Некеден кейін әйел бақыты
136
әңгімесін сізге келіп айтып бергенін байқамай қалатын
боласыз. Біріншіден, өзімнің күйеуім жайлы айтқым келіп
тұр. Күйеуім жабық адам. Ол менен, анасынан және бір-екі
досынан басқа ешкімнің алдында ашылып әңгіме айтып,
түбіндегі құпияларымен бөліспейді. Әңгімеге келгенде
бірден сөйлесіп, кіріп кете алмайды. Қыз бен жігіт болып
сөйлесіп жүрген кезде менімен де олай болған жоқ. Қыз
бен жігіт болып жүргенде мен көп сөйлейтінмін. Бірақ
психологияны оқып бастағанда, коммуникациялық
фишкаларды жайлап қолдана бастадым. Мұның жұмыс
жасап жатқанын күйеуімнің өзі байқамай қалды.
Ең бірінші қадам—первый пас деп аталады. Бұл
техникаларды
тек
күйеуіңізге
ғана
емес,
тіпті
достарыңызға, енеңізге, абысыныңызға да қолдана аласыз.
Бұл шамамен 80% адамның сеніміне кіруге көмектеседі.
Бірінші қадамда күйеуіңізге тек ол ғана білетін, басқа
ешкім білмейтін құпияны айтып бастау. Яғни, ол құпияны
сіздің енеңіз де, құрбыңыз да, басқа ешқандай адам да
білмеуі керек. Екеуіңіз жеке қалғанда, далада қол ұстасып
қыдырып бара жатқан кезде немесе кешке жақын екеуіңіз
ғана оңаша қалған кезде құпияңызбен бөлісетін болсаңыз,
күйеуіңіздің санасында "маған ғана айтылған нәрсе, демек
мен ол адам үшін өте ерекшемін, егер ол маған сенім артып
тұрса, демек мен де оған сене аламын" деген ой болады.
Мұны бірнеше рет қайталау керек. Бірінші қадам мен
екінші қадам бір-бірімен өте байланысты. Екінші қадам—
құпияны айтқан кезде, міндетті түрде эмоцияны қосу
керек. Бірінші мысал эмоциясыз болады: "Кішкентай
кезімде құлағым үшін сыныптастарым мазақтай беретін".
Яғни эмоция жоқ, жай ғана факт айтып жатырсыз. Екінші
мысал—эмоцияға беріліп айтылатын мысал. «Мен студент