Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша


-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет3/15
Дата11.10.2024
өлшемі125,67 Kb.
#147750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Информатика каз 11.01.19г (6) (1)

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

16. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 6.2.1.4. кодында «6» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.


17. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
1) Компьютерлік жүйелер

Білім алушылар міндетті:






Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.
Компьютердің құрылғылары

5.1.1.1 ақпараттың цифрлық
тасымалдау құралдарын сипаттау

6.1.1.1 компьютерлік технологияның даму тарихы мен келешегі туралы әңгімелеу;
6.1.1.2
компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін түсіндіру

7.1.1.1 компьютердің жады түрлерінің мақсаттарын сипаттау (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады)

8.1.1.1 процессордың функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру

9.1.1.1 мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау

2. Программалық қамтамасыз ету




6.1.2.1
операциялық жүйелердің негізгі функцияларын атау;
6.1.2.2
IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану

7.1.2.1 бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру;
7.1.2.2 Түрлі форматтағы мұрағаттарды жасау және ашу




9.1.2.1
пайдаланушының қажеттілігіне қарай программалық жасақтаманы таңдау

3.
Компьютерлік желілер

5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу

6.1.3.1 сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіндіру

7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу

8.1.3.1
желінің өткізу қабілетін анықтау

9.1.3.1 бұлтты технологияларды қолданатын құжаттармен бірлескен жұмысты жүзеге асыру

2) Ақпараттық процестер






Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.
Ақпаратты ұсыну және өлшеу

5.2.1.1 әртүрлі ақпарат түрлерінің мысалдарын келтіру және ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну;




7.2.1.1 ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аударуды жүзеге асыру

8.2.1.1
ақпараттың көлемін анықтағанда алфавиттік тәсіл қолдану

9.2.1.1 ақпараттың қасиеттерін анықтау (маңыздылық, дәлдік, сенімділік, құндылық)


5.2.1.2 байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарының мысалын келтіру;
5.2.1.3 мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау;
5.2.1.4 компьютерге арналған барлық ақпарат екілік көрініс түрінде ұсынылғанын түсіндіру













2.
Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру

5.2.2.1 басып шығару үшін құжатты тиімді ұйымдастыру (бет параметрлерін орнату, алдын ала қарауды орындау);
5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу;
5.2.2.3 векторлық суреттер жасау және өңдеу;
5.2.2.4 растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түнідірмелер)

7.2.2.1
мәтіндік процессордағы кестелерді пішімдеу;
7.2.2.2 электрондық кестенің элементтерін пішімдеу;
7.2.2.3 электрондық кестеде диаграммаларды жасау;
7.2.2.4 ;
электрондық кестеде шартты пішімдеуді қолдану;
7.2.2.5 электрондық кестеде деректердің әртүрлі түрлерін қолдану;
7.2.2.6 электрондық кестеде есептеулер үшін формулаларды жасау

8.2.2.1
электрондық кестелер мәселелерді шешу үшін түрлі деректер пішімдерін пайдалану;
8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді пайдалану;
8.2.2.3 Электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалану;
8.2.2.4
кестеде көрсетілген функциялардың графиктерін құрастыру

9.2.2.1 «дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру;
9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау;
9.2.2.3
Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру




  1. Компьютерлік ойлау







Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

  1. 1. Модельдеу




6.3.1.1
3D-модельдер қолдану мысалдарын келтіру;
6.3.1.2
3D-редактордың мүмкіндіктерін сипаттау;
6.3.1.3
3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдарын пайдалану
6.3.1.4
айналу денелерін құру және оларды түрлендіру;
6.3.1.5
3D-редактордағы объектілердің модельдерін құру;
6.3.1.6
басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау




8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау

9.3.1.1 пПроцесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу

2.
Алгоритмдер




6.3.2.1
Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу

8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру

9.3.2.1 сұрыптау алгоритмдерін қолдану

3.
Программалау

5.3.3.1 роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін программалар жасау;
5.3.3.2 Роботты көрсетілген градусқа бұру үшін программалар жасау;
5.3.3.3
Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану;
5.3.3.4 Объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчикті пайдалану



6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу

7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу;
7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану;
7.3.3.3 Python программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолдану

8.3.3.1
While цикл операторын пайдалану;
8.3.3.2
for цикл операторын пайдалану
8.3.3.3
цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue, break, else)

9.3.3.1
Бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программалар жасау;
9.3.3.2
Екі өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программалар жасау;
9.3.3.3 PyGame; кітапханасын қосу
9.3.3.4
ойын терезесін жасау үшін PyGame кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;
9.3.3.5 Ойынның артқы фонын құру
9.3.3.6
Ойынға арналған дайын кейіпкерлер жүктеу
9.3.3.7 Кейіпкер қозғалысын программалау
9.3.3.8
пернетақтадан кейпкерлерді басқару;
9.3.3.9
Дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу
9.3.3.10 Ойынның нәтижелерін есептеу алгоритмін іске асыру

4. Робототехника

5.3.4.1 робот анықтамасын тұжырымдау;
5.3.4.2 Роботтардың түрлерінің үлгілеріне және оларды қолдану салаларына мысал келтіру;
5.3.4.3
Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктеріне мысалдар келтіру;
5.3.4.4 Гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципін түсіндіру













4) Денсаулық және қауіпсіздік



Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.
Эргономика

5.4.1.1 қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдау

6.4.1.1 Эргономика міндеттерін (барынша жайлылық пен тиімділік үшін) тұжырымдау және шешу

7.4.1.1
Пайдаланушы интерфейстердің эргономикалылығын бағалау

8.4.1.1 әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері туралы мысалдар келтіріп, қорғау әдістерін тиімді пайдалану

9.4.1.1 Компьютерде ұзақ уақыты жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау

2.
Ақпараттық қауіпсіздік



5.4.2.1 біреудің жұмысын көшіру заңсыздығы туралы айту;
5.4.2.2 құжаттарға арналған пароль орнату

6.4.2.1 Интернетке тәуелділіктің проблемаларын талқылау;
6.4.2.2 "Авторлық құқық", "плагиат" ұғымдарын түсіндіру
6.4.2.3
авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіру

7.4.2.1 компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау

8.4.2.1 желідегі пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернетте алаяқтық пен агрессия)

9.4.2.1 желідегі этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдары туралы айту

18. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес негізгі орта білім деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Информатика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілілік оқу жоспарының ұзақ мерзімді жоспарына қосымшасына сәйкес іске асырылады.

Негізгі орта білім деңгейінің
5-9 сыныптарына арналған
«Информатика» пәні бойынша
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет