгенін көрсету;

2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;

3.3.2.1.
жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арнлаған мессенджерлерді пайдалану;
3.3.2.2. желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

4.3.2.1. браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);
4.3.2.2.
файлдары қоса берілген хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу;

4) Есептей білу



Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып



1.
Алгоритмдер

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру;



2.4.1.1. тармақталған алгоритмді іске асыру;
2.4.1.2. ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру;
2.4.1.3. мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру;

3.4.1.1. қайталауды қолданатын алгоритмдерді құрастыру (цикл);
3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;

4.4.1.1. кірістірілген циклды іске асыру;
4.4.1.2. логикалық операторларды пайдалану;
4.4.1.3. салыстыру операторларын пайдалану;

2.
Программалау

1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch)

2.4.2.1. программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасау
2.4.2.2. пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру
2.4.2.3. кейіпкерлер арасында мәтіндік диалог ұйымдастыру

3.4.2.1. дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу
3.4.2.2. программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу
3.4.2.3. бағдарламалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу
3.4.2.4. программалау ойын алаңында
ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру

4.4.2.1 айнымалыларды қолдану
4.4.2.2. жеке сценарийі бойынша ойын жасау




  1. Робототехника




Бөлімше

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып



1.
Жалпы робототехника

1.5.1.1. білім беру роботының негізгі моделін жинау; 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу;

2.5.1.1. роботқа арналған аудиофайлды жүктеу;
2.5.1.2. роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану;
2.5.1.3 құрылған роботты аудиторияға ұсыну;







2.
Роботтың қозғалысы

1.5.2.1. белгілі бір жылдамдықта роботтың қозғалысын ұйымдастыру;
1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру;
1.5.2.3. роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру;
1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру;
1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру;

2.5.2.1. ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру;

3.5.2.1. робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану;




3. Датчиктер мен қозғалтқыштар




2.5.3.1 программаны бастау үшін жанап өтетін датчикті қолдану;

3.5.3.1. жылдамдығын реттеу және орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату

4.5.3.1.
түс датчигін пайдалану;
4.5.3.2. ультрадыбыс датчигін қолдану;

21. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.

Бастауыш білім деңгейінің
1-4 сыныптарына арналған
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет