Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет162/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
263 
қадамға баруға рұқсат еткен. Ең бастысы, енді ешқашан да 
бұл қателікті қайталамауға тырысыңыз. 
Енеңізге күйеуіңізбен қатынасыңызды 
айту дұрыс па? 
 
 
Ер адам да, әйел адам да ата-енеге арадағы ұрысты
жеке әңгімені айтпауы керек. Жақсы әңгіме болсын, 
керісінше ұрыс болсын, енеге айту-үлкен қателік. Сіздерге 
өзімнің тәжірибемнен бұл қателікті айтып отырмын. 
Бірнеше рет аузымнан күйеуіме ренжіп қалғанымды айтып 
қалғанмын, енем үндемеген, немесе менің жағымда 
болғандай күй көрсететін. Бірақ бір күні енемнің ренжіп 
айтқаны бар: «Мен мына ұрыстан шаршадым, кетемін. 
Қабақтарың ашылмайды, сол үшін жүрегім ауырады» деп 
қалды. Негізі күйеуіммен бір мәселені шешіп жатсақ, 
ешқашан адамдардың көзінше ұрыспайтынбыз. Қателік 
менен ғана болды, эмоция үстінде күйеуім жайлы ойымды 
енеме айтып қалатынмын. Енем арадағы ұрысты естімесе 
де менен біліп отырды ғой, сол үшін күйеуімнің көңілсіз 
болуын көтере алмайтын. Дәл сол күні өзіме сөз бердім, 
«күйеуім жайлы тек қана жақсы сөз айтамын» дедім. 
Ананың жүрегі бәрібір жұмсақ болады. Баласының 
қылығы дұрыс емес екенін білсе де, анасы баласының 
жағында болады. Ақылды, дана енелер жастарды 
татуластыруға тырысады. Менің енем дәл солай істейтін, 
күйеуіме смс жазып, менен кешірім сұрататын, бірақ дана 
емес енелер, керісінше жастардың ұрысқанына қуанатын 
болады. Себебі ондай ененің ойында «келіннің орнын 
басу» жайлы идея бар. Сізге сол үшін мұқият болу керек. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
264 
Енеңізге күйеуіңізбен араңызды айтпауға тырысыңыз. Егер 
қызғаншақ ене болса, келесі бөлімді оқыңыз. Ал енеңіз 
дана, ақылды болса, онда енеңізге тек күйеуіңіздің жақсы 
қасиеттерін айта беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет