Негізгі терминдер мен анықтамалар


АБЖ ТП ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ



бет8/21
Дата13.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#42881
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
3 АБЖ ТП ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ


3.1 Технологиялық процесстердің жүйелерін автоматтандыруан жобалауға тапсырма
- Өндіріс орнының аты және жобаның тапсырмасы (мысалға, «УМЗ» АҚ №1 цехының ФБА ерітіндісінің корректировкасы мен тазалау бөлімінің автоматтандыруы»).
- Жобалауға негіз (берілген автоматтандару объектісіне экономикалық мақсатқа лайық технико-экономикалық негіз).
- Автоматтандырылған жүйе жобасымен қамтылған өндірістер, цехтар, құрылғылар, егер әрбіреуінде арнайы шарттар болса оларды қарастыру қажет (мысалы, өртке және жарылысқа қауіпті орындар класы, мұндағы агрессивті, ылғалды, дымқыл, шаңданған қошаған орта және т.б.).
- Жобалаудың сатылылығы.
- Техникалық проектінің нұсқаларын дайындауға талаптар.
- Автоматтандырудың жоспарланған деңгейінің күрделі шығындарына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстарға және жобалау жұмысына шамамен алынған шығын.
- Автоматтандырудың деңгейі мен көлемі бойынша технологиялық процесті басқаруға және объектіні басқарудың құрылымын орталақтандыруға ұсыныстар (ол дегеніміз технологиялық процестің толық автоматтандырылуы қажет пе, кейбір технологиялық процесстердің шектерін жарым-жарты автоматтандыру немесе тек технологиялық объектінің бақылау жүйесін құрған жеткілікті ме және технологиялық процесстің жұмысы туралы мәліметтерді жинастыру).
- Орталықтандарылған және жергілікті басқару пунктерін, щиттерді және пульттерді орналастыруға ұсыныстар (диспетчерлер орны, цехтіктер, агрегаттықтар және т.б.).
3.2 Мәліметтер мен материалдар
- Құрылғылардың сипаттамалары, құбырдың ішкі диаметрлері және коммуникациялары, қабырғалар қалыңдығы және тұрбалардың материалдары бар технологиялық схемалар.
- Қажетті сипаттамалар мен талаптары бар бақыланатын және реттелетін параметрлер тізімі (ол дегеніміз технологиялық параметрлердің оптималды, анықталған және апаттық мәндері).
- Құбыр коммуникацияларының және технологиялық құрылғылар орналасқан бөлімшелердің сызбалары, оның ішінде щиттар мен пульттер орналасуға ұсынылған орында (план және кесу сызбасы).
- Технологиялық құрылғылар сызбасы, оның ішінде: автоматтандырудың құралдары мен приборлардың орналасуы, приборлардың құрылғыларымен бірге басқару жүйелеріндегі автоматтандыру құралдары комплект түріндегі сипаттамасы, щиттар мен пульттардың комплектілік сызбалары және т.б.
- Автоматтандырылған жүйелердің техникалық құралдарының орналасуы мен орнатылу орындарының құрылыстық сызбалары.
- Автоматтандыруды жобалау кезінде қолданылатын электроқозғаушыларды басқару, пусктік аппаратура және басқару бекеттерінің сызбалары.
- Шығын, қысым, су температурасы тұрбаларының диаметрлерінің көрсетумен сумен қамтамассыз ету сызбасы.
- Қысым, температура, ылғалдылық, және ауаның шаңдануы көрсетілген, ауаны тазалау және кептіру құрылғыларының бар екенін анықтаудың ауамен қамту сызбасы.
- Реттеуші органдардың, жіңішкерту құрылғыларының және сұрақ беттерін толтыру үшін қажет мәліметтер.
- Автоматтандыру жүйесіне сенімділік талаптары (анықталған уақыт мезетіндегі АБЖ ТП элементтердің мәндерді кабыл алмауының ықтималдығы, резервтеудің (екі еселенген резервтеу) қажеті бар ма жоқ па).
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстардың нәтижелері, олар басқару объектісінің динамикалық қасиетінің математикалық сипаттамасынан тұруы қажет. Егер осы математикалық тәуелділіктер белгісіз болса, онда жобалаудың тапсырмасында тәжірибеден немесе осы түрде жұмыс атқаратан құрылғылардың эксперименталды уақыт немесе жиілікті сипаттамалары немесе әрбір басқару каналында объектінің динамикалық сипаттамаларын графикалық түрде көрсететін сипаттама берілуі қажет (үдеу қисығы немесе АФЖС графиктері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет