Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен



бет6/6
Дата30.11.2022
өлшемі125,74 Kb.
#53668
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

9-сынып:





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

9.1
Электролит-тік диссоциация

Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№ 1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»

9.4.1.1 - электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 - заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру

Электролиттік диссоциациялану теориясы

9.4.1.3 - электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.4 - иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру

Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы.
№ 1 зертханалық тәжірибе «Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН-ын анықтау»

9.4.1.5 - ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін ажырату;
9.4.1.6 - қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру

Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

9.4.1.7 -күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу

№ 1 практикалық жұмыс «Ион алмасу реакциялары»

9.2.2.1 - алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.2.2.2 - ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру

Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері

9.3.4.1 - қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.2 - қышқылдар және негіздер,орта тұздар-дың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау

Тұздар гидролизі.
№ 2 зертханалық тәжірибе
«Тұздар гидролизі»

9.3.4.3 - орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 - орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 - орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау

9.1
Бейорганика-лық қосылыстар-дың сапалық талдауы

Катиондарға сапалық реакциялар.
№ 3 зертханалық тәжірибе «Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау».
№ 4 зертханалық тәжірибе «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар»

9.4.1.8 - Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау;
9.4.1.9 - Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізу

Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе «Сулы ерітіндідегі Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтау»

9.4.1.10 - хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау

№ 2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосы-лыстар құрамынының сапалық талдауы»

9.4.1.11 - белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру

Есептер шығару «Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер»

9.2.3.1 - әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

9.1 Химиялық реакция жылдамдығы

Химиялық реакциялар-дың жылдамдығы.
Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар.
№ 2 көрсетілім «Әртүрлі реакциялар жылдамдығы».
№ 6 зертханалық тәжіри-бе «Реакция жылдамды-ғына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері»

9.3.2.1 - реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 - реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Катализаторлар. Ингибиторлар.
№ 3 практикалық жұмыс «Реакция жылдамдығына катализатордың әсері»

9.3.2.3 - катализатордың реагенттен айырмашы-лығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
9.3.2.4 - реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

9.1
Қайтымды реакциялар

Қайтымды және қайтым-сыз химиялық реакция-лар. Химиялық тепе-теңдік № 3 көрсетілім
«Қайтымды химиялық реакциялар».
№ 7 зертханалық тәжірибе
«Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы»

9.3.3.1 - қайтымды және қайтымсыз реакция-ларды біл;
9.3.3.2 - тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау;
9.3.3.3 - химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату;
9.3.3.4 - химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

2-тоқсан

9.2
Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотығу дәрежесі.
Тотығу және тотықсыздану

9.2.2.3 - тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;
9.2.2.4 - тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

9.2.2.5 - тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 - тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну

Электрондық баланс әдісі

9.2.2.7 - электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

9.2
Металдар мен құймалар

Металдардың жалпы сипаттамасы.
№ 4 көрсетілім «Металдардың кристалдық тор модельдері»

9.1.4.1 - металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу;
9.1.4.2 - металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру

Металдар құймалары.
№ 5 көрсетілім «Металдар және құймалар»

9.1.4.3 - құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу;
9.1.4.4 - шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
9.4.2.5 - Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Металдарды алу

9.4.2.6 - кеннен металды алу үдерісін сипаттау

Есептер шығару «Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу»

9.2.3.2 - қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу

9.2
1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары

1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары.
№ 6 көрсетілім «Натрийдің сумен әрекеттесуі»

9.2.1.1 - атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру;
9.2.1.2 - сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыс-тары. № 8 зертханалық тәжірибе «Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі»

9.2.1.3 - 1 (І)- ші және 2 (ІІ) топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.4 - кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау

13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары. № 7 көрсетілім «Алюминий мен оның құймалары».
№ 9 зертханалық тәжіри-бе «Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі»

9.2.1.5 - атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау;
9.2.1.6 - алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу

№ 4 практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару

9.2.1.7 - 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу

3-тоқсан

9.3
17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары

Галогендер

9.1.4.5 - галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау;
9.2.1.8 - топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау

Хлор

9.2.1.9 - хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі

Хлорсутек қышқылы.
№ 10 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу»

9.2.1.10 - хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу

16 (VI)-топ элементтері. Күкірт.
№ 7 көрсетілім
«Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері»

9.2.1.11 - 16 (VI)-топ элементтерінің жалпы қасиетін сипаттау;
9.2.1.12 - күкірттің аллотропиялық түр өзгеріс-терінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру

Күкірттің қосылыстары

9.2.1.13 - күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыс-тыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.2.1 - қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;

Күкірт қышқылы және оның тұздары.
№ 5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»

9.2.1.14 - күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстыр-ғандағы реакция өнімі шығымының массалық/ көлемдік үлестеріне есептеулер»

9.2.3.3 - теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу

Азот. № 11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі»

9.2.1.15 - азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру

Аммиак. № 12 зертхана-лық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделі»

9.1.4.6 - аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру

Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданы-луы. № 6 практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу».
Аммиак өндірісі

9.2.1.16 - аммиакты ты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру;
9.2.1.17 - аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу;
9.3.3.5 - аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау

Азот қышқылы.
№ 13 зертханалық тәжірибе
«Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»

9.1.4.7 - азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
9.2.1.18 - азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;
9.2.1.19 - азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу

Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері

9.2.1.20 - сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.21 - нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру

Фосфор және оның қосылыстары

9.2.1.22 - фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
9.4.2.2 - фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
9.2.1.23 - фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру

Минералды тыңайтқыштар.
№ 8 көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар»

9.4.2.3 - минералды тыңайтқыштардың жікте-луін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау
9.4.2.4 - азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу




Кремний және оның қосылыстары.
№ 9 көрсетілім
«Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері»

9.2.1.24 - кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру;
9.1.4.8 - кремний, оның диоксиді мен карбидін-дегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау;
9.2.1.25 - кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру

9.3
Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Адам ағзасының химиялық құрамы.
Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы

9.5.1.1 - адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe);
9.5.1.2 - Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру

Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау.
№ 14 зертханалық тәжірибе «Сүйек құра-мындағы кальцийді анықтау». № 15 зертханалық тәжірибе
«Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау»

9.5.1.3 - адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру;
9.5.1.4 - тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау

Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы

9.5.1.5 - қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру

4-тоқсан

9.4 Органикалық химияға кіріспе

Органикалық заттардың ерекшеліктері

9.4.3.1 - органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру

Органикалық қосылыс-тардың жіктелуі.
№ 10 көрсетілім «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері»

9.4.3.2 - көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
9.4.3.3 - функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру

Органикалық қосылыс-тардың гомологтық қатарлары. № 11 көрсеті-лім Алкандардың алғаш-қы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері»

9.4.3.4 - гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу

Органикалық қосылыстардың номенклатурасы

9.4.3.5 - органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану

Органикалық қосылыс-тардың изомериясы.
№ 12 көрсетілім «Пентан изомерлерінің модельдері»

9.4.3.6 - изомерия құбылысын білу және көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыру

Есеп шығару «Элемент-тердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газтектес заттардың молекулалық формуласын табу»

9.2.3.4 - газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

9.4 Көмірсутек-тер. Отын

Алкандар

9.4.3.7 - алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.8 - еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру

Алкендер.
№ 13 көрсетілім «Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі»

9.4.3.9 - қанықпағандық ұғымын сипаттау;
9.4.3.10 - этен мысалында алкендердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.11 - полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.4.3.12 - пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу

Алкиндер

9.4.3.13 - этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу

Ароматты көмірсутектер. Бензол

9.4.3.14 - бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау

Көмірсутекті отындар.
№ 14 көрсетілім «Отын түрлері»

9.4.3.15 - құрамында көміртек бар қосылыстар-дың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16 - Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Мұнай.
№ 15 көрсетілім «Мұнай және мұнай өнімдері»

9.4.3.17 - мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау

9.4
Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Оттекті органикалық заттар. Спирттер

9.4.3.18 - оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
9.4.3.19 - спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
9.4.3.20 - метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.3.21 - этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу

Карбон қышқылдары.
№ 16 зертханалық тәжі-рибе «Сірке қышқылы-ның қасиеттерін зерттеу»

9.4.3.22 - карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау

Күрделі эфирлер мен майлар

9.4.3.23 - күрделі эфирлер мен майлардың ерек-шеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру

Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар

9.4.3.24 - сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;
9.4.3.25 - синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Көмірсулар

9.4.3.26 - көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

Амин қышқылдары.
Нәруыздар.
№ 17 зертханалық тәжірибе
«Нәруыздардың денатурациясы»

9.4.3.27 - нәруыздағы α- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28 - нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29 - нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет