Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет4/22
Дата09.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#80757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2.Қосымша материалдар1

6-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


  1. 5-сыныптағы математика курсын қайталау.

  2. «Қатынас және пропорция». Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік. Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару. Масштаб. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера;

  3. «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану». Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар. Санның модулі. Рационал сандарды салыстыру. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Рационал сандарды көбейту. Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Рационал сандарды бөлу. Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Мәтінді есептерді шығару;

  4. «Алгебралық өрнектер». Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Жақшаны ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Мәтінді есептерді шығару;

  5. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер». Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәтінді есептерді шығару;

  6. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері». Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Сан аралықтары. Санаралықтарының бірігуі мен қиылысуы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Мәндес теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу;

«Координаталық жазықтық». Жазықтық. Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер мен кесінділер. Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Центрлік симметрия. Осьтік симметрия;

  1. «Кеңістіктегі фигуралар». Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы;

  2. «Статистика. Комбинаторика». Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару.

  3. «Шамалар арасындағы тәуелділіктер». Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. Тура пропорционалдық және оның графигі.

  4. «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері». Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару.

  5. 5-6-сыныптардағы математика курсын қайталау.

Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.Әр бөлімше ішінде тізбектеліп жазылған оқыту мақсаттары мұғалімгеөз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды: «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ».
«Сандар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Сандар және шамалар туралы түсініктер;

  2. Сандарға амалдар қолдану.

«Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру,

  2. Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары;

  3. Тізбектер және олардың қосындысы.

«Геометрия» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік;

  2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;

  3. Метрикалық қатыстар;

  4. Векторлар және түрлендірулер.

«Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Жиындар теориясы және логика элементтері;

  2. Комбинаторика негіздері;

  3. Статистика және деректерді талдау.

«Математикалық» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару;

  2. Математикалық тіл және математикалық модель.

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



  1. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 6.2.1.4. кодында «6» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқыту мақсатының реттік саны.

  2. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:

1-бөлім. Сандар

1. Сандар және шамалар туралы түсініктер

5.1.1.

6.1.1.

5.1.1.1 - натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;
5.1.1.2 - тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;
5.1.1.3 - натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;
5.1.1.4 - натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;
5.1.1.5 - натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;
5.1.1.6 - жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;
5.1.1.7 - ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу;
5.1.1.8 - өзара жай сандардың анықтамасын білу;
5.1.1.9 - жай бөлшек ұғымын меңгеру;
5.1.1.10 - дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;
5.1.1.11 - аралас сан анықтамасын білу;
5.1.1.12 - өзара кері сандар анықтамасын білу;
5.1.1.13 - ондық бөлшек ұғымын меңгеру;
5.1.1.14 - ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;
5.1.1.15 - санның жуық мәні ұғымын меңгеру;
5.1.1.16 - пайыз ұғымын меңгеру;

6.1.1.1 - екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну;
6.1.1.2 - қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;
6.1.1.3 - қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру,есептер шығару;
6.1.1.4 - координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;
6.1.1.5 - масштаб ұғымын меңгеру;
6.1.1.6 - бүтін сан ұғымын меңгеру;
6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;
6.1.1.8 - рационал сан ұғымын меңгеру;
6.1.1.9 - санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу;

2. Сандарға амалдар қолдану

5.1.2.

6.1.2.

5.1.2.1 - натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;
5.1.2.2 - амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу;
5.1.2.3 - санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану;
5.1.2.4 - бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу;
5.1.2.5 - натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
5.1.2.6 - натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
5.1.2.7 - құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу;
5.1.2.8 - натурал сандардың бөлгіштерін табу;
5.1.2.9 - натурал сандардың еселіктерін табу;
5.1.2.10 - көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
5.1.2.11 - қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
5.1.2.12 - екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу;
5.1.2.13 - бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
5.1.2.14 - жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;
5.1.2.15 - жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру;
5.1.2.16 - жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;
5.1.2.17 - бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.18 - бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.19 - натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;
5.1.2.20 - аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.21 - жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;
5.1.2.22 - берілген санға кері санды табу;
5.1.2.23 - жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
5.1.2.24 - санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;
5.1.2.25 - бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;
5.1.2.26 - ондық бөлшектерді салыстыру;
5.1.2.27 - ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;
5.1.2.28 - ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;
5.1.2.29 - ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану;
5.1.2.30 - ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;
5.1.2.31 - ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану;
5.1.2.32 - ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;
5.1.2.33 - бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ;
5.1.2.34 - берілген санның пайызын табу;
5.1.2.35 - бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;
5.1.2.36 - берілген пайызы бойынша санды табу;

6.1.2.1 - сандардың қатынасы ұғымын меңгеру;
6.1.2.2 - берілген қатынасқа кері қатынасты табу;
6.1.2.3 - пропорция анықтамасын білу;
6.1.2.4 - пропорцияларды ажырату және құрастыру;
6.1.2.5 - пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;
6.1.2.6 - шамаларды берілген қатынаста бөлу;
6.1.2.7 - шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;
6.1.2.8 - бүтін сандарды салыстыру;
6.1.2.9 - координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;
6.1.2.10 - бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;
6.1.2.11 - рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;
6.1.2.12 - рационал сандарды салыстыру;
6.1.2.13 - таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;
6.1.2.14 - рационал сандарды азайтуды орындау;
6.1.2.15 - рационал сандарды көбейтуді орындау;
6.1.2.16 - рационал сандарды бөлуді орындау;
6.1.2.17 - рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;
6.1.2.18 - шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;
6.1.2.19 - рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;
6.1.2.20 - шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;
6.1.2.21 - шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру;
6.1.2.22 - рационал сандармен арифметикалық амалдардыорындау;
6.1.2.23 - тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру;
6.1.2.24 - координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу;



2-бөлім. Алгебра

1.
Алгебра-лық өрнектер және түрлен-дірулер

5.2.1.

6.2.1.

5.2.1.1 - қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;
5.2.1.2 - әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу;



6.2.1.1 - алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;
6.2.1.2 - айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;
6.2.1.3 - алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;
6.2.1.4 - айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтіндіде мағынасы бар болатынын түсіну;
6.2.1.5 - жақшаны ашу ережелерін білу;
6.2.1.6 - коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;
6.2.1.7 - алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау;
6.2.1.8 - тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу;
6.2.1.9 - алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;
6.2.1.10 - теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;
6.2.1.11 - өрнегінің геометриялық мағынасын түсіну;
6.2.1.12 - тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу;
6.2.1.13 - сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану.

2. Теңдеулер және теңсіздік-тер, олардың жүйелері және жиынтық-тары

5.2.2.

6.2.2.

5.2.2.1 - арифмети-калық амалдардың белгісіз компонент-терін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;
5.2.2.2 - теңдеудің шығары-луының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану;

6.2.2.1 - тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
6.2.2.2 - бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;
6.2.2.3 - бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;
6.2.2.4 - түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;
6.2.2.5 - тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
6.2.2.6 - теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану;
6.2.2.7 - сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;
6.2.2.8 - сан аралықтарды кескіндеу;
6.2.2.9 - сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу;
6.2.2.10 - түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;
6.2.2.11 - алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;
6.2.2.12 - теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;
6.2.2.13 - теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;
6.2.2.14 - бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;
6.2.2.15 - теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу;
6.2.2.16 - екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу;
6.2.2.17 - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігінің болуы;
6.2.2.18 - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну;
6.2.2.19 - теңдеулер жүйелесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

3. Тізбектер және қосынды-лау

5.2.3.

6.2.3.

5.2.3.1 - натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау;
5.2.3.2 - натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу;
5.2.3.3 - натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;
5.2.3.4 - бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау;
5.2.3.5 - бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу;




3-бөлім. Геометрия

1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік

5.3.1.

6.3.1.

5.3.1.1 - өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;
5.3.1.2 - шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;
5.3.1.3 - циркульдің көмегімен шеңберді салу;
5.3.1.4 - бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру,
5.3.1.5 - бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық );
5.3.1.6 - дөңгелек сектор ұғымын меңгеру;
5.3.1.7 - көпбұрыш ұғымын меңгеру;
5.3.1.8 - тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы түсінігі болу;



6.3.1.1 - координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;
6.3.1.2 - тік бұрышты координаталар жүйесін салу;
6.3.1.3 - реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну;
6.3.1.4 - координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;
6.3.1.5 - осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;
6.3.1.6 - осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;
6.3.1.7 - шар мен сфера туралы түсінігінің болуы

2. Геометриялық фигура-лардың өзара орналасуы

5.3.2.

6.3.2.

5.3.2.1 - фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару;

6.3.2.1 - параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;
6.3.2.2 - параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;
6.3.2.3 - кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;
6.3.2.4 - кескіні бойынша фигураны
ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;
6.3.2.5 - тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;

3. Метрика-лық қатыстар

5.3.3.

6.3.3.

5.3.3.1 - бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;
5.3.3.2 - градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу;
5.3.3.3 - бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару;

6.3.3.1 - координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу;
6.3.3.2 - шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;
6.3.3.3 - шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4 - дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

4. Векторлар және түрлендірулер

5.3.5.

6.3.5.




6.3.4.1 - вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу;



4-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы

1.
Жиын-дар теория-сы және логика элемент-тері

5.4.1.

6.4.1.

5.4.1.1 - жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру;
5.4.1.2 - жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу;
5.4.1.3 - берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін символдарын қолданып жазу;
5.4.1.4 - ішкі жиын ұғымын меңгеру;
5.4.1.5 - жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар);




2. Комби-натори-ка негіздері

5.4.2.

6.4.2.




6.4.2.1 - іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;

3. Статис-тика және дерек-терді талдау

5.4.3

6.4.3.

5.4.3.1 - дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу;
5.4.3.2 - дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;
5.4.3.3 - кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу;

6.4.3.1 - бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;
6.4.3.2 - статистикалық санды сипаттамаларды есептеу;



5-бөлім. Математикалық модельдеу мен талдау

1. Матема-тикалық модель-деудің көмегімен есептер шығару

5.5.1.

6.5.1.

5.5.1.1 - натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару;
5.5.1.2 - мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану;
5.5.1.3 - жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа);
5.5.1.4 - санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
5.5.1.5 - бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару;
5.5.1.6 - пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;
5.5.1.7 - Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару;
5.5.1.8 - әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану;
5.5.1.9 - мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану;

6.5.1.1 - шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару;
6.5.1.2 - пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;
6.5.1.3 - картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
6.5.1.4 - рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару;
6.5.1.5 - қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;
6.5.1.6 - мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;
6.5.1.7 - мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;



2. Матема-тикалық тіл және матема-тикалық модель

5.5.2.

6.5.2.

5.5.2.1 - жай бөлшектерді оқу және жазу;
5.5.2.2 - натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
5.5.2.3 - жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
5.5.2.4 - ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
5.5.2.5 - ондық бөлшектерді оқу және жазу;
5.5.2.6 – натурал сандарды салыстырудың нәтижесін белгілері арқылы жазу;
5.5.2.7 - натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу;
5.5.2.8 - жиындармен жұмыс істеуде символдарын қолдану;
5.5.2.9 - жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед);



6.5.2.1 - екі санның қатынасын оқу және жазу;
6.5.2.2 - пропорцияны оқу және жазу;
6.5.2.3 - шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;
6.5.2.4 - мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;
6.5.2.5 - шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;
6.5.2.6 - шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу;
6.5.2.7 - сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу;
6.5.2.8 - формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру;
6.5.2.9 - формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;
6.5.2.10 - шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу;
6.5.2.11 - тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру;
6.5.2.12 - сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу;
6.5.2.13 - тура пропорционалдықтың графигін салу;


Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Математика» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет