Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен



бет5/6
Дата30.11.2022
өлшемі125,74 Kb.
#53668
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зат массасының сақталу заңы

8-сынып:





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырып \ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

8.1 Атомдағы электрондардың қозғалысы

Атомда электрондардың таралуы

8.1.3.1 - атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну

Энергетикалық деңгейлер.
№ 1 зертханалық тәжірибе «Атомдар модельдерін жасау»

8.1.3.2 - әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 - s және р орбиталдарының пішінін білу;
8.1.3.4 - алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды-графикалық формуларын жаза білу

Иондардың түзілуі

8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну

Қосылыстар формуласын құрастыру

8.1.3.6 -«нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру

8.1
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

8.2.3.1 - заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару

Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы.№ 1 көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе».
№ 2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттардың қатынасы»

8.2.3.2 - әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
8.2.3.3 - реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру; 8.2.3.4 - заттар массасының сақталу заңын білу

Химиялық реакция типтері

8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;

8.1
Металдар белсенділігін салыстыру

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.
№ 2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

8.2.4.1 - кейбір металдар басқаларға қараған-да тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 - белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 - металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.
№ 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»

8.2.4.4 -қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу;
8.2.4.5 -металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

Металдардың тұз ерітінді-лерімен реакциялары.
№ 3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

8.2.4.6 - металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу

Металдардың белсенділік қатары.
№ 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»

8.2.4.7 - эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 - металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау

2-тоқсан

8.2
Зат мөлшері

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы

8.1.1.1 - зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде – мольді білу және Авогадро санын білу;
8.1.1.2 - қосылыстың молярлық массасын есептей алу

Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

8.1.1.3 -масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу

8.2
Стехиометриялық есептеулер

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

8.2.3.5 - химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу

Авагадро заңы.Молярлық көлем

8.2.3.6 - Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Көлемдік қатынас заңы

8.2.3.7 - газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу;
8.2.3.8 - газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

8.2
Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

Отынның жануы және энергияның бөлінуі

8.3.1.1 - заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну;
8.3.1.2 - парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»

8.3.1.3 - экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;
8.3.1.4 - әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсіну

Термохимиялық реакциялар

8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

8.2
Сутек. Оттек және озон

Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
№ 2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

8.4.2.1 - сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
№ 4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».
№ 3 практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін тану»

8.4.2.2 - ауа құрамындағы және жер қырты-сындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу;
8.4.2.3 - оттекті алу және оның
қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

Оттек және озон

8.4.2.4 - оттектің аллотропиялық түр өзгеріс-терінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
8.4.2.5 - Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру

3-тоқсан

8.3
Химиялық элементтер-дің периодтық жүйесі

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы

8.2.1.1 - топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру

Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

8.2.1.2 - бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну;
8.2.1.3 - топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру

Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы

8.2.1.4 - периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау

Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері

8.2.1.5 - химиялық қасиеттері ұқсас элемент-тердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6 - химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру

Металдар және бейметалдар

9.2.1.7 - химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

8.3
Химиялық байланыс түрлері

Электртерістілік. Ковалентті байланыс

8.1.4.1 - электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

Иондық байланыс

8.1.4.2 - иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау

Кристалдық тор түрлері,
байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс

8.1.4.3 - заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру

8.3
Ерітінділер және ерігіштік

Заттардың суда еруі.
№ 5 зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу»

8.3.4.1 - заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;
8.3.4.2 - ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру

Заттардың ерігіштігі.
№ 4 практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»

8.3.4.3 - заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру;
8.3.4.4 - буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру

Еріген заттың массалық үлесі

8.3.4.5 - еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.
№ 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау»

8.3.4.6 - ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

4-тоқсан

8.4
Бейоргани-калық қосылыстар-дың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс

Оксидтер. № 6 зертханалық тәжірибе «Оксидтердің
қасиеттерін зерттеу»

8.3.4.7 - оксидтердің жіктелуін және қасиет-терін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Қышқылдар.
№ 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың
қасиеттерін зерттеу»

8.3.4.8 - қышқылдардың жіктелуін, қасиет-терін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Негіздер.
№ 8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу»

8.3.4.9 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Тұздар.
№ 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»

8.3.4.10 - тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
8.3.4.11 - тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты
зерттеу

8.4 Көміртек және оның қосылыстары

Көміртектің жалпы сипаттамасы

8.4.3.1 - көміртек неліктен көптеген қосылыс-тарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;
8.4.3.2 - табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері

8.4.3.3 - көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;
8.4.3.4 - көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу

Көміртектің қасиеттері.
№ 6 практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері».
Көміртектің оксидтері.
№ 7 практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу»

8.4.3.5 -көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.6 - көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 - көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.8 - көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру

8.4 Су

Табиғаттағы су

8.4.2.6 - судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
8.4.2.7 - судың табиғаттағы айналымын түсіндіру

Судың ластану себептері.
Судың кермектігі.
№ 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау»

8.4.2.8 - судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;
8.4.2.9 - судың «кермектігін» анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру;
8.4.2.10 - суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет