2-сурет – Нейронның математикалық модельі
Бұл модель үш кіріс (дендерриттер) бар нейронды сипаттайды, онда
синапстардың 𝑤1, 𝑤2, 𝑤3 салмақтары бар, оларға сәйкес 𝑥1, 𝑥2, 𝑥3 күші
тиісінше сәйкес келеді.
Алынған жиынтық импульс x=𝑥1𝑤1+𝑥2𝑤2+𝑥3𝑤3 нейрон F(x) өткізу
функциясына сәйкес түрлендіреді.
y = f(x)=f(𝑥1𝑤1+𝑥2𝑤2+𝑥3𝑤3) – шығу импульсінің қуаты. Қорытындылай
келе, кіріс түрінде 𝑥𝑘 (вектор) сандар жиынтығын аламыз. Содан кейін нейрон
шығу кезінде кейбір санды береді. Жасанды нейрон келесідей көрінеді: оның
кіруіне көптеген сигналдар түседі, олардың әрқайсысы бір мезгілде басқа
нейронның шығуы болып табылады. Мұндай кіріс тиісті салмаққа көбейтіледі,
содан кейін туындылар нейронды белсендіру деңгейін анықтайды. Бұл идеяны
іске асыратын модель 3-суретте көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |