Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет143/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
233 
мүмкін. Егер мен темпераментті батыл адам болсам не 
істеймін? " Не дегің келіп тұр?"-деп конфликтке шабуыл 
жасаймын. Егер мен шекарам жоқ әлсіз адам болсам не 
істеймін? Мен үндемеймін. Өтірік күле саламын. Бірақ 
өкпелеймін, өз-өзімді басамын. Бұл менің әлсіздігім. Мен 
психологияны білетін адам болсам не істеймін? Жәй ғана 
суық жүзді боламын. Суық жүзді болуда эмоция жоқ, бірақ 
көзіңнен бәрі көрініп тұру керек. Ұрысып конфликт 
шығарудың керегі жоқ. Салқын жүзді танытқаннан кейін 
барлығы күліп жатса да, сізге қалжыңдаған адам өзінің 
кінәсін түсінетін болады. 
Мысалы, күйеуіңіздің туған ағасы сізге артық сөз 
айтып қойса, біз оны көтере алмаймыз. Егер сіз оның 
туысымен оның көзінше ұрысатын болсаңыз, конфликт 
тудыратын сөз айтсаңыз немесе сіздің енеңіз ауыр сөз 
айтып, сіз оған жауап беріп, әрі қарай кетіп қалса, еркек 
соны көрсе, онда ол сізді жау көреді. Неге? Себебі, өзінің 
анасын қорғау керек деген инстинкт оянады. Сіздікі 100% 
дұрыс болса да, еркек сіздің жаныңызда тұрмайды. Еркек 
әрқашан өзінің шекарасындағы адамдарды қорғайды. 
Бірақ сіз сол шекараның ішіндегі адамға қарсы шықсаңыз, 
бөтен болып қаласыз. Менде бір ситуация болған. Күйеуім, 
қайын інім үшеуміз ас үйде отырдық. Мен тамақ жасадым. 
Қайын інім тамақты жеп алып айтады "осыма супер дәмді 
тамақ дегенің, мен бұданда дәмді жасай аламын ғой",-деді. 
Әрине, бұл сөз маған ұнаған жоқ. Мен "керек болса өзің 
жасап ал, ұнамаса жемей-ақ қой, жеп алып неге олай айтып 
отырсың?"-деп айтқым келді. Себебі, біздің тіліміз сондай 
сәтте қышиды ғой. Бірақ мен егер қазір оның інісіне солай 
айтатын болсам, күйеуімде қорғаныш позициясы 
оянатынын білдім. Сол үшін мен оған тек салқын жүзді 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет