5. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
6. Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:
1) Заттардың бөлшектері;
2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) Химиядағы энергетика;
4) Химия және қоршаған орта;
5) Химия және өмір.
7. Оқу пәнінің мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер білім, түсінік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
8. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулар;
2) атомның құрамы мен құрылысы;
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы;
4) химиялық байланыстардың түрлері.
9. «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі;
2) химиялық реакциялардың жіктелуі;
3) зат массасының сақталу заңы;
4) металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
10. «Химиядағы энергетика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакциялардың жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориясы.
11. «Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) заттардың жіктелуі;
2) Жер химиясы;
3) көміртек және оның қосылыстары химиясы.
12. «Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.
13. 7-сыныпқа арналған «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Химия пәні». Таза заттар және қоспалар. Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химияның дамуы мен маңызы; химия кабинетіндегі және зертханасындағы қауіпсіздік техникасының ережелері; таза заттар және олардың физикалық қасиеттері, біртекті және әртекті қоспалар, заттарды тазарту және бөлу тәсілдері; жәй және күрделі заттар; элемент және химиялық қосылыстар.
№ 1 практикалық жұмыс «Техника қауіпсіздігі ережелері және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу».
№ 1 зертханалық тәжірибе «Заттарды және олардың қосылыстарын салыстыру».
№ 2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту».
2) «Заттар күйінің өзгеруі». Физикалық және химиялық құбылыстар; химиялық реакция; заттың агрегаттық күйлері; қатты, сұйық, бөлшектердің кинетикалық теориясына сәйкес газтәріздес заттардың құрылымы; заттардың салқындау, қыздыру және булану үдерістері.
№ 3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілерін зерттеу».
№ 4 зертханалық тәжірибе «Аспирин немесе салолдың салқындау үдерісін зерттеу».
№ 5 зертханалық тәжірибе «Судың қайнау үдерісін зерттеу».
№1 бақылау жұмысы.
3) «Атомдар. Молекулалар. Заттар». Атомдар мен молекулалар; атомдар мен молекулалардың айырмашылығы; химиялық элементтер; химиялық элементтердің символдары; элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу; жай және күрделі заттар; атомның құрамы мен құрылысы; ядро, протон, нейтрон, электрон; изотоптар; элементті аталуы және фундаменталды бөлшектерінің саны бойынша сипаттау.
4) «Ауа. Жану реакциясы». Ауа және оның құрамы; атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызы; жану үдерісі; заттың жану шарттары; тез тұтанатын, жанатын және жанбайтын заттар; отын, оттек, тұтану көзі; тұтану температурасы; металдар мен бейметалдардың жануы; жану реакциясының өнімдері.
№ 6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы».
№ 2 практикалық жұмыс/Көрсетілім «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттегінде жануын салыстыру».
№ 2 бақылау жұмысы.
5) «Химиялық реакциялар». Табиғи қышқылдар мен сілтілер; «қышқылдық» және «сабынды» қасиеттері; индикаторлар, әмбебап индикатор, рН шкала метилоранж, лакмус, фенолфталеин; индикаторлардың түрлі орталардағы түстерінің өзгеруі; қышқылдар мен сілтілер; антацидті заттар; бейтараптану реакциясы; сұйылтылған қышқылдар; қышқылдардың қолданылу аймақтары; қышқылдармен жұмыс жүргізу ережелері; сұйылтылған қышқылдардың түрлі металдармен әрекеттесуі; сутекке сапалық реакция; карбонаттар; сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі; көмірқышқыл газына сапалық реакция.
№ 7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау».
№ 8 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы».
№ 9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы».
№ 10 зертханалық жұмыс «Сутекке сапалық реакция».
№ 3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция».
6) «Химиялық элементтердің периодтық кестесі». Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы; И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің элементтерді жіктеуі; периодтық заң; периодтық кестенің құрылымы; периодтық кестенің құрылу принципі; атом нөмірі; ядро заряды; атомдағы элементер бөлшектер;
7) «Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формулалар». Изотоптар қоспасы, табиғи изотоптар; салыстырмалы атомдық масса; салыстырмалы молекулалық/формулалық масса; химиялық формула; химиялық элементтердің валенттілігі, бинарлы қосылыстардың формулаларын құрастыру; қосылыстардағы атомдардың қатынастары.
Есептеуге берілген есептер: салыстырмалы молекулалық массаны есептеу.
№ 3 бақылау жұмысы.
8) «Адам ағзасындағы химиялық элементтер». Қоректік заттар; адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K); химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы; адам ағзасындағы микро-, макроэлементтердің биологиялық рөлі; тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі.
№ 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау».
№ 11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу».
9) «Геологиялық химиялық қосылыстар». Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар; кен орны; кен; кеннің құрамы; минералдар; табиғи ресурстарды өндіру; металдарды алу; Қазақстанның пайдалы қазбалары; минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері.
№ 4 бақылау жұмысы.
14. 8-сыныпқа арналған «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Атомдардағы электрондардың қозғалысы». Атомдардағы электрондардың орналасуы; энергетикалық деңгейлер; s және p орбитальдарының пішіндері; электрондық конфигурация; электронды-графикалық формула; ион; иондардың түзілуі; «нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формулаларын құрастыру.
№1 зертханалық тәжірибе «Атомдардың модельдерін жасау».
2) «3аттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері». Химиялық формула; химиялық реакция теңдеулері; заттардың массасының сақталу заңы; химиялық реакциялардың типтері: бірігу, ажырау, алмастыру, алмасу; табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар.
№ 1 көрсетілім «Заттардың массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе».
№ 2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттардың массасының қатынасы».
Есептеуге берілген есептер: химиялық формула бойынша химиялық бірігудегі элементтің массалық үлесін есептеу; элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтау.
3) «Металдардың химиялық белсенділігі». Металдардың тотығуы; металдардың жемірілуі; металдардың сумен әрекеттесуі; металдардың қышқыл ерітінділерімен, металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; металдардың белсенділік қатары; металдардың белсенділігін салыстыру.
№ 2 көрсетілім «Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі».
№ 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітіндісімен әрекеттесуі».
№ 3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру».
№ 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру».
№ 1 бақылау жұмысы.
4) «Заттың мөлшері». Заттың мөлшері; моль; Авогадро саны; заттың молярлық массасы.
Есептеуге берілген есептер: жәй және күрделі заттардың салыстырмалы молярлық массасын есептеу; химиялық формула бойынша заттың молярлық массасын, массасын және заттың мөлшерін есептеу; заттың белгілі мөлшеріндегі атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу;
5) «Стехиометриялық есептеулер». Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептер шығару; молярлық көлем; газдардың салыстырмалы тығыздығы; көлемдік қатынастар заңы; қалыпты және стандартты жағдайлар.
Есептеуге берілген есептер: химиялық формула бойынша заттың молярлық массасын , массасын және заттың мөлшерін есептеу; заттың берілген массасы немесе заттың мөлшері бойынша атомдар мен молекулалардың сандарын есептеу; химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу; қалыпты жағдайлардағы газдың көлемін, газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу; оттек және ауа бойынша газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу; заттың мөлшері, молярлық масса, газдың молярлық көлемі, Авогадро заңы ұғымдарын пайдаланып формулалар бйынша есептеулер жасау; химиялық реакциялар кезіндегі газдардың көлемдік қатынастары түсініктерін қолданып есептеулер жасау.
6) «Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу». Отынның жануы және энергияның бөлінуі; көміртекті отынның жануы кезінде көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілуі мүмкіндігі; жылыжайлық эффектіcінің себептері және шешу жолдары; экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар; әртүрлі отындардың потенциалы; қоршаған ортаға әсері; кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия өзгерісі; реакцияның жылу эффектісі; термохимиялық теңдеулер;
№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар».
Есептеуге берілген есептер: реакциялардың термохимиялық теңдеулері бойынша реакцияның жылу эффекттісін есептеу.
7) «Сутек. Оттек және озон». Сутек – химиялық элемент және жәй зат, сутектің изотоптары (протий, дейтерий және тритий); сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы; оттек – химиялық элемент және жәй зат, оттектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы; сутектің және оттектің бинарлы қосылыстары; табиғатта таралуы; оттектің аллотропиялық түрөзгерісі, озон; сутек пен оттекті алу; Жер бетіндегі озон қабатының маңызы.
№ 4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ажырауы».
№ 2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттеу».
№ 3 практикалық жұмыс «Сутектің переоксидінен оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу».
Есептеуге берілген есептер: реакцияға қатысатын немесе реакция нәтижесінде түзілген өнімнің белгілі массасы, заттың мөлшері немесе көлемі бойынша заттың массасын, заттың мөлшерін, (газдың) көлемін есептеу.
№ 2 бақылау жұмысы.
8) «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі». Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы, периодтың, топтың, атом нөмірінің физикалық мәні; химиялық элементтердің атомдарының кейбір қасиеттері мен сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі; периодтық жүйедегі орыны бойынша элементтің сипатталуы; химиялық элементтердің табиғи тектестері; сілтілік металдардың, галогендердің, инертті газдардың тектестері; металдар мен бейметалдар; периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиеттері.
9) «Химиялық байланыс түрлері». Химиялық элементтердің электртерістілігі, атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі, ковалентті полярлық және полярлық емес байланыс, иондық байланыс, заттың аморфты және кристалдық күйлері, кристалл торларының типтері, заттардың қасиеттерінің оның құрылысына тәуелділігі.
10) «Ерітінділер және ерігіштік». Заттардың суда еруі, заттардың судағы ерігіштігі бойынша жіктелуі; ерітінділер; еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар; ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі рөлі; заттарды ерігіштігіне температураның әсері.
№ 5 зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу».
№ 4 практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері».
№ 5 практикалық жұмыс «Берілген пайыздық және молярлық концентрациялы ерітінділерді дайындау».
Есептеуге берілген есептер: заттардың судағы ерігіштігін есептеу; тығыздығы мен көлемі бойынша ерітіндінің массасын анықтау, еріген заттың және еріткіштің массасын, еріген заттың массалық үлесін есептеу; ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу.
№ 3 бақылау жұмысы.
11) «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары». Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс; қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы; негіздер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы; тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы; бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс.
№ 6 зертханалық тәжірибе «Оксидтердің химиялық қасиеттерін зерттеу».
№ 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу».
№ 8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеу».
№ 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы».
Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, заттың мөлшерін, көлемін есептеу; ерітіндінің белгілі массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және заттың мөлшерін есептеу.
12) «Көміртек және оның қосылыстары». Көміртектің жалпы сипаттамасы; табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуы; көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері; көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолдану аймағы; көміртектің қасиеттері; көміртектің оксидтері және олардың қасиеттері; тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсері; көміртектің табиғаттағы айналымы.
№6 практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері».
№7 практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттері зерттеу».
Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, заттың мөлшерін, көлемін есептеу; ерітіндінің белгілі массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және заттың мөлшерін есептеу.
13) «Су». Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы, табиғаттағы су, су – табиғи әмбебап еріткіш, сулы ерітінділер және жүзгіндер, судың бірегей қасиеттері және оның өмір үшін маңызы; судың табиғаттағы айналымы; судың ластану себептері; судың кермектігі және оны жою тәсілдері; судың және сулы ерітінділердің табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы; суды тазарту әдістері; ауыз суын тазарту, Қазақстан Республикасындағы ауыз су мәселесі, су басейнін ластанудан қорғау, Қазақстандағы су ресурстарының экологиялық мәселелері; сусыз мыс (ІІ) сульфатының көмегімен суды анықтау әдісі.
№ 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау».
Есептеуге берілген есептер: еріген заттың массалық үлесін, еріткіштің, еріген заттың массасын есептеу.
№ 4 бақылау жұмысы.
15. 9-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
1) «Электролиттік диссоциация». Электролиттер және бейэлектролиттер, С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары, электролиттік диссоциациялану механизмі; ерітінділердің немесе заттың балқымаларының электр өткізгіштігінің химиялық байланыс түріне тәуелділігі; күшті және әлсіз электролиттер, диссоциациялану дәрежесі, қышқыл, сілті және тұздардың судағы ерітінділерінде электролиттік диссоциациялануы, көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы, ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары; электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің химиялық қасиеттері; тұздар гидролизі.
№ 1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полярлық байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы».
№ 1 зертханалық тәжірибе «Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН -ын анықтау».
№ 1 практикалық жұмыс «Ион алмасу реакциялары».
№ 2 зертханалық тәжірибе «Тұздар гидролизі».
Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың мөлшерін, массасын, реакция өнімінің көлемін есептеу; диссоциациялану дәрежесін есептеу.
2) «Бейорганикалық заттарға сапалық талдау». Катиондарға сапалық реакциялар; жалын түсінің боялуы бойынша Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау; аниондардың сапалық реакциялары; бейорганикалық қосылыстардың құрамын сапалық талдау.
№ 3 зертханалық тәжірибе жалын түсінің боялуы бойынша «Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын анықтау».
№ 4 зертханалық тәжірибе «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар».
№ 5 зертханалық тәжірибе «Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32 аниондарын анықтау».
№ 2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау».
Есептеуге берілген есептер: егер әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілсе химиялық теңдеулер бойынша есептеу.
3) «Химиялық реакциялардың жылдамдығы». Химиялық реакциялардың жылдамдығы; химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар; бөлшектердің кинетикалық тұрғысынан реакция жылдамдығы; катализаторлар; ингибиторлар; катализаторлар мен ингибиторлардың реакция жылдамдығына әсері.
№ 2 көрсетілім «Түрлі химиялық реакциялардың жылдамдығы».
№ 6 зертханалық тәжірибе «Концентрацияның температурасы мен бөлшектер көлемінің реакция жылдамдығына әсері».
№ 3 практикалық жұмыс «Реакция жылдамдығына катализатордың әсері».
4) «Қайтымды реакциялар». Химиялық тепе-теңдік; тепе-теңдік динамикалық үдеріс ретінде; химиялық тепе-теңдіктің ығысуы; Ле-Шателье-Браун принципі; химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлардың өзгерісінің әсері; бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан химиялық тепе-теңдік.
№ 3 көрсетілім «Қайтымды химиялық реакциялар».
№ 7 зертханалық тәжірибе «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы».
5) «Тотығу-тотықсыздану реакциялары». Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, қосылыстардың формулалары бойынша химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік, тотығу-тотықсыздану реакциялары; электрондық баланс әдісі.
6) «Металдар мен қорытпалар». Металдардың жалпы сипаттамасы; металдық байланыс пен металдық кристалдық тор; темір мен мыстың физикалық және химиялық қасиеттері; металдардың тек тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсетуі; темір қорытпалары және олардың қолданылуы; металлургия туралы түсінік, шойын мен болат өндірісі; Қазақстанда металлургияның дамуы, металдар мен олардың қорытпаларын алу, Қазақстандағы металдар және оның қосылыстарының маңызды кен орындары; металдарды өндіру үдерістері, қоршаған ортаға әсері; металдарды алу.
№ 4 көрсетілім «Металдардың кристалдық торы модельдері».
№ 5 көрсетілім «Металдар және қорытпалар».
Есептеуге берілген есептер: егер құрамында қоспаның белгілі бір массалық үлесі бар басқа заттың массасы белгілі болған жағдайда реакция теңдеуі бойынша заттың массасын есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу.
7) 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топтар элементтері және олардың қосылыстары. 1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары; атомдары құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттері; сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері және олардың қолданылуы; 2 (ІІ)-топ элементтері және олардың қосылыстары; 1 (І)-ші және 2 (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттері; кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттері және олардың қолданылуы; 3 (ІІІ)-топ элементтері; алюминий және оның қосылыстары; алюминийдің қосылыстары мен қорытпаларынның қолдану аймағы; алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттері.
№ 6 көрсетілім «Натрийдің, кальцидің сумен әрекеттесуі».
№ 8 зертханалық тәжірибе «Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі».
№ 7 көрсетілім «Алюминий мен оның қорытпалары».
№ 9 зертханалық тәжірибе «Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі».
№ 4 практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.
Есептеуге берілген есептер: егер құрамында қоспаның белгілі массалық үлесі бар басқа заттың массасы белгілі болғанда, заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу.
№ 2 бақылау жұмысы.
8) 17 (VII), 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) - топтарының элементтері және олардың қосылыстары. (VII) топ элементтері, галогендер; байланыс түрі және кристалдық тор типі; топтағы галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; хлор; хлордың химиялық қасиеттері: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі; хлорсутек қышқылының құрамы қасиеттері мен қолданылуы; 16 (VI)-топ элементтері, күкірт, күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттері, күкірттің негізгі қосылыстары және олардың физикалық және химиялық қасиеттері; қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсері; күкірт қышқылы, күкірт қышқылы және оның тұздарының жалпы және ерекше қасиеттері, қасиеттері мен қолданылуы; 15 (V)-топ элементтері: азот, азоттың қасиеттері және табиғаттағы азот айналымы; аммиак, аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы; аммиак өндірісі; (Габер синтезі): азот қышқылы; азот қышқылының қасиеттері; азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері; фосфор және оның қосылыстары; фосфорды аллотропиялық түрлендіру; фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары; фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттері; минералды тыңайтқыштар, олардың Қазақстанда өндірілуі және оларды тиімді қолдану; азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсері; 14 (IV) - топ элементтері; кремний және оның қосылыстары; кремнийдің қолданылу аймағы және оның жартылай өткізгіш ретінде маңызы; сұйық кристалдар, кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типі; кремний мен оның қосылыстарының химиялық қасиеттері; Қазақстандағы силикат өнеркәсібі;
№ 8 көрсетілім «Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері».
