Негізгі терминдер мен анықтамалар


Орталықтандырылған ТП АБЖ артықшылықтары мен кемшіліктері



бет17/21
Дата13.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#42881
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лекция- каз

4.9 Орталықтандырылған ТП АБЖ артықшылықтары мен кемшіліктері
Орталықтандырылған АБЖ жабдықтары ықшамдалған және кіріс пен шығыс сигналдарының көп санымен жергілікті технологиялық проуестердің автоматизациясы кезінде пайдаланылады. Орталықтандырылған АБЖ үшін программалық қамтамасыз етуді өндірген, ақпаратты енгізу/шығару құрылғылар жұмысын үйлестіру таратылған жүйелерге қарағанда оңайырақ. Орталықтандырылған АБЖ аппараттық құрал құны таратылған басқару жүйесінің аппараттық құралдарына қарағанда төмен.
Алайда орталықтандырылған АБЖ бірқатар кемшіліктері де бар, солардың ең бастысы – жүйенің төмен сенімділігі. Негізгі ЭЕМ істен шығуы толығымен технологиялық процесс қадамына бақылау жоғалуына әкеліп соқтырады. Бұл кемшілікті резервті ЭЕМ қолданумен және технологиялық процестерді қолмен басқару арқылы жоюға тырысады, алайда бұл шаралар жүйенің күрт қымбаттауына әкеледі. Сонымен қатар, дербес компьютер детерминделген уақыт аралықтарында басқарылу процесінде ешқандай оқиғаларға әсет етуге есептелмеген. ДК жұмысы кезінде операциялық жүйе немесе қолданбалы қосымша бөлшектер орталық процессорды жеткілікті ұзақ мерзімдерге (мысалы жұмыс тоқтап қалуларды өңдеу келесі жұмыстың тоқтап қалу мүмкіндіктеріне жол бермейді) блокадалайды. Мұндай жүйенің әрекеті технологиялық процестер үшін «апаттық» болып табылады. Сондықтан, өндірістік компьютерлер мен жұмыс станциялары немесе аппараттық (сторожевые таймеры), немесе нақты уақыттың қатаң тәртібінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программалық схемалардан тұрады.
Сонымен қатар орталықтандырылған АБЖ бірқатар басқа да кемшіліктерге ие:
- Орталықтандырылған жүйеде өткізгіш байланыстар саны ең аз дегенде таратылғанға қарағанда 3 есе артық. Ал қазіргі таңда кабельді өнім (мыс өнімдері) қымбаттауда, микропроцессорлы техника арзандауда. Бүгін көп жағдайда экономикалық тұрғыдан тиімді болып цех аумағында немесе бір аймақта бірнеше жергілікті контроллерлер немесе бір жүйеге біріктірілген объектімен байланысатын интеллектуалдық құрылғылар орнатқан есептеледі.
- Көптеген қилы клеммалар негізінде өткізгіштерді құрастыру қателігінің болу ықтималдығы жоғары және қателіктерді табу мен жөндеу қиындықтары.
- Басқару объектісінің құрамында тағы да бірнеше кіріс және шығыс каналдары пайда болғандағы жүйенің кеңейтілу қиындықтары. Салынып қойған кабельдерге жаңа байланыс сымдарын салу – оңай іс емес.
- Таралғанға қарағанда орталықтандырылған жүйенің тестілеу бойынша жұмысының, қолданысқа енуінің құны жоғары.

5 БЕРІЛГЕНДЕРДІ ЖИЮ МЕН БАСҚАРУДАҒЫ ТАРАТЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕР


Берілгендерді жию мен басқарудағы таратылған (көпдеңгейлі) жүйелер деп «төменгі» контроллерлер базасында құрылып (немесе өндірістік ЭЕМ), нақты уақыт режимінде жұмыс істеп және берілгендерді қабылдау және өңдеуді іске асырып, технологиялық процесті басқарып, сонымен қатар операторлық станция ролін ойнайтын бір немесе бірнеше «жоғарғы» деңгейлі ЭЕМнен, берілгендер базасынан, берілгендерді мұрағаттау серверінен, Ethernet және Internet желілері бойынша берілгендерді жіберу жүйесін айтады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет