Некеден кейін әйел бақыты


Қатты әйелдің күйеуі әйелі жайлы не ойлайды?



Pdf көрінісі
бет115/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   173
Қатты әйелдің күйеуі әйелі жайлы не ойлайды? 
«Менің әйелім әрдайым маған сыни көзқараспен 
қарайды. Менің бойымнан қателік іздеп отырады. 
Әрдайым критика жасайды. Тыныштық бермейді. Еркін 
отырып футбол қарауға мүмкіндік бермейді. Футбол 
ойнауға кетсем де мазаны ала береді. Жылулықты мүлдем 
көрмеймін. Бір аузын ашса мың сөз айтады. Оның қасында 
еркін отыру мүмкін емес. Сөз таластырып, өзіңдікін 
дәлелдеу де мүмкін емес» 
Ер адамдар осылай ойлайды. Тіпті іштей әйелінен 
қорқады. Маған консультацияға келген сондай әйелдерден 
мен де қорқамын. Артық сұрақ қою мүмкін емес. Өзінікін 
қалай да дәлелдеп, күйеуін төмендетеді. Күйеуінің әр 
кемшілігін айтудан алдына жан салмайды. Күйеуіңіз 
осындай жаман болса неге кетіп қалмайсыз десем, «менсіз 
ол өмір сүре алмайды, үйді асырап отырған мен, оның 
бүкіл әрекетін мен айтып отырамын» дейді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
183 
Енді жұмсақ әйел жайлы сөз қозғайық. 
 
Бұндай әйел тұйық, ыңғайлы, әлсіз, әрдайым 
кешіре біледі, кешірім сұрай алады, күйеуінің 
барлық қажеттіліктерін орындайды. Күйеуі ол 
әйел үшін ең басты авторитетті адам, бірақ ол 
авторитет әйелді үнемі кемсітеді, өзінің самооценкасын 
сол әйелді төмендету арқылы көтереді. Боқтайды, ұрады, 
үйге қамап қояды, барлығына шектеу қояды. Сонда да әйел 
ондай еркектен ешқашан кетпейді, күйеуі ол үшін идеал. 
Күйеуінің мұндай қорлығына өзін ғана кінәлі санайды. 
Өзін күйеуіне лайық емес сезінгендіктен ештеңе істей 
алмайды.
Мұндай әйел тек ер адамға ғана емес, өзін қоршаған 
туысқандарына, құрбыларына, мамасына, баласына 
ыңғайлы әйел болады. Таңдау жасай алмайды. Оның 
өмірін әрдайым басқалар басқарғысы келеді, әсіресе 
күйеуі. Ондай әйелге өзгеруге ұсыныс жасасаң, 
жауапкершілікті үнемі басқаға аударады. «Енем маған бос 
уақыт бермейді, күйеуім рұқсат бермейді, ақшам жоқ» деп 
басқаға ысыра салады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет