Негізгі терминдер мен анықтамалар


Сигналды шығарудың клеммалық платалары/гальваникалық шешу модульдері



бет16/21
Дата25.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#97289
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лекция- каз

4.5 Сигналды шығарудың клеммалық платалары/гальваникалық шешу модульдері
Мына функцияларды атқарады:
- іске қосуды реттеуші аппаратураның қоректену желілері мен басқару желілерін гальваникалық шешу;
- шығыс сигналдарын күшейту (кірістірілген модульдерде шығыс каскадтарының жүктеме мүмкіндігі аз болады). Ереже бойынша 200мА және 40 В аспайды
- жүктемедегі қысқаша тұйықталудан шығыс тізбектерін сақтау;
- потенциалды сигналдарды тоққа түрлендіру.
Ең ірі өндірушілер Crayhill, Analog Devices, Advantech, WAGO.
Мысалдар: Analog Devices фирмасының 0 – 5В 0 – 20мА-ге 5В39-03 түрлендіруші модулі, Advantech фирмасының PCLD-885 релелі коммутацияларының қуатты платасы.


4.6 Релелі және жартылай өткізгішті күшейткіш/коммутаторлар, сигналды түрлендірушілер
Шығыс сигналдарын күшейту функциясын орындайды (егер сигналды шығарудың клеммалық платаларының жүктеуші мүмкіндіктері орындаушы механизмді басқаруға жеткіліксіз болса), сонымен қатара сигналдарды бір типтен екіншіге түрлендіру үшін (мысалға электрлік басқару сигналдарын пневматикалыққа түрлендіруші электропневматикалық түрлендіргштер), мысалға 24 В дискретті электрлік сигналды 2 бар пневматикалыққа түрлендіретін электропневматикалық түрлендіргіш РДВ-2А (пневматикалық қималы (отсечным) клапанды басқару үшін).
ТП АБЖ берілген элементін таңдаудың негізігі критериилері болып төмендегілер табылады:
- Жүктілік қасиеттер. Күшейткіштің шығыс қуаты орындаушы механизм жетегін басқаруына ең аз дегенде 5-10%-қ қормен жетуі керек.
- Бірлік уақыттағы қосу мен өшіру саны (релелі күшейткіштер мен екі позиционды электропневматикалық түрлендіргіштер үшін).
- Басқарушы сигналды қою уақыты (жартылай өткізгішті күшейткіштер, жиілікті түрлендіргіштер мен көп позиционды (аналогты) электропневматикалық турлендіргіштер үшін).
- Сенімділік ресурсы. «тоқтауға» дейінгі жұмыс уақыты.
- Жөндеу жұмыстарына жарамдылық.
- Қолдану шарт-талаптары.
- Құны.
4.7 «Жоғары» деңгейлі ЭЕМ
Орталықтандырылған АБЖ «төменгі» деңгейлі компьютер (контроллер) деп аталатын негізгі компьютермен қатар, 1 немесе 2-3 «жоғарғы» деңгейлі компьютерлерден тұрады. Олар берілгендерді архивтеу сервері рөлін атқарады, сонымен қатар АБЖ мен ұйымның жергілікті жүйесімен байланыс орнатады, «төменгі» деңгей компьютерінде программалық қамтамасыз етуді енгізеді және реттейді.
«Жоғарғы» деңгейлі ЭЕМ ретінде IBM PC таңдалады, қарапайым офистік орындаудағы үйлесімді компьютер, процессоры «төменгі» деңгейлі компьютерге қарағанда қуаттырақ (Pentium III 733МГц төмен емес және ОЗУ 512 Мб, НЖМД 40Гб, НГМД – 3.5, CD-ROM).
Мониторды таңдау критериі болып пайдаланудағы ыңғайлылық табылады, улкен өлшемді графикалық ақпаратты кескіндеу мүмкіндігі, яғни ең жақсысы диагоналі бойынша 17 дюймнен кем емес және кадрлік ашылуы 75 Гц-тен төмен емес мониторды пайдалану.
4.8 Датчиктер
Датчиктерді таңдау кезінде түрлендірудің дәлдік критерилері, пайдалану шарттары және құнымен қатар шығыс сигналының сипаттамасына көңіл аударған жөн, және басқа да тепе-тең жағдайларда датчиктерді бірыңғайланған шығыс сигналдарымен таңдау керек:
- токты 0-5 мА, 4-20 мА;
- потенциалды0-5 В, 0-10 В, 0-2,5В;
- жиілікті 0-10 кГц.
Табиғи шығыс сигналымен датчиктерді пайдалану (термопара, кедергі термометрі, тензодатчик) мәнді, егер бұл датчиктермен сол технологиялық объектіде өлшеу құны бірыңғайланған шығыс сигналдары бар тура сондай датчиктермен өлшеу құнынан әлдеқайда төмен болса.
Ескерту: Өлшеу құны дегеніміз сатып алу, жеткізу, датчиктер мен байланыс каналдарын орнатуға кететін жалпы шығын. Техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тексеруге еңбекақылар.
Айта кететін бір мәселе, табиғи шығыс сигналдарымен датчиктерді пайдалану қиындыққа, сонымен бірге сигналды нормализатор элементтерінің қымбаттауына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет