Үйсін мемлекеті Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ – ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі.
Астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.
Негізгі территориясы Қазақстанның Жетісу өлкесі Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстық көлге дейінгі аумақты алып жатты.
Үйсін мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты.
Астанасы
Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған.
Ол Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі
Гуньмо (күнби)
Үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған.
Мәдениеті Алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар;
орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар
соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар
Бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрлерінде, жасалуында ерекшеліктер болған.
Мал, егін шарушылығымен
қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеген.
Қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыған.
Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасаған..
Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыған.
Үйсіндердің салт-дəстүрі Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген.
Адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген.
Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген.
Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі.
Ер адамдардың жанына сауыт-саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
Діни нанымдары Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.
Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін:
тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені
адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені
құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.