Постнатальдық дамудың үш «критикалық периоды» немесе «жастық кризисін» ажыратады.
Жасы
Өзгеретін фактор
салдары
2 -4 жасқа дейін
Ішкі әлеммен қатнасы сферасының дамуы,
Сөйлеу формасының дамуы,
Санасының дамуы.
Тәрбие талабының жоғарлауы,
Қимыл әрекетінің жоғарлауы.
6-8 жасқа дейін
Жаңа адамдар,
Жаңа достар,
Жаңа жауапкершілік
Қимыл әрекетінің төмендеуі.
11-15 жасқа дейін
Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен қызметінің артуына байланысты гормоналдық баланс бұзылады.
Қарым –қатынас кеңістігі ұлғаяды
Жанұясы және мектеппен Конфликт,
Ашушаңдық мінез.
Жүйке тінінің қалпына келуі
Жүйке тінінің қалпына келу қабілеті өте төмен екені белгілі. қалпына келу үрдістері орталық жүйке жүйесінде жүрмейді. Ол жерде микроглияның, басқадай жасушалардың көмегімен зақымданған аймақ тазартылады, астроциттердің есебінен глиалдық тыртық түзіледі.
Жүйкенің қалпына келуінде Шванн жасушалары (нейролеммоциттер) маңызды орын алады. Шеткері жүйкелердің құрамындағы миелинді талшықтарда қалпына келу аз мелшерде жүреді. Бipaқ оның өтyi үшін бірнеше жағдайдың болуы керек. Атап айтсақ:
ерте бастан шектелген физикалық жүктемелер мен емдік массаждар.
Көбінесе біз нейроциттерде «жасушаішілік калпына келу» үрдістерін байқаймыз. Жасушаларда ескірген, зақымданған органеллалардың қалпына келуі қарқынды түрде жүріп отырады. Нейроциттерде бұл үрдістерді қамтамасыз ететін түйіршікті эндоплазмалык тор, Гольджи кешені, көптеген митохондриялар жақсы дамьп жетілген.