№ 5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу».
№ 10 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделін дайындау».
№ 11 зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделін дайындау».
№ 6 практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу».
№ 12 зертханалық тәжірибе «Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері».
№ 9 көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар».
№ 10 көрсетілім «Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торларының модельдері».
Есептеуге берілген есептер: химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу, бірі зат бастапқы заттардан артық берілген есептер; егер реакция өнімінің практикалық шығымының массалық үлесі белгілі болса, химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу; құрамындағы қоспаның массалық үлесі бар басқа заттың массасы бойынша реакция өнімінің массасын есептеу.
9) «Адам ағзасындағы химиялық элементтер». Адам ағзасының химиялық құрамы; макроэлементтер және микроэлементтер, олардың маңызы; адам ағзасының құрамына кіретін элементтер және олардың маңызы: (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe); Қазақстан тұрғындарының теңгерімді тамақтану рационы; ағзадағы кейбір элементтерді анықтау; ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы көздері, ауыр металдардың ағзаларға әсері.
№ 13 зертханалық тәжірибе «Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау».
№ 14 зертханалық тәжірибе «Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау».
№ 3 бақылау жұмысы.
10) «Органикалық химияға кіріспе». Органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы, А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары; органикалық заттардың ерекшеліктері; органикалық қосылыстардың жіктелуі; функционалдық топ түсінігі; органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары; органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары; органикалық қосылыстардың номенклатурасы; органикалық қосылыстардың изомериясы;
№ 11 көрсетілім «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері».
№ 12 көрсетілім «Алкандардың алғашқы бес өкілдерінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері».
№ 13 көрсетілім «Пентан изомерлерінің модельдері».
Есептеуге берілген есептер: элементтердің массалық үлесі және салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формулаларын табу.
11) «Көмірсутектер. Отын». Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы, қаныққан көмірсутектер, алкан, метан, қанықпаған көмірсутектер,алкендер, этилен, алкиндер,ацетилен; арендер, бензол; көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері, көмірсутекті отындар; табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу; көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер, көмірсутектерді экономиканың түрлі салаларында және тұрмыста пайдалану; альтернативті отын түрлері; мұнай, мұнай фракциялары және шикі мұнай өнімдерінің қолдану аймағы.
№ 14 көрсетілім «Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі».
№ 15 көрсетілім «Отын түрлері».
№ 16 көрсетілім «Мұнай және мұнай өнімдері».
Есепетеуге берілген есептер: реакция өнімінің массасы немесе көлемі және белгілі заттың салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттың формуласын анықтау;
12) «Оттекті және азотты органикалық қосылыстар». Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы, метанол, этанол, спирттердің улылығы және этил спиртінің адам организміне зиянды әсері, оттекті органикалық қосылыстардың өкілдері; этандиол, пропантриол, этан қышқылы, глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлозаның қолданылуы; карбон қышқылдары, күрделі эфирлер мен майлар, сабын, синтетикалық жуғыш заттар, синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсері; көмірсулар, нәруыздар, аминқышқылдары; биологиялық маңызды органикалық қосылыстар, Қазақстанның тамақ өнеркәсібі.
№ 15 зертханалық тәжірибе «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу».
№ 16 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы».
Есептеуге берілген есептер: егер құрамында қоспаның массалық үлесі бар басқа заттың массасы белгілі болған жағдайда, реакция теңдеуі бойынша органикалық заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу; өндірістік және экологиялық мазмұндағы теориялық мүмкін мәнімен саластырғандағы заттың шығымы массасын есептеу; метан, бутан, этанолдың жану реакция теңдеуі бойынша оттектің, ауаның көлемдерін есептеу.
№ 4 бақылау жұмысы.