Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
183
Енді жұмсақ әйел жайлы сөз қозғайық.
Бұндай әйел тұйық, ыңғайлы, әлсіз, әрдайым
кешіре біледі, кешірім сұрай алады, күйеуінің
барлық қажеттіліктерін орындайды. Күйеуі ол
әйел үшін ең басты авторитетті адам,
бірақ ол
авторитет әйелді үнемі кемсітеді, өзінің самооценкасын
сол әйелді төмендету арқылы көтереді. Боқтайды, ұрады,
үйге қамап қояды, барлығына шектеу қояды. Сонда да әйел
ондай еркектен ешқашан кетпейді, күйеуі ол үшін идеал.
Күйеуінің мұндай қорлығына өзін ғана кінәлі санайды.
Өзін күйеуіне лайық емес
сезінгендіктен ештеңе істей
алмайды.
Мұндай әйел тек ер адамға ғана емес, өзін қоршаған
туысқандарына,
құрбыларына, мамасына, баласына
ыңғайлы әйел болады. Таңдау жасай алмайды. Оның
өмірін әрдайым
басқалар басқарғысы келеді, әсіресе
күйеуі. Ондай әйелге өзгеруге ұсыныс жасасаң,
жауапкершілікті үнемі басқаға аударады. «Енем маған бос
уақыт бермейді, күйеуім рұқсат бермейді, ақшам жоқ» деп
басқаға ысыра салады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: