«Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік»


«Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Балақайым! Аллаһқа серік қосушы болма! Негізінде серік қосу үлкен зұлымдық» деді»



бет2/2
Дата24.09.2022
өлшемі17,69 Kb.
#40075
1   2
Байланысты:
Лұқман Хакім

«Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Балақайым! Аллаһқа серік қосушы болма! Негізінде серік қосу үлкен зұлымдық» деді».
Әр бір әке өз ұлын жақсы көргендігі, жақсылықты қалағандығы себепті жақсылыққа үгіттеп отырады. Құранда "لإبنه" «ли ибниһи» яғни ұлына үгіт бере отырып дей келе, артынша «ибн» сөзінің орнына «бунай» деп қолданады. Бунай ибн сөзінің кішірейтілген, еркелеткен түрі. Балақайым, кішкентайым деген мағыналарға жақын келеді. Балақайым деген сөз кішкентай баланы өзіне жақындатуды, құрметтеуді білдіреді. Балақайым (бунай) сөзі араб тіліндегі сөздің кішірейтілген формасы. Нәзіктілікті білдіреді. Лұқман біріншіден баласын серік қосудан сақтандырып отыр. Себебі серік қосу үлкен кешірілмес қателіктерден.
Ең үлкен әділетсіздік ол Жаратушыны Өзінің жаратылыстарымен немесе бұттармен теңестіру. Бұл даналыққа жат нәрсе. Зұлымдық ол біреудің құқын мойындамау және әділетсіз әрекеттер. Көпқұдайшылық зұлымдықтың бір түрі. Көпқұдайшылық – үлкен қателік, себебі адам кей кезде әлдебір жаратылысты өзінің Жаратушысымен тең қойып қояды. Бұттар ешнәрсе жарата алмайды, оған (табынушы адамға) мына жалған дүниеде рахаттана алатындай ешбір жақсылық істей алмайды. Жаратушының адамдарға байланысты ақысы тек қана Өзіне құлшылық етулері.
«Балақайым! Тарының салмағандай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде немесе жерде болса да Аллаһ оны (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Расында Аллаһ өте жұмсақ әрі толық білуші».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет